Қоғамдық талқылау

2025 жылғы 6 қазаннан бастап Қазақстанда жаңадан әзірленген оқулықтарды қоғамдық талқылау өтуде. Бастамашысы – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы.

Қоғамдық талқылаудың басты мақсаты – жаңа оқу материалдарының мазмұны, құрылымы, әдістемелік тәсілдері, сондай-ақ тілі мен безендірілуі туралы педагогтар, әдіскерлер және жалпы қоғамның пікірлерін жинау.

Талқылауға білім берудің әртүрлі сатысына арналған оқулықтар шығарылды. 4-сыныпта қазақ тілі (Т1 және Т2), орыс тілі, қазақ және орыс тілдеріндегі математика, «Дүниетану», сондай-ақ әдебиеттік оқу оқулықтары бар. 7–10 сыныптарға арналған алгебра, химия, биология, физика, география, француз тілі, құқық негіздері және дүниежүзі тарихы оқулықтарының жаңа нұсқалары ұсынылды.

📖 Қоғамдық талқылау онлайн-форматта өтуде, бұл Қазақстанның барлық өңірлерінің өкілдеріне тұрғылықты жеріне қарамастан қатысуға мүмкіндік береді. Осылайша, бұл үдеріс мұғалімдерді, ғалымдарды, әдіскерлерді және мектеп оқулықтарының сапасына мүдделі барлық қазақстандықтарды біріктіреді.

Общественное обсуждение учебников

С 6 октября 2025 года в Казахстане проходит общественное обсуждение вновь разработанных учебников. Инициатором выступает Республиканский научно-практический центр экспертизы содержания образования Министерства просвещения РК.

Главная задача обсуждения — собрать мнения педагогов, методистов и широкой общественности о содержании, структуре и методических подходах, а также о языке и оформлении новых учебных материалов.

На обсуждение вынесены учебники для разных ступеней обучения. В 4 классе это казахский язык (Т1 и Т2), русский язык, математика на казахском и русском языках, «Дүниетану / Познание мира», а также литературное чтение. Для 7–10 классов представлены новые учебники по алгебре, химии, биологии, физике, географии, французскому языку, правоведению и всемирной истории.

📖 Общественное обсуждение проводится в онлайн-формате, что позволяет участвовать представителям всех регионов Казахстана, независимо от места проживания. Таким образом, процесс объединяет педагогов, ученых, методистов и всех казахстанцев, заинтересованных в качестве школьных учебников.

Прокрутить вверх