ҮОБ Жаратылыстану 1-4-сынып

3 комментария к “ҮОБ Жаратылыстану 1-4-сынып”

  1. Шаргабаева Жанаргул Сагынбаевна

    Жаратылыстану пәні бойынша «1.1.1.1 қоршаған орта нысандары мен құбылыстарын зерттеу кезінде ашқан жаңалығы туралы әңгімелеу» оқу мақсаты бірінші сынып оқушыларына өте ауыр. Ол әлі Әліппені оқып отырған бала қалай жаңалық ашады? Осы оқу мақсатын түзету керек. 3) заттар және олардың қасиеттері: осы тараудың оқу мақсаттары ОМ жүйесінде жоқ. Жазылмаған

  2. Шаргабаева Жанаргул Сагынбаевна

    Жаратылыстану пәні бойынша «1.1.1.1 қоршаған орта нысандары мен құбылыстарын зерттеу кезінде ашқан жаңалығы туралы әңгімелеу» оқу мақсаты бірінші сынып оқушыларына өте ауыр. Оны былай өзгертуге болмай ма? «1.1.1.1 қоршаған орта нысандары мен құбылыстарын бақылау кезінде байқаған құбылыстарды әңгімелеу» деп. Өйткені бірінші сыныпта сабақ мақсатына айналдырған кезде бала зерттеу әдісінің қай түрін қолдануы керек? Мен бақылау әдісін ұсынар едім. Өйткені айналаны бақылауға баулимыз. Бақылау арқылы баланың дүниетанымын кеңейте отырып, айналаны зерделеуге дағдыландырамыз.

    3) заттар және олардың қасиеттері: тарауы 1-сынып білім алушылары үшін қажет, Өйткені білім алушылар заттар мен оның қасиеттерін 1-сыныпта білуі керек. Олар Заттар мен олардың қасиеттері туралы түсінік қалыптастырып алмай, бірінші сынып оқушыларына «астрономияны ғылым ретінде тану» оқу мақсаты қалай жүзеге асады? Біз білім алушыларымыздың даму деңгейіне сай жеңілден ауырға қарай болуы тиіс еді. Практик мұғалім ретінде қолданыстағы бағдарламадан айырмашылық көріп отырған жоқпын.

  3. Бабаева Кумри

    3 сынып 3 тоқсанда 3.4.1.1 серпімділік күші 3. 4. 1 .2 ауырлық күші 3. 4. 1. 3 сияқты ұғымдар физика пәніне тиісті ережелер. Физиканы балалар 7 сыныпта оқийды .Бұл тақырыптар 3 сынып үшін күрделі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх