1.1.1.1 — қоршаған орта нысандары мен құбылыстарын зерттеу кезінде ашқан жаңалығы туралы әңгімелеу
«Зерттеу» және «жаңалық ашу» ұғымдары бірінші сынып оқушысының психологиялық даму деңгейіне сәйкес келмейді.
Оқушы зерттеу әдісінің түрлерін меңгеруге дайын емес.
Бірінші сыныптағы басты міндет — байқағыштықты, бақылау мәдениетін, табиғатты тануға қызығушылықты қалыптастыру, ал жаңалық ашу деңгейі тым жоғары.
3-сынып мазмұнындағы күрделі ұғымдар туралы ұсыныстар
(3.4.1.1 серпімділік күші, 3.4.1.2 ауырлық күші, 3.4.1.3 үйкеліс күші)
Бұл тақырыптар — физика пәнінің арнайы ұғымдары, оларды терең меңгеру 7-сыныптан басталады.
3-сынып оқушылары үшін «күш», «серпімділік», «үйкеліс», «ауырлық» сияқты терминдер абстрактылы және жас ерекшелігіне сай емес.
Баланың танымдық даму деңгейінде нақты тәжірибелер қажет, ал бұл ұғымдар үшін теория басым.
Кажигалиева Жанат Башариновна
«Дүниетану» пәні бойынша ҮОБ Жаңа ГОСО-ның (23.01.2025) *Білім мазмұнына қойылатын талаптар* деген 2-тарауының 25-тармағында қарастырылған «Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұнына сәйкес келмейді. Онда «білім алушыда ар-ождан, абырой, мейірімділік қасиеттерін, Отанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға; өзінің жергілікті, ұлттық және жаһандық қауымдастықтағы орнын түсінуге; ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды ұғынуға; отбасы мен қоғамдағы қарым-қатынас мәдениетіне; әлеуметтенуге; өз халқының және әлем халықтарының мәдениетіне құрметпен қарауға; өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуге; бастапқы құқықтық және қаржылық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруға; қауіпсіздік негіздерін меңгеруге бағытталған» деп көрсетілген.
Алайда жаңа оқу бағдарламасында авторлар ГОСО-да қарастырылмаған:
– «Тарихқа кіріспе» бөлімі (Көне қалалар мен ескерткіштер; Қазақстан аумағындағы көне жазбалар; әл-Фарабидің өмірі және т.б.);
– «Табиғат құбылыстары» бөлімі, оған Қазақстанның ірі өзендері мен көлдері; көкжиек тұстары; ауа райы; өңірдің табиғи жағдайлары; табиғаттағы маусымдық өзгерістер және олардың адам өміріне әсері туралы материалдар кіреді;
– «Қоршаған әлем», «Табиғаттағы маусымдық өзгерістер», «Ежелгі адамдардың өмірі. Ежелгі қалалар мен тарихи ескерткіштер», «Табиғат — тіршіліктің көзі», «Мен табиғатты зерттеймін», «Ежелгі мәдениет», «Қазақстан табиғаты және оның ерекшеліктері», «Қазақстанның климаттық ерекшеліктері» деген тақырыптар енгізілген.