Сәлеметсіздер ме! Мына жердеге диктанттардағы сөз саны көп болады 6-сыныпқа 95-100
7-сынып 100-110
8-сынып 110-120
9-сынып 130 болса жақсы
Жазира Утешова
Жобамен толық келісемін. Көңілге қонымды
Санду
Берілген оқу мақсаттары дұрысталыпты. Жазба жұмыстарын атап көрсеткені тиімді. Бесінші сынып үшін бірінші тоқсанда тек Фонеьика қарастырылса; одан соң жалғау түрлеріне қатысты оқу мақсаттарын жүйелеген дұрыс
Төлеубек
Жобаман толық келісемін. Әр сыныптағы балалардың жас ерекшеліктеріне, тілді түсіну деңгейлеріне негізделіп жасалған — өте жақсы жоба. Қазіргі жастардың сөйлеу тілінде ерін үндестігі мүлде ескерілмейтіндіктен, қазақ тіліндегі еріндік әуез жойылып барады. Осы мәселе де жобада нақты қаралғаны дұрыс.
Джуманова Светлана
Оқу мақсаттары бұрынғы. Оңтайландырылған оқу мақсаттары салынбаған. Мақсатты дұрыс қою керек.
Нуржанова Айгул
Жобамен толық келісемін. Берілген оқу мақсаттары көңілге қонымды. Жазба жүмыстарын анық көрсеткен дұрыс.
Бибигул Тулеуова
Бағдарламаны жетілдірудің орнына күрделенген. Кеңес заманындағы грамматиканы оқытуға қайтып апарыпты. Оқу мақсаттары тым шұбалаңқы. Бір мақсат жарты бет дерсің. Мақсатқа жету үшін әдетте оны оқушыға таныстырамыз, ал мына мақсаттарды таныстырудың өзіне бір сабақ кеткелі тұр. Бұл бағдарлама мақұлданатын болса, мұғалімдерді қайта даярлауға тура келеді. Ол — қыруар қаржы. Мына бағдарлама бойынша жазылатын оқулық барлық жұмыс түрлерін қамтитындай, жоғары сапада болу керек. Тек оқулық емес, мұғалімге арналған әлістемелік құралы, қосымша ресурстар базасы болу керек. Оқулығы жоқ бағдарлама мұғалімді қинау.
Өркен Хафиз
Күрделенген тым! Қарсымын
Шынар
Әр пән өзінің басты заңдылықтарын оқытуы керек қой! Біздің Қазақ тілі пәні жаратылыстану, табиғаттану, жаһантану болып кетіп еді. Оқушының функционалдық сауаттылығы түрлі тақырыптағы мәтіндердің мазмұнын талқылау арқылы дамымайды. Қазір тіпті эссе жазған баланың орфографиялық қатесіне көз жұма қарайтын жағдайға жеттік! Бағдарламаның қазақ тілінің заңдылықтарын жүйелі түрде оқытуға бағытталуы дұрыс болған. Сол кезде ғана оқушы тілдің басты ерекшеліктерін танып, түсініп, дұрыс қолдана алатын болады. Ұсынылып отырған Бағдарлама тілдік бірліктерді қай жерде қалай сауатты қолдану керектігін түсіндіріп, өз мәтінін құрастыру мақсаттарын көздейді. Қолдаймын!
Қамбар
Бағдарлама тілдің табиғи болмысын тануға, грамматикалық жүйені функционалдық тұрғыда меңгертуге бағытталғаны қуантады. Бағдарлама мазмұны ұлттық құндылықтар мен тілдік сананы ұштастыра отырып, оқушыны ойлы, сауатты, мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруды көздейді. Бұл – қазақ тілін оқытудың сапалық жаңа деңгейі деп санаймын. Тіл үйрету үдерісі оқушының өмірлік дағдысымен және ұлттық дүниетанымымен сабақтастырылғаны өте құптарлық. Грамматикалық білім мен тілдік қатысымның үйлесімді берілуі – оқушының тілдік санасын дамытудың тиімді жолы. Тілді тек пән емес, ұлттық болмыстың негізі ретінде таныту бағытын толық қолдаймын.
Салтанат
Бағдарламада тілді ұлттық құндылық ретінде оқытуға, бағалауға басымдық берілген. Базалық білім мазмұны да талапқа сай. Жеңіл тілмен түсінікті, анық жазылған. Берілген лексикалық тақырыптар да, мәтіндер де қазақтың ұлттық тілі, мәдениеті, әдебиеті, тарихында жақын, ұлттық құндылықтарға бағытталған. Мектеп оқушыларына қазір мектепте оқытылды жүрген «Қазақ тілі» пәнінен тілге қатысы жоқ басқа ғылым салаларына қатысты мәтіндерден гөрі осындай тілмен етене байланысты мәтіндердің енгізілуі өте орынды деп есептеймін. Тапсырмалар да түрлендіріліп, ойға, көңілге қонымды, тартымды етіп ұсынылған. Осы бағдарламаны толық қолдаймын.
Aksuirik Birayak
Жобамен келісемін!
Айгерім
Бағдарламаны толық қолдаймын👏🏻
Лайла
Бағдарламаны қолдаймын
Ранна
Оқулық ұнады,жобамен келісемін ,қолдаймын!
Диляра Коргауова
Әр пән – өз заңдылықтарын оқытуы тиіс. Қазақ тілі пәнінің негізгі мақсаты – тілдің құрылымы мен заңдылықтарын жүйелі меңгерту. Соңғы жылдары бұл пәннің мазмұны жаратылыстану, табиғаттану, жаһантану сияқты бағыттарға ауысып, тіл үйретудің өзегі көмескіленіп барады. Функционалдық сауаттылық – түрлі тақырыптағы мәтінді талқылаумен емес, тілдік нормаларды дұрыс меңгерумен қалыптасады.
Қазір оқушылардың эссе жазуда орфографиялық және пунктуациялық қателеріне көз жұма қарау қалыпты жағдайға айналды – бұл тіл мәдениетінің әлсіреуінің айғағы. Ал шын мәнінде, тілдің заңдылықтарын терең түсінген оқушы ғана өз ойын сауатты, әсерлі, жүйелі жеткізе алады.
Сондықтан жаңа бағдарлама тілдік бірліктерді дұрыс қолдануға, мәтінді сауатты құрастыруға бағытталғаны қуантады – бұл қадам қазақ тілін оқытудың шынайы мақсатына оралу деп есептеймін. Қолдаймын!
Ранна
Жобаны қолдаймын , оқулық ұнады
Айжан
Жобамен келісемін
Нурайла
Бағдарламаны қолдаймын! Тамаша!🔥🙏🏽👏🏻
Мадира
Қазақ тілі пәні ең алдымен тілдің табиғатын, заңдылықтарын және жүйесін меңгертуді мақсат етуі керек. Соңғы жылдары пән мазмұны жаратылыстану, экология, жаһандану сияқты тақырыптарға тым бейімделіп кетті. Нәтижесінде тілдің өзін үйрету екінші орынға ысырылды. Оқушының функционалдық сауаттылығы – алдымен сауатты сөйлеу мен жазудан басталуы тиіс. Ал біз кейде мазмұн талқылауға көп мән беріп, тілдік нормаларды ескермеуді қалыпты жағдайға айналдырып алдық. Сондықтан жаңа Бағдарлама қазақ тілін жүйелі, ғылыми негізде меңгертуді мақсат етуі өте орынды деп санаймын. Тілді құр жаттап емес, қолдана отырып үйренуге басымдық берілгені қуантады. Толықтай қолдаймын!
Ұлпан
Қолдаймын
Еркежан
Қолдаймын🔥🔥🔥🔥
Аружан
Жоба жақсы жазылған. Қолдаймын!
Ақерке
Бағдарлама оқушының тіл, оқу сауаттылығын жақсартатыны сөзсіз, қолдаймын!
Марал
Қазақ тілі пәнінің басты мақсаты тілдің табиғатын, оның ішкі заңдылықтары мен құрылымдық жүйесін меңгерту болуы тиіс. Соңғы жылдары пән мазмұны түрлі тақырыптық бағыттарға, экология, жаһандану, мәдениет сияқты салаларға ауысып, тілдің өзегін үйретуден алыстап кетті. Бұл, өкінішке қарай, оқушылардың тілдік сауаттылығына кері әсерін тигізіп отыр. Тілдің грамматикалық құрылымын, орфографиялық және пунктуациялық нормаларын жүйелі түрде оқыту функционалдық сауаттылықтың да негізі. Дәстүрлі бағдарламада тілдің барлық қыры айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым нақты қамтылып, әр бөлімге қатысты ережелер анық көрсетілген болатын. Сондай-ақ өмірден алынған мысалдар арқылы оқушылар табиғаттың, қоғамның, адамның мінезін көркемдеуіш құралдар арқылы суреттеуге үйренді. Әдеби шығармалармен ұштастыра отырып, оқушының тілдік әрі эстетикалық танымын қалыптастыру мүмкіндігі кең болды. Осындай жүйелі бағдарлама ғана қазақ тілін шын мәнінде терең әрі сапалы меңгертеді.
Ал орыс тілінде оқытылатын мектептердегі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мазмұны шектен тыс күрделі. Деңгейлік оқыту қағидасына сәйкес келмейді, тіпті кей жағдайда оқушылардың тілге деген қызығушылығын төмендетіп жібереді. Сол себепті бұл бағыттағы бағдарламалар да жеңілдетіліп, тіл үйретудің табиғи сатыларына сай қайта қарастырылуы қажет деп санаймыз. Қолдаймын!
Назерке
Толықтай келісемін. Білім мазмұны талапқа сай.
Нурасыл
Жоспарланып отырған жобамен толық келісемін. Мақсат жақсы құрылған. Қолдаймын
Акслу
Бағдарлама Стандарт талаптарына мүлдем сай келмейді. Коммуникативтік құзыреттілік толық жүзеге аспаған. Мәтінтаным, мәтін лингвистикасы филология студенттеріне арналған тақырып. Мұнымен, оқу сауаттылығы, оқу сапасын да жақсармас. Себебі әр сабақ мәтін туралы теорияны ғана оқытатын боламыз. Авторлардың мектеп тым алыс екенін байқалып тұр. Себебі теориялық тақырып пен оқу мақсаттары арасында байланыс жоқ. Ал концептілер жүйесі бастауыш тақырыбына көбірек лайық. Бұл кісілер концепт дегенді лексикалық тақырып деп түсінген сиякты. Ең болмаса АйБи программаларын ашып көрулері керек еді.
Карлыгаш
Бағдарлама оқушының жас ерекшелігіне бағытталып жасалған. Қолдаймын
Нұржан
Мәтін тақырыптары өте қатты ұнады. Оқушының қызығушылығы артады деген сенімдемін!
Райхан
Қолданыстағы бағдарлама оқушыны сауатсыздыққа итермелеп жатқаны жасырын емес. Қазақ тілі лексикалық тақырыптардың аясында қалып қойды. Оқушылар қазақ тілінде сауатты жаза алмайды. Ұсынылып отырылған бағдарлама оқушыға лингвистикалық білім беруге бағытталғаны қуантады. Қазақ тілінің құрылымдық жүйесі сақталып, оны қазіргі талап бойынша, коммуникативтік бағытта, оқытуға басымдылық беріліпті. Сондықтан жобаны қолдаймын. Қазақ тілінің болашағын ойлайтын адамдар осы жобаны қолдайды деген ойдамын.
Дана
Бағдарламамен толық келісемін.Оқушының функционалдық сауаттылығы деп жүріп,грамматиканы ақсатып алдық.Қазіргі балалар сауаты жағынан ақсап кетті,қазақ тіл білімінің салаларын жүйелі түрде оқыта отырып та оқу сауаттылығын көтере аламыз.Сондықтан керегі жоқ дүниелермен бас ауыртқанша, грамматикамызды меңгерткеніміз жөн болар еді
Diko BK
Жаңа бағдарлама грамматикалық жүйені кешенді оқыту арқылы оқушының тілдік санасын дамытады. Бұл – қазақ тілін тек ереже деңгейінде емес, ойлау мен мәдениет жүйесі ретінде түсінуге бағытталған жаңашыл қадам.
Дидар
Мәтін тілін талдау арқылы тіл дамыту – функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың ең тиімді жолы. Бұл тәсіл оқушыны ойлауға, өз ойын жүйелі жеткізуге үйретеді. Бағдарламада ұлттық құндылықтар мен тілдің табиғи жүйесі үйлесім тапқан. Мұндай әдістеме тілдің терең мағынасын сезінетін, мәдениетті тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Қазақ тілін оқытудың мазмұнын грамматикалық құрылымнан мәдени-танымдық деңгейге көтеретін бұл бағдарлама – XXI ғасыр талабына сай шешім. Қолдаймын!
Gulzhazira Bekbolatkyzy
Мына жоғарыда қолдап отырғандар, не үшін қолдайтындарыңды ашып жазыңдар. Не себепті қолдайтындарыңызды білгім келеді. МЕН ҚОЛДАМАЙМЫН!!! Себебі, тек қана Грамматиканы оқып отырғанда PISA-ны қалай тапсырамыз деп отырсыңдар? Бұл бағдарлама жетілдірілуге берілген, толықтай өзгертуге емес. Барлық пән 2016 жылғы жаңартылған білім беру мазмұнын сақтаған, ал Қазақ тілі толықтай өзгеру керек пе? Таңертеңнен кешке дейін Мәтінтанумен ғана айналысып отырайық па? PISA – грамматиканы емес, ойлауды және білімді қолдануды тексереді.
PISA тапсырмалары оқушының грамматикалық ережені білуін емес, оның мәтінді түсіну, ақпаратты талдау, қорытынды жасау,
және өмірлік жағдайға байланысты шешім қабылдау қабілетін бағалайды. Мысалы, мәтінде «Ақшаны үнемдеу жолдары» деген мақала берілсе,
сұрақтар:
– автордың көзқарасы қандай?
– қай дерек сенімді?
– оқушы өз өмірінде осы кеңесті қалай қолдана алады? болып келеді.
Бұл жерде грамматикалық білім көмектеседі, бірақ басты рөлде ойлау мәдениеті мен түсіну дағдысы тұр.
2. Тіл сабағының мақсаты кеңірек болуы тиіс
— Тек ережелер емес, мыналарды дамыту маңызды:
— оқылым және тыңдалым арқылы мәтінді түсіну;
— ойды талдау және дәлелдеу (жазылым, айтылым);
— критикалық және шығармашылық ойлау;
— өмірмен байланыстыру (functional literacy).
3. Грамматика – құрал, мақсат емес
Грамматиканы үйрету керек, бірақ оны коммуникативті контексте, яғни:
— мәтінмен жұмыс арқылы,
— жағдаяттық тапсырмалармен,
— PISA типтес сұрақтармен ұштастырғанда ғана оқушы шынайы сауатты және функционалды болады.
Грамматика – тілдің қаңқасы, ал PISA – сол тілмен ойлау қабілетінің айнасы.
Екеуін біріктіргенде ғана біз әлемдік деңгейдегі оқушы қалыптастырамыз.
Эльмира
Неге күрделендіріп жатырсыздар?Қазіргі балалардың миы керім деп ойлайсыздар ма? Милары телефонға уланып, сабақ оқымай отырғанда… Мына оқу мақсаттарына қарсымын!
Пән мұғалімі ретінде қарсымын.
Aruzhan Utaraly
Оқу мақсаттары сөйлеу әрекеттеріне сай берілмеген, бағдарлама толықтай мәтін лингвистикасына құралған. МЕН ҚОЛДАМАЙМЫН!!!
Ибраева Балжан
Жаңа бағдарламада грамматикалық жүйені кешенді жетілдіру мәселесіне назар аударылуы – өте маңызды қадам. Себебі тілдің грамматикалық құрылымын жан-жақты меңгеру оқушылардың сауатты сөйлеуін, жазу мәдениетін және ойды жүйелі жеткізу қабілетін арттырады. Кешенді жетілдіру арқылы грамматика жеке пән ретінде емес, барлық тілдік салалармен байланыста қарастырылады. Бұл тәсіл оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамытуға зор мүмкіндік береді. Жаңартылған бағдарлама қазіргі заман талабына сай, тиімді әрі нәтижелі оқу жүйесін қалыптастыруға бағытталған деп есептеймін.МЕН ҚОЛДАЙМЫН!!
Қойшыбек Сабина
Бағдарламаны қолдаймын. Оқу мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, мәтін талдау, коммуникативтік-тілдік нормаларды меңгеру және мәтін құрастыру бағыттарының қамтылуы оқушылардың тілдік және коммуникативтік құзыреттерін дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар, бағдарламадағы қазақ тілінің грамматикасына көңіл бөлінгені жақсы болған. Себебі тілдің құрылымдық негіздерін меңгеру — оқушылардың сауатты жазу мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың басты шарты. Грамматикалық білім мен тіл мәдениетін ұштастыра отырып, бағдарлама оқушылардың тілдік тұлға ретінде дамуына ықпал етеді.
Бағдарламада құндылықтық бағдар да көрініс тапқан: мәтінмен жұмыс істеу барысында ұлттық, рухани және мәдени құндылықтарды дарыту көзделген. Бұл — оқушылардың тіл арқылы тұлғалық, рухани дамуына мүмкіндік береді.
Абенова Айдана
Бағдарламада функционалдық сауаттылық, мәтін талдау, сөйлеу және жазу дағдыларын дамытуға баса назар аударылған. Бұл — қазіргі білім беру талаптарына сай.
Жазылым, оқылым, тыңдалым арасындағы байланыс көрсетілген, яғни тіл дағдысын кешенді дамытуға бағытталған. Бұл бағдарламаны қолдауға болады, себебі онда қазақ тілін функционалдық тұрғыда меңгерту, оқушының тілдік дағдысын дамыту көзделген. Дегенмен, оны тиімді жүзеге асыру үшін әдістемелік қолдау, түсінікті материалдар және мұғалімдерге нақты нұсқаулық қажет. Бағдарлама қазақ тілін функционалдық тұрғыдан меңгертуді көздейді, сондықтан қолдауға болады.
Лариса
Қолдамаймын.
Арайлым
Мен қолдаймын бұны, себебі қазақ тілі сабағында ереже болған дұрыс деп ойлаймын. Қазір мектептерде көбіне пікір айту мен тапсырмаларға мән беріліп, тілдің негізгі ережелері екінші орынға қалып барады. Ал ереже – тілдің тірегі. Егер оқушы ережені жақсы білсе, сауатты жазады, анық сөйлейді және ойын дұрыс жеткізеді.
Қазір көп балалар телефонға әуес, қысқартып жазады, сондықтан сауаттылық әлсіреп кетті. Мұның алдын алу үшін қазақ тілі сабағында ережеге ерекше көңіл бөлу керек. Пікір айту, шығармашылық жұмыс – бәрі ережені меңгергеннен кейін ғана нәтижелі болады деп ойлаймын.
Еркежан
Бағдарлама құндылыққа негізделген тілдік білім беруге бағытталған. Негізгі басымдықтар – функционалдық сауаттылық, коммуникативтік дағдылар, ұлттық дүниетанымды қалыптастыру.
Бұл қазіргі білім беру трендтерімен толық үйлеседі: тіл білімін тек теория емес, қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту мақсат етілген.
Бағдарлама мектептегі қазақ тілі пәнін теориялық пәннен – практикалық коммуникация пәніне айналдыруды көздейді.
Динара Б.
Маған мәтін талдауда мәтіннің әуелі мазмұның, содан соң құрылымын, тілін тануды жетекшілікке алу идеясы ұнады. Әуелі тыңдалым, оқылымға көңіл бөлініп, коммуникативтік-тілдік нормаларды меңгеруге назар аударуын құптаймын. Мәтін құрастыруда тілдік құндылықтарға, баланың дұрыс сөйлеу жүйесіне, сөздік құрамына назар аударылғаны дұрыс болды. Жақсы, қолдаймын. Бір орында қалмай, жаңа нұсқамен де жұмыс жасап көрейік.
Ықсан Алмат
Бағдарлама өте тиянақты құрастырылған. Қазақ тілін оқытудағы аталған міндеттерге назар аударған жөн! Себебі, ұсынылған бағыттар білім алушының тілдік құзыреттілігін кешенді дамытуға негізделген. Біріншіден, әдеби тіл нормаларын меңгерту арқылы оқушының дұрыс, сауатты және мәдениетті сөйлеу дағдысы қалыптасады. Екіншіден, мәтіндердің стильдік және құрылымдық ерекшеліктерін талдау білім алушының мәтінтанымдық ойлауын дамытып, өз ойын жүйелі жеткізуге үйретеді. Үшіншіден, тілдік бірліктердің қызметін функционалдық тұрғыда меңгеру тілдің табиғатын терең түсінуге, тілдік құбылыстарды саналы қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сөз мәдениетін жетілдіру мен шығармашылық жұмысқа баулу оқушының тұлғалық дамуына, ұлттық сана мен дүниетанымның қалыптасуына ықпал етеді. Осы міндеттердің барлығы білім мен тәрбиенің бірлігін сақтай отырып, қазақ тілін жан-жақты меңгерген, мәдениеті жоғары, ұлттық құндылықтарды қадірлейтін тұлға тәрбиелеуді көздейді.
Марал
Бұл бағдарламада оқу мақсаттарының ішінде диктант жаздырудың енгізілуі құптарлық қадам. Өйткені жаңартылған білім беру мазмұнында диктант алу дербес оқу мақсаты ретінде қарастырылмай келген еді. Ал диктант жұмысы — оқушылардың жазу сауаттылығын арттырып, тілдік нормаларды меңгеруіне ықпал ететін тиімді тәсілдердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, бағдарламаның бұл ерекшелігі оқу үдерісіне тиімді әсер етер еді.
Күребай Әсем
Менің пікірімше бұл болашағы бар, тілімізді дұрыс оқытуға, балалардың ынтасы мен қабілетін арттыруға үлкен септігін тигізетін бағдарлама. Себебі, бұл бағдарлама оқушының грамматиканы жай жаттап алуына емес, оны терең түсініп, жүйелі қолдана алуына мүмкіндік береді. Әсіресе, тіл заңдылықтарын кешенді түрде меңгеру арқылы оқушының сөйлеу, жазу дағдылары дамып, тілдік тұлға ретінде қалыптасуына жол ашады. Сонымен қатар, грамматикалық тақырыптардың кезең-кезеңмен, рет-ретімен берілуі оқушылардың жас ерекшелігі мен қабылдауына сай құрылып, тілге деген қызығушылығын арттырады әрі жинақы, жүйелі түрде білім алуларына септігі тиеді. Мұндай мазмұнды әрі әдістемелік жағынан бай бағдарламаны оқу үдерісіне енгізу – заман талабына сай, сапалы тіл білімінің негізі бола алады деп ойлаймын.
Гульжан
Бұл жаңа бағдарлама грамматикалық жүйені кешенді оқыту арқылы оқушының тілдік санасын дамытады. Мәтін грамматикасы бағдарлама бойынша өте жүйелі беріледі. Бұл тәсіл оқушыны ойлауға, өз ойын жүйелі жеткізуге үйретеді. Мұндай әдістеме тілдің терең мағынасын сезінетін, мәдениетті тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Қазақ тілін оқытудың мазмұнын грамматикалық құрылымнан мәдени-танымдық деңгейге көтеретін бұл бағдарлама – XXI ғасыр жемісі. Оқушыларға осы бағдарлама арқылы мәтінді үйрете алсақ, біріншіден, оқушы өз бетімен мәтінді жан-жақты талдай алады, екіншіден баланың тілдік-коммуникативтік нормаларды меңгереді, мәтінді құрастыру деңгейі дамиды деп ойлаймын.
Аманқос Аружан
Қолдаймын. Әр пән өз бағытына сай тақырыпта сабақ өткізу керек. Қазақ тілі оқулығына басқа пәннің мәтіндерін қойғанша, оқушының сауатын арттыру мақсатына негізделген ережелер қойған дұрысырақ деп санаймын.
Гүлдара
Оқу жүйесіне сай әзірленген бұл оқу бағдарламасы білім алушылардың танымдық жүйесін тілдік әрі шығармашылық тұрғыда дамытуға бағытын айқындауға мол мүмкіндік жасайды. Құндылықтық бағдарды толық тани алуына және оны тілдік ақпараттармен нақтылау арқылы қазақ тілін дұрыс оқыту бағдарламасын қолдаймын.
Әлімбаева Назерке
Бағдарламамен таныса отырып, оның мазмұны мен құрылымы ұлттық бағытта ойластырылғанын байқауға болады. Онда тілді тек грамматикалық жүйе ретінде емес, ұлт болмысы мен мәдениеттің айнасы ретінде үйрету көзделген. Мәтіндер мен тақырыптардың барлығы оқушыны туған тілі арқылы өз ұлтының тарихын, дәстүрін, дүниетанымын тануға жетелейді.
Тапсырмалар да оқушының ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін, тілдік талғамын дамытуға лайықталған. Әсіресе, тіл мен әдебиетті, мәдени мұраларды ұштастыра оқыту тәсілі өте тиімді.
Жалпы, бағдарлама мазмұны түсінікті, жүйелі және қазіргі білім беру мақсаттарына сай құрастырылған.
Осы бағдарламаны толық қолдаймын және оқу үдерісінде тиімді нәтиже беретініне сенемін.
Зарлықова Сезім
Заман талабына сай білім жүйесін жақсарту үшін бұл жоба жасалуы керек.
Ұлдана Жұмадин
Жобамен толықтай келісемін. Себебі, берілген жобада тыңдалым/оқылым мәтіндерінің, диктант, мазмұндама, эссенің көлемдері білім алушының жас ерекшелігіне және қабілетіне, сонымен қатар ақпаратты қабылдау мүмкіндігіне сай анықталып берілген.
Әдеби тілдік нормаларды сақтай отырып мәтін құрастыру, мәтіннің тілін талдау, мәтіндегі бейтаныс сөздердің мағынасын анықтау және басқа да оқу мақсаттары оқушының қазақ тілін терең түсінуіне әсер етері сөзсіз.
Akmaral Kambarova
Бағдарламаны толық қолдаймын. Қазіргі таңда тіліміздің құндылығын жоғарылату үшін қажетті бағадарлама деп білемін
Себебі:
Әрине, бізге функционалдық грамматиканы оқыту қажет. Дегенмен, тіл дегенде ең бірінші оның өзінің ішкі заңдылықтарын оқыту алдыңғы орынға шығу керек. Бала мәтінді оқып отырғанда ана тілімізге деген махаббаты ашылу керек. Ал бұны экологиялық, әлеуметтік тақырыптағы ғылыми мақалалар бере алмайды. Қазыр мектеп оқушылары ЭКСПО көрмесі, Жаһандану не деген мәтіндерімен жақсы таныс та, ал сол жерден грамматикалық тақырыптағы сұрақтарға келгенде ақсап қалады. Бағдарламада оқушының деңгейі ескерілген. 6,7,8,9 сыныптардағы мақсаттарды оқысаңыз, тілдік грам атикалық қырын ашуды көздеп отыр. Менің ойымша, бағдарлама қиын емес, керісінше, барынша толықтырылып, жүйеге келтірілген. Сондықтанда, мен бұл бағдарламаны қолдаймын!
Балжан
Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісінде ең алдымен тілдің ішкі жүйесі мен заңдылықтарын меңгерту басты назарда болуы тиіс. Себебі тіл — жеке пән ғана емес, ол барлық оқу саласының негізін қалыптастыратын басты құрал.
Сол себепті мен бұл бағдарламаны қолдаймын.
Айсана
Мен бағдарламаны қолдаймын! Өйткені бағдарламаның жүйесі өте жақсы құрылған. Грамматика жағын оқыту дұрыс деп санаймын. Өйткені қазіргі оқушылар арасында сауатсыздық алдыңғы орынға шығуда. 7-8 сынып оқитындардың өзі сөздерді қате жазады, сөйлем құрылымын білмейді.
Мерей Тұрғын
Жобаны қолдаймын,Себебі, оқу мақсаттары жобада жақсы жасалған,бұл жоба оқушының қабілетін дамытып, білімді терең меңгеруге ықпал етеді.
Тұрсынбеков Диас
Бағдарламада тілдің заңдылықтары мен құрылымына (грамматика, орфография, пунктуация) көңіл бөлінгені — оқушыларға тілдік нормалар маңызды екенін түсіндіру үшін дұрыс қадам. Ұлттық құндылықтармен, тіл мәдениетімен сабақтасқан тақырыптардың енгізілуі пәнді тек теориялық емес, мәдени әрі өмірлік тұрғыдан мәнді етеді. Оқушының жас ерекшелігіне, тілді игеру деңгейіне бағытталған элементтер бар.
Кәдірбекова Мәдина
Қолдаймын. Жоба жақсы жазылған. Тілдің ішкі заңдылықтарын жа оқыту керек.
Айгерім Ермаханбет
Берілген жобаны қолдаймын. Себебі, расында да, қай сыныптың оқушысы болсын әуелі мәтінді түсініп алу маңызды. Бағдарламаның ұтымды тұсы — мәтінді деңгей бойынша түсіндіру. Яғни, бала бірінші мазмұнын ұғып алса, ары қарай біртіндеп құрылымына, сосын тілдік талдауға өтеді. Бұны түсінген бала өз бетімен мәтін де құра алады.
Мәтін құрастыруда айтылым мен жазылымның бірге болғаны мен үшін жаңашылдық болды. Демек, оқушы шығармашылық жоғары деңгейге жеткенде, тікелей оқумен де, жазумен де, айтумен де айналысады.
Арайлым
Бұл жобаны қолдаймын. Тек жоғары сынып оқушаларына қазақ тілі сағаттарын азайтпау керек деп санаймын. Бұрынғыдан грамматикаға қайта көңіл бөлініп, жүйелі түрде жасалына бастағаны өте жақсы. Қазіргі қазақ тілін оқыту бағдарламасы соңғы жылдары жаңарып, тілдің практикалық қолданысына көбірек көңіл бөле бастады. Бұл — оң өзгеріс. Бұрын қазақ тілі сабағында грамматикалық ережелер мен жаттанды тапсырмалар басым болса, қазір оқушының сөйлеу, жазу, тыңдау және оқу дағдыларын дамытуға бағытталған кешенді тәсіл енгізілуде.
Асыл Сандибек
Бағдарламамен толық келісемін. Оқушылар арасында сауатсыздық өршіп тұр, балалар ойын ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе алмайды. Бағдарлама мақсатына жетіп, тілді ұлттық құндылық деп бағалайтын оқушылар көбейеді деп үміттенемін.
Нурай
Бағдарламаны қолдаймын. Жақсы жүйелі , әдемі жасалған. Балалардың жас ерекшеліктері де ескерілген.Балалардың ойланып , дамуына көмек береді деген ойдамын
Бердібеков Айбол
Мақала тіл үйрету үдерісін жай ғана мәтін талдау немесе жаттау деңгейінде емес, құрылымдық және жүйелік негізде қарастыруды ұсынады. Бұл – тілдің грамматикалық заңдылықтарын түсініп, саналы түрде қолдануға жетелейтін маңызды бағыт. Яғни оқушы тілдің табиғатын ұғынып, сөзді еркін, орнымен қолдануға үйренеді. Автор тіл білімін тек теория түрінде емес, қолданбалы тұрғыда, яғни тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым арқылы дамыту керек екенін нақты айтады. Бұл – қазіргі заман талабына сай ой, себебі тіл – қатынас құралы, оны тек ережемен емес, қолданыспен үйрету қажет.
Шұғыла
Грамматиканы білмеген бала кез келген құндылықты сауатты түрде қабылдай алмайды. Сондықтан
Тақырыптар жүйесі жақсы құрылған. Бірақ әлде де толықтыруды қажет етеді.
Оған басты себеп бастапқы жүйеден айырмашылықты аса мән беріп қараған жөн.
Салыстырмалы түрде грамматикадағы олқылықтарды толтыруға жұмыстар жасалғанымен, аздық етеді.
Мәтін түрі кеңейтілген, бірақ кей тұста өте күрделендірілген. Неше жылғы сауатсыздықты бір мәтіннің күшімен шешу қиын. Сол үшін мәтін тақырыптары оқушыға пайдалы болуды қамтыған. Бұл оқушылардың таным-түсінігін кеңейтуге ұлкен сеп болары анық.
Ең ерекше атап өтетіні «диктант». Бұл жүйені ең тиімді деп атауға себеп көп. Балалардың сауатын қайта қалыптастыруға үлкен мүмкіндік.
Сол үшін осы жобаны іске асырып, нәтижесін салыстыра көру керекпіз деп ойлаймын.
Ұмсынай
Мен бұл бағдарлама мазмұнымен толық келісемін және оны қолдаймын. Өйткені «Қазақ тілі» пәнінің жаңа үлгілік оқу бағдарламасы тек тіл үйретуді мақсат етпей, сонымен қатар оқушының тұлғалық дамуына, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне бағытталған. Мұнда тіл тек қарым-қатынас құралы емес, ұлттың рухани, мәдени, дүниетанымдық қазығы ретінде қарастырылған.
Бағдарламада сөйлесім әрекетінің төрт түрі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен коммуникативтік қабілеттерін дамыту көзделгені өте орынды. Бұл қазіргі заман талабына сай тілдік тұлға қалыптастырудың тиімді жолы.
Сондай-ақ, тіл арқылы оқушының ұлттық сана-сезімін, мәдени иммунитетін, адамгершілік қасиеттерін дамыту идеясы — тәрбиелік мәні зор қадам. Бұл бағыт білім берудің басты миссиясы – елжанды, саналы, өз мәдениетін құрметтейтін тұлға тәрбиелеуге толық сәйкес келеді.
Сондықтан мен бұл бағдарламаны қолдай отырып, оның оқу-тәрбие процесіне үлкен серпін беретінін, қазақ тілінің мәртебесін арттырып, жас ұрпақтың ұлттық болмысын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өткім келеді.
Айна
Жоспарланып отырған оқу бағдарламасы көңілімнен шықты. Бағдарлама жүйелі түрде жасалған.Оқу процесін ұйымдастыру ұстанымдары жүйелі құрылған. Мәселен айтар болсақ, тыңдалым мен оқылымды бірге қарастырған.Сонымен қатар тілді дамыту және балалардың сауаттылығын арттыру барысында жазба жұмыстары қайта ескеріліп оларға басымдық берілген.
Бота
Мен бұл бағдарламаны қолдаймын. Себебі әр пән өз заңдылықтары мен құрылымын толық қамтуы қажет. Әр пән өзінің табиғатын жеткілікті деңгейде толық оқушыға оқыту керек. Мысалға, қазақ тілінде ережелерді құндылықтармен астастыра оқыту. Тіл — біздің басты құндылығымыз. Баланың бойына тек қана сабақ нәрін ғана емес, ұлттық құндылықтар нәрін де қатар құю қажет. Бала қазақ тілінен жаратылыстану пәнін емес, қазақ тілі пәнін меңгеріп шығуы қажет деп есептеймін. Осы тұста тілді меңгертуге арналған барша қолданыстар тиімді және қалыпты болмақ. Неғұрлым істі толық атқарсаң — соғұрлым түсінікті болмақ. Ендеше, алынып тасталған тіл үйрету құралдарын қайта қосу қосымша жұмыс тудырмайды, қосымша дағды қалыптастырады деген ойда болуымыз керек.
Орынша Реимбай
Бағдарламамен толықтай келісемін. Бұл бағдарлама мақсаты тек тілдің грамматикалық ерекшеліктерін ғана назарға алу емес, грамматика арқылы оқушыларға тілдің ерекшелігін түсіндіруді мақсат тұтады. Оның үстіне грамматикалық тапсырмалар мәтіндер арқылы беріледі.
Тілдің ерекшелігін түсінген бала, өз ойын сол тілде еркін, қымсынбай жеткізе алады.
Қазақ тілін оқытудағы басты нысана ретінде тілін білетін, сол тілдің өзіне ғана тән ерекшелігін ажырата алатын тұлғаны тәрбиелеу болуы керек. Ал өзге де байқаулардан өту екінші мәселе ретінде қарастырылу қажет.
Тілінің ерекшелігін білмеген оқушы мәтін талдауға қауқары жетеді дегенге сенбеймін.
Дидарханым
Тілді тиімді меңгертудің негізі – оның құрылымдық жүйесін, емле мен тыныс белгілерін дұрыс қолдануға баулу. Бұл — оқушының сауаттылығын арттырудағы басты қадамдардың бірі. Менің ойымша, сауаттылық — білім алудың негізгі тірегі. Тілдік бағдарды, грамматикалық жүйені дамыта отырып, функционалдық сауаттылықты арттыру — ең оңтайлы шешім.
Аяулым Қ.
Жоба мәтіндік-коммуникативтік бағытта құрылғаны жақсы: ол оқушыны тек ережені жаттауға емес, ойын сауатты жеткізуге, пікір айтуға, мәтін арқылы өмірлік мәселелерді талдауға үйретеді. Бұл қазіргі заманда ең қажетті дағды.
Егер мақсатымыз шынайы тілдік құндылықтарға қаныққан тұлға қалыптастыру болса, онда бағдарлама:
• күрделенуден гөрі қолжетімділік пен жүйелілікке ұмтылуы керек;
• теория, тіл мен әдебиет қатар жүруі керек деп ойлаймын;
• және ең бастысы — қазіргі жаңартылған білім беру бағдарламасында оқытылатын оқылым мәтіндері тәрбиелік мәні бар, құндылығы жоғары мәтіндерге ауысса немесе сол мәтіндер тілмен байланыстырылып, астастырылып берілсе.
Сонда ғана бұл жоба қоғамда шынайы нәтиже беретін, тіл мәртебесін арттыратын күшке айналады деп сенемін.
Сейсенова Дина
Бұл бағдарламаны қолдаймын
Себебі, оқу мақсаттары жобада жақсы жасалған. Бұл арқылы оқушының қабілетін дамыта отырып, білімді терең меңгеруге ықпал жасауға болады.
Айкен Асқарова
Қолдаймын, себебі бұл бағдарламада қамтылған нәрселер:
Коммуникативтік дағдыларға басымдық беру
1. Тілді өмірмен байланыстыру: Бағдарлама қазақ тілін тек академиялық пән ретінде емес, қарым-қатынас құралы ретінде оқытуға бағытталған.
2. Төрт дағдыны дамыту: Оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын теңдей дамытуға мүмкіндік береді. Бұл олардың күнделікті өмірде қазақ тілінде еркін сөйлесуіне, ойын жеткізуіне және ақпаратты түсінуіне жол ашады.
3. Сыни ойлауды дамыту: Бағдарлама оқушыларды мәтіннің мазмұнын талдауға, салыстыруға, өз ойын дәлелдеуге және баға беруге үйрететін тапсырмаларды қамтиды.
4. Мотивацияны арттыру: Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушының жетістіктері аталып, оқуға деген ынтасы артады. Қателіктері – білімді толықтыруға мүмкіндік ретінде қарастырылады.
5.Пәнаралық байланысты нығайту
Тұтас дүниетаным: Қазақ тілі сабақтарының мазмұны басқа пәндермен (тарих, әдебиет, география) байланыстырылып оқытылады. Бұл оқушының дүниетанымын кеңейтіп, тілдік материалды контекст арқылы терең меңгеруге септігін тигізеді.
Қорытындылай келе, жаңартылған білім беру бағдарламасы қазақ тілін оқытуда заманауи әдістерді қолдануға, оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін арттыруға және оларды функционалдық сауатты тұлға ретінде қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді бағдарлама деп айта аламын.
Қарабек Ерасыл
Ең алдымен тілдің өзіне тән меңгертуді мақсат етуі қажет. Әр жанрдағы мәтінді талқылау оқушының нақты тілдік сауатын арттыра алмайды. Бағдарламаның енді тілдің ішкі құрылымын жүйелі оқытуға бет бұруы – дұрыс қадам. Оқушы тіл құндылығын түсінетін болады. Диктантты енгізу – орынды шешім. Диктант оқушының нақты орфографиясын, тыныс белгісін, есту арқылы жазу дағдысын және тіл нормаларын қаншалықты меңгергенін анық көрсететін ең тиімді бақылау түрлерінің бірі. Соңғы жылдары диктантты аз қолдану жазылым сапасының төмендеуіне, қателерге төзімділікке, нормадан алшақтауға әкелген еді.
Тұрғанбай Айтолқын
Айта кететін жайт, мектеп бағдарламаларындағы олқылық оқушы санасына тікелей әсер етіп жатыр. Ол:
— оқушылардың сауатсыздығы;
— оқылған мәтін мазмұнын айта алмауы;
— өз санасынан мәтін/сөйлем/ой құрастыра алмауы;
— мектеп бағдарламасында міндеттелген, бөлім бойынша немесе тоқсан бойынша өтетін жиынтық бақылауларда орындалатын эссені жаза алмау;
— ереже түгіл, оқу бағдарламасында тұрған ақпараттарды білмеу, қабылдамау, жеңіл қарау.
Бұл баланың болашақта сауатсыз түлек әрі сауатсыз маман болуына деген дайындық іспетті. Мағжан сенген жастар осы ма деп қаласың кейде мектеп табалдырығын аттай бере.
Өз ойларын ашық жеткізуден қашу, өз ойын толық жеткізуден қашатын бала тіптен дәптерін де толық толтырмайды, толтырса да қате-қате, ауызша да айтуға тырыспайды. Менің ойымша, бұл қателік сонау бастауыш сыныптан басталған дүниелер. Оқушының санасына ұлттық тіл деген құндылықты сіңірмей толық адам қалыптастыру қиынға түспек.
Бізге өзге елдің тестілеу бағдарламасы боққа да қажеті жоқ, өз еліміздің білім сапасы жоғары болуы маңызды. Сол себептен де, мен өз басым осы дүниелерді қолдаймын:
— ережені қайта оқу бағдарламасына қосу және оқушыларға жаттатқызу, үйрету, түсіндіру;
— артық тақырыптарды алып тастап, нақты бала санасына әсер ететін, керек тақырыптарды қосу;
— баяғы 2017ге дейінгі оқу бағдарламасындағы көп тақырыптар алынып тасталғанын естідім. «Ақсақ құлан», Ақан серінің «Құлагері», шын ба өтірік па екенін нақиы тексермедім, егер шын болса қайта қосуын талап етер едім.
— және басты проблема әр тақырыптың сол сынып жасына келмейтін тұстары. Яғни кіші сыныптарға ауыр тақырыптардың, жоғары сыныптарға тым жеңіл, салмағы жоқ тақырыптардың оқытылуы.
Мәселе көп, айтар ауыз болса.
Саида
Қазақ тілі сабағы ең алдымен тілдің табиғатын, құрылымдық жүйесін және қолданылу заңдылықтарын үйретуге бағытталуы тиіс. Соңғы уақытта пән мазмұны тілдік нормаларды емес, түрлі энциклопедиялық тақырыптарды талқылауға бейімделіп кеткені байқалады. Мұндай үрдіс оқушының нақты тілдік дағдыларын қалыптастыруға кедергі келтіреді. Функционалдық сауаттылық ең алдымен тілдік құралдарды дұрыс қолдану арқылы дамиды, ал бұл жүйелі тіл білімін меңгеруді қажет етеді. Сондықтан жаңа бағдарламада қазақ тілінің грамматикалық және орфографиялық нормаларын тереңдетіп оқытуға басымдық берілуі – құптарлық қадам. Бұл бағыт оқушылардың ойды сауатты, нақты және мәдениетті жеткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.
Алма
Бұл бағдарламаға қарсымын, сауатсыз, жүйе жоқ, тым күрделі.
Алма
Бұл бағдарламаға қарсымын, сауатсыз, жүйе жоқ, тым күрделі. ҚАРСЫМЫН!!!
Болатова Қ.
Бағдарламада оқу мақсаттары өте дұрыс қойылған. Әсіресе мәтін тілін талдау деген мақсат.Грамматиканың жүйелі түрде берілуі тілдің табиғаты туралы тұтас білім қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Айгүл
Мен ата-ана ретінде баламның ХХІ ғасырда тек ереже жаттап отырғанын қаламаймын. Бағдарлама заман талабына сәйкес болуы керек деп ойлаймын.
Медеу
Пікірлер тапсырыспен жазылған ба? Неге барлық пікір бірсарынды. Пікірлерді оқығанда, жасанды интеллект арқылы бірнеше нұсқада жазылған бір жазбаны оқығандай әсерде болдым. Кейбіреулер тіпті «оқулықты қолдаймын» деп, нендей құжатты қолдап отырғанын да бейхабар.
Жансая
Бұл бағдарламаға түбегейлі қарсымын. Неге? Себебі: 1. Қолданыстағы бағдарламаның тыңдалым мен оқылым бөліктерін ғана алып, айтылым мен жазылым қарастырылмаған. Бұл қолданыстағы бағдараламаға қарама-қайшы. 2. Оқу мақсаттары өте күрделі, шұбалаңқы, тым күрделі түрде ұсынылған. “Бағдарлама авторалары мектепте сабақ беріп көрді ме?” деген сұрақ туындайды. 45 минут ішінде ұсынып отырған оқу мақсатын қалай қалыптастырмақ? Қалыптастырушы, бөлімдік, тоқсандық бағалау жұмыстарын қалай ұйымдастырмақ? Бағалау керектігі туралы хабардар ма екен? Бағалау критерийлері мен дискрипторларды қалай құрады екен сонда? Бұл бағдарламаның критериалды білім беру философиясына қарама-қайшы. 3. Оқу бағдарламасы ағымдағы жылдың қаңтар айында бекітілген жалпыға міндетті білім беру стандартына қарама-қайшы. Екеуінің мақсаты мен міндеті мүлдем сәйкес келмейді. Білім беру стандартында күтілетін нәтиже, оқушының бойындағы коммуникативтік дағдылар, әдеби тіл нормасын сөйлеу әрекеті негізінде сауатты қолдана білу, заманға қажетті дағдылар мен құндылықтарды қалыптастыра білу туралы айтылса, ұсынылып отырған бағдарламада кеңестік дәуір заманында ұсынылған грамматиканы жаттанды оқыту әдісін қайтадан көздеп отыр. Бір мақсатты көздеуі тиіс екі құжат екітүрлі. 4. Бұл бағдараламаны жауапты ұйым бекітетін болса, онда Қазақстанның халықаралық PIRLS, PISA сынды зерттеулеріне қатыспая қоюына болады. Неге десеңіз, өйткені бұл бағдарламада оқушының оқу сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған мақсат-міндеттер мүлдем қарастырылмаған. ОЭСР өз тарапынан ұсынатын, зерттеу жүргізіп, елдерге ұсыныс ретінде жазатын фреймворктарында сипатталған дүниелер бұл бағдаралмада жоқтың қасы. Мәтінді түсіну, мәтін ішіндегі ақпаратты бағалау білу, ақиқат ақпарат пен жалған ақпаратты ажырата білуге үйретуді күшейтетін заманда біз оқылымды мүлдем алып тастағанымыз өте қызық болды. Күнделікті өмірде алаяқтардың ісінен мыңдаған адамдардардың алданып қалуына себеп болып жатқан заманда, жасанды интеллектінің қарқынды дамып жатқан заманында грамматиканы ғана оқып, ереже жаттап отыратын болашақты қалайсыздар ма сонда? Мен ата-ана ретінде, ұстаз ретінде мұндай шешімге қарсымын. Біз балаларды қазіргі жаңа ақпарат көздерімен сауатты жұмыс жасай білуге, бағалай білуге үйретуіміз керек. Өте өкінішті. Бағдарламаның ең соңында ЖИ көмегімен мәтін жазу, оны өз сөзімен қайта жазу — жасанды интеллектіні қолданудың ең төменгі деңгейі. Осыны алып бағдарламаға енгізуі өте өкінішті. Біз мәтіннің жазылу стилін талдағымыз келсе, оның адам не робот жазғанын анықтайтын айырым белгілерін анықтауымыз керек еді. Осылайша қазіргі заман оқушысы да сәл ойланар еді. Ал ЖИ көмегімен мәтінді бүгінгі заман оқушысы бағдарламаға енгізбей-ақ та қолданып, перефраздап жүр.
Сандуғаш
Бағдарлама жобасында оқыту мақсаттары шұбалаңқы, мұғалім сабақта ұзақ мақсатта берілген бірнеше әрекеттің қайсысына қол жеткізеді? Осы мақсаттармен жұмыс жасайтын мұғалімдер жайын ойлаған жан бар ма? ҰМЖ да сауатсыз ұсынылған. Тоқсан жіктері бөлінген, ал бөлімдер неге нақты көрсетілмеген? ҰМЖ-да оқыту мақсаттары да түсініксіз ұсынылған. Бағдарлама жобасын мұндай күйде мектепке ұсынуға болмайды. Қазіргі қолданыстағы үлгілік бағдарламада ҰМЖ-да қай бөлімге қандай оқыту мақсаты жүзеге асырылатыны анық көрсетіліп тұр.
Эльмира
Мен бұл бағдарламаға түбегейлі қарсымын. Себептері мынадай:
**Біріншіден,** бағдарламада тек тыңдалым мен оқылым қамтылып, айтылым мен жазылым мүлде ескерілмеген. Бұл – қолданыстағы оқу бағдарламасының құрылымына тікелей қайшы. Егер оқу әрекетінің төрт түрі бір-бірімен байланысты жүйе ретінде қарастырылмаса, тілдік дағдыларды кешенді дамыту мүмкін болмайды. Сонда мұғалім 45 минут ішінде осынша күрделі мақсатты қалай қалыптастырмақ? Ал бағалау кезінде қалыптастырушы, бөлімдік және тоқсандық жұмыстарды қалай ұйымдастырмақ? Бағалау критерийлері мен дескрипторлар осы мақсаттармен қандай сәйкестікте болмақ? Мұның барлығы критериалды бағалау философиясына қарсы келеді.
**Екіншіден,** оқу мақсаттары шамадан тыс күрделі және көлемді. Сөйлемдер тым шұбалаңқы, түсініксіз. Бағдарлама авторларының мектеп жағдайында сабақ беріп көргеніне күмән туады. Осындай мақсаттарды 45 минуттық сабаққа сыйғызу мүмкін емес.
**Үшіншіден,** жаңа бағдарлама 2025 жылдың қаңтарында бекітілген жалпыға міндетті білім стандартына сай келмейді. Стандартта оқушының коммуникативтік дағдыларын, әдеби тіл нормасын сөйлеу әрекетінде қолдана білуін, функционалдық және өмірлік құндылықтарға бейімделуін дамыту көзделсе, бұл бағдарлама ескі дәуірдің грамматиканы жаттап оқыту тәсілін қайта жаңғыртып отыр. Яғни, мақсаттары екі түрлі бағытқа кеткен.
**Төртіншіден,** егер бұл құжат ресми түрде бекітілетін болса, Қазақстан PIRLS, PISA сияқты халықаралық зерттеулерге қатыспай-ақ қойғаны дұрыс шығар. Өйткені бағдарламада оқу сауаттылығын дамытуға арналған нақты мақсаттар мен міндеттер мүлде қарастырылмаған. ОЭСР ұсынған фреймворктарда көрсетілген — мәтінді түсіну, ақпаратты бағалау, ақиқат пен жалғанды ажырата білу сияқты маңызды құзыреттер бұл жерде ескерілмеген.
Бүгінгі күні жасанды интеллект пен ақпараттық ағын күн сайын өсіп жатқанда, тек ережені жаттап, грамматиканы ғана оқыту — заман талабына қарсы әрекет. Біз балаларды жаңа ақпарат көздерімен сауатты жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға және деректі бағалай білуге үйретуіміз керек.
**Ал ең соңғы “ЖИ көмегімен мәтін жазу” бөлігі** жасанды интеллектіні қолданудың ең қарапайым әрі үстірт тәсілі болып тұр. Егер шынымен маңызды бағыт енгізгіміз келсе, мәтіннің адам немесе ЖИ жазғанын талдау, жазу стилін салыстыру, ой дәлдігін анықтау сияқты терең дағдыларды дамыту керек еді. Өйткені қазіргі оқушылар ЖИ құралдарын бағдарламаға енгізбей-ақ та пайдалана алады.
Сондықтан мен ата-ана әрі ұстаз ретінде мұндай бағдарламаның қабылдануына үзілді-кесілді қарсымын.
Алижан
Қолдаған пікір білдірген комментарийлерді қарасам, осы бағдарламаның сойылын соғатын авторлардың өз адамдары ма деген ой келді. Өте сауатсыз, өте төмен, қойыртпақ деңгейде жасалған жоба. Жоғарыда бір әріптесіміздің біразы экология, жаһандық, қоршаған орта т.б. тақырыптар Қазақ тіліне енгелі білім сапасы түсіп, баланың қызғушылығы төмендеді депті. Халықаралық оқу сауаттылығын бағалайтын PIRLS, PISA зерттеулерінің мәтіндері осы бүгінгі әлемде өзекті болып отырған тақырыптарды қамтитынын білмейтінін анық көруге болады. Қазақ тілі мұғалімдерінің жобаны қолдап, бірақ оны нақты талдап жазбағанын көре отырып, функционалды сауаттылығының қаншалықты деңгейде екенін пайымдауға болады. Мен бұл бағдарламаға мұғалім, әрі тіл жанашыры ретінде үзілді-кесілді қарсымын. Академиялық адалдықты алдымен ұстаздардан талап ету керек.
Elmira
Өте нашар, ескі көзқараспен, қарадүрсін жазылған бағдарлама. Мен ата-ана ретінде қарсымын. Қазіргі қолданыстағы бағдарлама дұрыс. Ата-аналардың қамқоршылық кеңесі атынан Оқу ағату министрлігіне, Президентке бұл бағдарлама жобасына келіспейтінімізді ашып, ашық хат жазу керек.
Эльмира
Қарсымын. Бұл ұсынылған бағдарлама қазіргі білім беру стандартына, коммуникативтік бағыттағы оқыту қағидаларына және оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатына сай келмейді.
Ботагөз
Қазақ тілі пәнінің 5–9-сыныптарға арналған үлгілік оқу бағдарламасында бірқатар оқу мақсаттары оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай келмейді. Кей мақсаттарда тілдік білім мен функционалдық сауаттылықты дамыту арасында теңгерім сақталмаған. Тапсырмалар мен бағалау өлшемдері күрделеніп, бір сабақ аясында бірнеше дағдыны қатар қамтиды.
Бұл жағдай оқушылардың тіл нормасын, орфография мен пунктуацияны жүйелі меңгеруіне, өз ойын сауатты жеткізуіне кедергі келтіреді. Оқу мақсаттарын спиральді жүйе негізінде жеңілден күрделіге қарай қайта құрылымдау және грамматика мен жазылым дағдыларына көбірек көңіл бөлу қажет деп санаймын.
Нурбек
Бағдарламаны әзірлеген авторлардың мектеп тәжірибесінен алшақ екені анық байқалады. Теориялық мазмұн мен оқу мақсаттары арасында айқын сәйкестік жоқ — бірін-бірі толықтырмайды.
Даурен
Бұл бағдарламаға ҚАРСЫМЫН! Оқу ағарту министрі, ҰБА түсіндірме берсін. Ұзын-шұбақ тақырып пен оқу мақсаттары. Дүбара болашақ шығады мұнан.
Бибігүл
Қолдап жазылған пікірлер бір сарынды және дәлелдері күлкілі. «Тілдің грамматикасын білмеген адам кез келген құндылықты меңгере алмайды» дегенді оқығанда не күлерімді, не жыларымды білмей қалдым. Құрмалас сөйлемнің не екенін білмесе де, ата-бабамыз адамшылығын жоғалтпаған. Елдігін сақтаған! Ертеңін ойлаған!
Маржан
Сауатты жазып, оқи алатын, әрбір тілдік деңгей бірліктерін нормаға сай қолдана алатын ұрпақты тәрбиелегіміз келсе, осы бағдарламаны қолдайық!
Мадина
Мен ата-ана және мұғалім ретінде бұл бағдарламаның қабылдануына ҚАРСЫМЫН. Құндылыққа негізделмеген, өнімді тәжірбиден өтпеген бұл бағдарлама мектеп оқушыларына, мұғалімдеріне керек нәтижені береді деп ойламаймын.
Сара
Бұл жобаға қарсымын. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына бұл жоба сәйкес емес. Стандарттағы «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарда) пәнін оқытудан күтілетін нәтижелерге назар аударыңыз, ал жобадағы оқыту мақсаттары\күтілетін нәтиже Стандарттан тарқатылуы қажет. Бағдарлама жобасында базалық білім мазмұны да стандарт талаптарына сай емес. Нормативтік құжаттарда бірыңғай талап болмаған соң, «Қазақ тілі» пәнінің негізгі мектепте оқытылу сапасына кері әсер ететіні анық.
Балжан
Қарсымын! Бағдарлама мектеп оқушысының деңгейіне, жас ерекшелігіне сәйкес құрастырылуы керек. 9-сыныпта мынадай мақсат берілген: «9.2.1.4 ғылыми жоба жазу, шаршы топ алдында сөйлеу мәдениеті мен талаптарын меңгеру». Ұзақ мерзімді жоспарда осы мақсат 9-сыныпта бір тоқсанда ғана берілген екен. Оның өзі — соңғы, 4-тоқсанда. Сабақ кезінде осы оқу мақсатына қалай қол жеткізуге болады? Қалайша сабақта ғылыми жоба жазып шығуға болады? Үйге берілген жобаны баласы үшін жаза алмай, ата-аналар ертеңгі күні үлкен шу көтереді ғой…
Турсын
Бағдарламаны қолдаймын. Оқу мақсаттары жобада жүйелі берілген. Мәтіндерде ұлттық құндылықтарға басымдық берілсе дұрыс болар еді.
Арман
Бағдарламаның мазмұны Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес келмейді. Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру жүйелі түрде қарастырылмаған. «Тіл жүйесі» бөлімімен сабақтастыра ұсыну керек.
Эльвира
Грамматиканы қайтаруды сұрапсыздар. Жаңартылған бағдарламаға дейін грамматиканы оқығанның бәрі сауатты болған жоқ. Оны ҰБТ нәтижесінде 2016 жылға дейін тайға таңба басқандай көрдіңіздер. Мына ұсынылған жобада әр тақырыптың сөйлемі копипастпен басылып, әр мақсаты шұбалаңқы етіп жазылған. Практик маман ретінде бұл бағдарлама жобасын құптамаймын. КЕЛІСПЕЙМІН!!!!
Анар
Қарсымын! Бағдарлама оқытудың ғылымилық ұстанымына сай емес, өз ана тілінің емлелік заңдылықтарын білмей өсіп келе жатқан ұрпақтар легі келе жатыр.
Оқу мақсаттары мұғалімдерді 1 шеңберге салып айналдырып тастады. Қалыпқа салған кірпіштей, шығармашылық жолдарды бұғаттап отыр.
9.2.2.11 оқу мақсатын даралап, жекелеп жүйелеу керек. Берілген мақсаттан оқушы түгіл мұғалім соңына жеткенше, басын ұмытып қалады.
Тілдік бағдар деп қазақ тілінің лингвистикалық салаларын 1 жүйесіздікпен тыға салғанына да қарсымын. 5-сынып қазақ тілінің фонетикасы мен лексикасы деп алып, оны реті және жүйесімен бағдарламада берсе, оқулықтар да жүйеленер еді.
«8.1.1.1 және 9.1.1.1 тыңдалған, оқылған мәтінді сөйлеушінің сөйлеу мәдениетіне мән беріп тыңдау…» деген оқу мақсатын қалай түсінуге болады? Бұл мақсатқа жетудің бағалауын қалай аламыз? Оқушы мән беріп тыңдамаған деп пе?
Шұбалаңқы оқу мақсаттары тек спираль жасау үшін кеңейтіп күрделенсе болды деп алынған. Ертең мұғалім нәтижесінде не алады мұнан дегенді ойлан аңыздар…
Барлық оқу мақсатын ана тілінде өте жақсы сөйлей алатын ұлт азаматтарының сауаттылығының жоғары деңгейде болуына назар аударуға құрсаңыздар екен.
«Тілдік бағдар» деп атап оны 4-нші мақсат ретінде көлегейлеп, әйтеуір тұрма тұр деп қоя салудың өзі де грамматикалық нормаларға қастандық деп білемін.
«Әдебиеттік оқу» деген аударманы тіке қоя салған секілді «тілдік бағдар» деп атау беріп қоя салуда да қателік кеткен.
«Әдебиеттік оқу» емес, «қазақ әдебиеті» деп аталса не болар еді?
-тік, — дік жұрнақтарын да қоюда ойлану қажет-ақ.
Жазарым көп-ақ, шіркін!..
Гүлжаз
Мына бағдарламаны жасағандар халықтың алдына шығып түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Білім мазмұнын сараптау орталығы осыны ұйымдастырыңыздар, талап етемін.
Aiganym
ҚАРСЫМЫН!
Біріншіден, оқу бағдарламасы стандартқа сай келмейді. Стандарттағы әмбебап дағдылар, сауаттылық түрлері, құндылықтар ескерілмеген. Ол оқу мақсаттарының жүйесінен де, тақырыптардан да көрінеді.
Екіншіден, тілді оқытудың коммуникативтік құзыреттілігі жасанды енгізілген. Тыңдалым және оқылым, айтылым және жазылым дағдыларын біріктіру ешқандай әлемдік, отандық тәжірибеде жоқ, демек негізсіз. Бұл бағдарламаны құрастырушылардың әлемдік тәжірибеге сүйенбегенін білдіреді. Үшіншіден, оқу мақсаттары жүйесіз құрылған. Блум таксономиясы, шиыршық қағидаты сақталмаған.
Төртіншіден, грамматиканы негізгі тақырып ретінде ұсыну тағы да коммуникативтік тәсілдемеге, негізгі құзыреттіліктерге негізделген бағдарламаға қайшы. Бесіншіден, жанрлардың, стильдердің бөлінісінде де ешқандай жүйе жоқ. Сыныпқа тән ерекшелік ескерілмеген.
Алтыншыдан, оқу мақсаттарын жіктеп ұсынамыз деп, логикалық байланысты бұзып алған. Шұбалаңқы оқу мақсаттары өлшеуге келмейді. Оқу мақсатын құруда СМАРТ мақсат ескерілмеген. Бұл бағдарлама бекітіліп, оқытуға ұсынылатын болса, білім жүйесінің кері кеткенін, яғни деградациясын білдіреді. Ол өте қауіпті.
Kymbat
Оқу мақсаты шұбалаңқы жазылған. Оқушылардың нақты оқу жетістігін анықтау қиынға соғады.
Самал
Оқу мақсатына сай тапсырмаларлар көп болса, грамматиканы бұрынғыдай қайта енгізу керек. ҰБТ-ға баратын оқушыға өте қиын. Грамматика мектеп бағдарламасында жоқтың қасы. Грамматика бұрынғыдай жүйелі, реттілігімен оқулыққа енгізілген дұрыс деп ойлаймын.
Заурегэш Ерназарова
«Мәтін талдау мен мәтін құрастыруды оқыту – тілді оқытудың түпкі мақсаты ма?» деген сұрақ әдіснамалық тұрғыдан маңызды ( қоғамдық талқылауға ұсынылған Қазақ тілі (Т1) бағдарламасымен танысқаннан кейінгі пікір.
Мәтінтану, мәтін құрастыру — қазақ тілін оқытудың түпкі мақсаты ма? Түпкі мақсат — коммуникативті құзыреттілікке ие тұлған ы қалыптастыру. Ал мәтіннің осы мақсатты жүзеге асырудағы орны, қызметі қандай? Ол тек құрал ғана. Бірақ оқытудың түпкі нәтижесі емес.
Егер оқу бағдарламасы тек осы екі ұғымның айналасында дамитын болса, оқу бағдарламасының Білім беру стандартының негізгі ұстанымдарынан алыс жатқаны, лингводидактикалық тұрғыдан дұрыс құрылмағаны..Тілді оқытуда мәтін қандай қызмет атқарады? Тілдік бірліктердің қызметін әртүрлі аспектіден, коммуникативті –функционалдық, когнитивтік, коннотативті, прагматикалық, семантикалық аспектіде талдау мәтін деңгейінде өтеді. Мәтіннің тууы тек тілдік факторларға тәуелді емес. Ол ең –бірінші сөйлеу мақсаты, сөйлеу жағдаятына тәуелді. Сөйлеу жағдаятында қалыптасқан пресуппозицияларға тәуелді, коммуниканттардың аялық білім қорына тәуелді. Тілдік бірліктер қызметі( лексема, морфема, сөйлем, сөз тіркесі) осы мәтінде, контексте, ашылады. Сондықтан мәтін тілдік білімді функционалды мазмұнда берудің құралы ғана, бірақ мақсаты емес.
Бағдарламадағы оқу мақсаттарының нәтижесін мәтін талдау мен мәтін құрауға тіреу — лингводидактикалық тұрғыдан дұрыс емес. Лингвисткиалық тұрығдан мәтін — ең жоғарғы тілдік бірлік. Мәтін сөйлеу әрекетін жүзеге асыратын құрал ғана.
Мәтінді құрастыру бірнеше дағдыларға сүйенеді.Сондықтан оқу мақсаты сол сөйлеу дағдыларын дамыту болуы керек. Айталық, пайымдау, ойды тұжырымдап тезис түрінде беру дағадысын дамыту маңызды. Мәтін соның негізінде құрылады. Тұжырымдау дағдысы ақпаратты талдауға, салыстыруға, жинақтауға құрылады. Құбылыс, заттарды белгілерін танып, талдау орын алған жағдайда тұжырым жасалады. Ал осы талдау тілде қандай мағыналық байланысқа құрылады? Жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға мағыналық байланысына құрылады. Ол тіл білімінде гиперономия және гипономия деп аталады. Біз балаға осындай мағыналық байланыстардың тілдегі көріністерін оқушыға таныстыра отырып, ойды дамытудың құралдары ретінде қолдану дағдысын меңгертуіміз керек. Мәтін осындай тілдік білімнің негізінде құрылуы тиіс.
Бағдарламада тілдік білімді өмірде қолданудың жолдары анық көрсетілмейді. Тек аталады. Бірақ коммуникацияда қолдану, дағды түрлерін қалыптастыру мүлде назардан тыс қалған. Оның басты себебі — мәтінді оқыту нәтижесі ретінде бағалауда жатыр. Тілдің әлемді танудың құралы қызметі мәтін құраумен шектеліп тұр. Егер бағдарлама осы қалпында мәтін құрау және мәті н танумен шектелетін болса, ойы шектеулі, жаттанды сөздер мен сөйлемдердің шегінен шыға алмайтын стандарталған ой иелерін қалыптастырамыз. Ал білім беру мақсаты коммуникативті құзыреттілікке ие, шынайы болмысты тануда ұлттық құндылықтар концептуалды жүйесіне сүйенетін тұлғаны қалыптастыру емес пе?
Жанат
Үлгілік оқу бағдарламасын жетілдіру мақсаты — уақыт талабына сай ету. Қазіргі қоғамға қажетті дағдылар мен құзыреттер бағдарламаның өзегі болуы қажет. PISA, TIMSS сияқты халықаралық зерттеулерде табысты елдердің тәжірибесін ескеріп, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталғаны жөн. Бұл жоба әлі толыққанды аяқталған жұмыс емес екені көрініп тұр, қайта қарауды қажет етеді.
Aidar Bolatuly
оқылатын шығармалар тізімі мен оқу мақсаттарын жүйелеу қажет. Мысалы, 8 сыныптағы Жүніс Сахиевтің «Көктен келген көшпенділер» ғылыми-фантастикалық романы қажет пе? Классик ақын-жазушылардың шығармаларын, жас ерекшелігіне сай, оқушы оқи алатын, ұғына алатын әңгіме жанрындағы шығармаларды қосу керек. Кітап пен әдеби шығармаларды оқымайтын кезеңде, мұғалімге өтетін, оқушыға жететін шағын шығармалар қажет.
Rabiga S
Бағдарлама жобасын қолдамаймын, себебі қателіктері көп. Оқу мақсаттары айқын емес, нақты бір күтілетін нәтижеге бағытталмаған. Бағдарлама авторлары төменнен жоғары сыныпқа қарай шиыршық қағидаты негізінде құрастырғысы келген, бірақ логикалық жүйесі сақталмаған екен. Қазақ тілін оқытудың түпкі мақсаты мәтін құрастыру емес, коммуникативтік құзыретті тұлға қалыптастыру екенін ескеретін болсақ, бұл бағдарлама өз міндетін атқара алмайды. Өз ойын еркін, дәлелді жеткізе алатын, сенімді сөйлей алатын ұрпақ дайындай алмаймыз. Бұрынғыдай жаттанды білім иелері ғана өсіп шығады. Қазақ тілі Т1 бағдарламасының басты мақсаты — оқушының оқыған, тыңдаған ақпараттары арқылы пайымдау, тұжырым жасау, ақпаратты талдау, бағалау мен жинақтау дағдыларын дамыту. Осындай дағдылар арқылы ғана мазмұнды мәтін қалыптасады. Ал қазіргі талқылауға ұсынылған бағдарлама жобасында тілдік білімді өмірде қолдану жолдары айқын көрсетілмей, тек мәтінге тірелген. Мұндай тәсіл оқушының ойлау көкжиегін тарылтып, тар қалыпқа түсіріп, стандартталған ой қалыптастыру қаупін тудырады. Ал тілдік дағдыларды дамытудағы негізгі мақсат — тілді өмірлік коммуникацияда еркін қолдана алатын, ұлттық құндылықтарға сүйеніп ойлайтын тұлға тәрбиелеу.
Нағима Қалдыбекқызы
Бағдарламаны қолдаймын. Ұсынылып отырған Бағдарлама тілдік бірліктерді қай жерде қалай сауатты қолдану керектігін түсіндірген. Қазақ тілі сабағында тіл оқытудың негізі — грамматика. Бұл оқушылардың дұрыс сөйлеу мен жазу дағдыларын қалыптастырады. Сондықтан қазақ тілінің грамматикалық құрылымдарын өту — тіл оқытудың маңызды әрі міндетті бөлігі.
Динара
Қолдаймын.Керек жоба.
Анар
қолдаймын! Орыс мектептеріндегі ҚТӘ өте күрделі.
Ақерке
Бағдарламамен таныстым. Мұғалім ретінде бұл бағдарламаны қолдаймын! Оқу мақсаттары жүйелі, тілдік норма әр сыныпқа сай берілген. Грамматиканы кешенді оқыту, мәтін тілін талдау оқушының тілдік санасын қалыптастырудың алғышарты екенін ескерсек, бұл бағдарлама әбден лайықты дер едім. Қолдаймын!
Бақыт
Бағдарламаны қолдаймын!
Зәуреш
Қолдаймын!
Айлана
Грамматиканы оқытпаса болмайды. Оқушылардың сауаттылығы төмендеп барады. Сол үшінде мен жобаны қолдаймын. Бізге, жалпы қазақ мектебіне бұл керек дүние.
Акбаян
Қолдаймын! Менің ойымша осы бағдарлама тиімді! Оқушылар қазір өте сауатсыз жазады! Диктантты қайта енгізу өте тиімді шешім! Қазақ тілі өзінің аясын, ережелерді, сауатты жазуды, түсінікті жазуды қамтуы керек! Қазір тіпті ережелер оқытылмайды. Осы бағдарламаны енгізейік!
Акбаян
Қолдаймын! Менің ойымша осы бағдарлама тиімді! Оқушылар қазір өте сауатсыз жазады! Диктантты қайта енгізу өте тиімді шешім! Қазақ тілі өзінің аясын, ережелерді, сауатты жазуды, түсінікті жазуды қамтуы керек! Қазір тіпті ережелер оқытылмайды. Осы бағдарламаны енгізейік
Шаттық
Қолдаймын! Өте қажетті өзгерістер енгізіліпті! Мұғалім ретінде мәтін тілін талдау мақсатын қуана-қуана қолданар едім! Мәтін мазмұнын сұрай-сұрай қазақ тілі сабағы екенін ұмытатын болдық!
Ақбота
Жобаны толықтай қолдаймын. Қазіргі бағдарламамен оқитын балалар грамматиканы дұрыс білмейді. Бұрынғы жүйемен қала беретін болсақ, қазақ тілінің болашағы бұлыңғыр болайын деп тұр. Оқушылар ағылшын, орыс тілдерінің грамматикасын бес саусағындай біледі. Ал, қазақ тілінің грамматикасын білмек түгілі, екі сөздің басын қосып ойын еркін айта алмайды. Бұның бәрі грамматиканың жоқтығынан! Сондықтан, кемшіліктерімізді ескеріп, жаңа жобаны қолдайық!
Айзада
Қазақ тілі оқулығы мен бағдарламасы өз атына сай болып қалуы тиіс. Қазіргі “Жаңартылған” деген атпен қолданып жүрген бағдарламаның балаға берер білімі шамалы. “Грамматиканы оқытпасақ, пәніміз “қазақ тілі” атауына сай келеді ме?!” деген сұрақ әрбір ұлтын сүйер, ұлтына жаны ашитын ұстаздың көкейінде бары жалған емес. Жаһандану аясында жұтылып кетпей тұрғанда, Ана тіліміздің қадір-қасиетін танытып, ережелерімен таныстыру біздің басты мақсатымыз болуы шарт. Олай болмағанда, тілдік заңдылықтарсыз берілген алуан түрлі білімнен ешқандай пайда болмайтыны анық. Соңғы жылдары оқушылардың жаппай сауатсыздануы, өз ой-пікірін жеткізуде сөз оралымдарын қате құруы тайға таңба басқандай көрініп, бетімізге шіркеу болып жүргеніне түпкі себеп те сол бағдарлама.
Мені қуантқаны, осы мәселелерді көріп қана қоймай, оны тұшынып, олқылықтардың орнын толтыруға атсалысып жүрген тұлғалардың бар болуы. Ұсынылып отырған бағдарлама өте жүйелі, бұрынғы бағдарламаның бар кемшілігін толтырады деп сеніммен айта аламын. Өзгеден үлгі алу – оны сол қалпы көшіру емес, өз болмысымызға бнйімдеу. Сол үшін де ұсынылып отырған бағдарламаны жаппай қолдауға шақырамын. Біздің әрбір кішкентай әрекетіміз ертеңімізге апарар жол салмақ. Ұлтымыздың болашағы үшін, тіліміздің ертеңі үшін аянбайық. Тым құрығанда осы тіліміз үшін өздерін құрбан еткен ардақты Алаштықтарымыздың рухы үшін дәл қазір адал болып, әділ шешім шығарайық! Сауатсыздандыру әрекетіне қарсы шығып, грамматиканы оқытайық. Толық қолдаймыз!
Машрык Аружан
Мен бұл жобаны қолдаймын. Өте жақсы жасалған. Тиімді, әрі түсінікті. Оқып танысып шықсаңыздар, әрі қазақ тілінің болашағы үшін ойлансаңыздар өте керекті зат екенін ұғынасыздар. Жаңартылған бағдарлама қазіргі қазақ балаларын сауатсыз қылып жатыр. 8 сыныптың оқушысынан барып сын есім дегеніміз не деп сұрасаң жауап бере алмай тұр. Бұл тілдің әлсізденіп кеткенін көрсетіп тұр. Балаларға бұрыңғыдай диктант, мазмұндама керек. Әлі де ң мен н-ны айыра алмай жүрген оқушыларда бар. Иә, оқушылар мәтін жағынан, басқа салалар жағынан ақылды, бәрін біліп отыр. Алайда ереже, грамматикалық жағынан сауатсыз болып бара жатыр. Тіл грамматикаға ойысу керек. Сонда ғана тілдің құндылығы артып, орнына келеді. Бұл жоба арқылы тілдің құндылығын арттыратына, сонымен қатар оқушылардың сауатты болатынына мен сенімдімін. Қазақ тілінде грамматиканы оқуға міндетті, ол оқылуы керек. Оған оқытамыз ба деген сұрақтың керегі де жоқ. Қазіргі баланың сауатсыздығын телефоннан көреміз дей берми бізде соған қарсы әрекет етуіміз керек. Грамматиканы үйретпей жатқан мүмкін біз шығар (жаңартылған бағдарлама) осы жағын ойланайық!
Фархад
Саламатсыз ба? Біздің баяғы граматика қоссаңыздар?
Фархад Бейсенбаев
Саламатсыздар ма? Қайырлы күн болсын! Сабаққа грамматиканы сабақ ретінде өтсек деймін. Алдын-ала рахмет!…
Гульжан Нурсултанова
Қайырлы күн! Бағдарлама жасау, оны өзгерту оңай емес. Комиссия құрылған екен, әлеуметтік желі арқылы практтик мамандармен, ЖОО профессорларымен ашық талқыда болуы керек. Бағдарламаға өзгеріс енгізе беріп, министрлік не ұтады? Тағы да ақша шашу, тағы да уақыт өткізу. Жасалған, бұрыннан бар бағдарламаның нәтижесін көрейік да… бағдарлама сапасыз емес, сол бағдарламаға әр пән мағалім сындарлы оқыта отырып, шығармашылықпен жеткізе алуы керек деп ойлаймын. Меніңше, бағдарламаға өзгеріс керек емес деп ойлаймын!
Айгуль
Қолдаймвн 👏”
Бағдарлама грамматиканы тұтас мәтін аясында меңгертуді көздей отырып, оқушының ойлау, талдау және тілдік норманы саналы қолдану қабілеттерін дамытады. Өз ойын сауатты жеткізе алатын болады.
Сондықтан мен бұл жаңа бағытты толық қолдаймын.
Moldir Tulegenova
Қазақ тілі қолданыс құралы ретінде емес, ғылыми-академиялық негізі бекіген міндетті пән ретінде оқытылуы керек.
Жүзбайқызы
Тілдік дағдыларды бұлай жіктеудің негіздемесі нақты көрсетілмеген. Өз алдарына дербес танылатын дағдылардың неліктен біріктіріліп ұсынылғаны түсініксіз. Аталған тілдік дағдыларды біріктірген жағдайдың өзінде күтілетін нәтиже түрінде ұсынылған оқу мақсаттарының ара салмағы тең емес. Мәселен, продуктивті дағдыларды біріктіруде айтылымға тек бір ғана оқу мақсаты (ойды жүйелі жеткізу бөлімінде) арналған. Қалған 4 оқу мақсаты оқушының жазылым дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Тілді жетік меңгерудің негізгі көрсеткіші – сөйлеу. Жазу мен сызу болмаған дәуірдің өзінде қазақ тілінде шебер сөз сапталып, талай аңыздар мен жырлар өмірге келген. Сол себепті басымдықты жазылым дағдысына беру де негізсіз деп танимыз.
Мәтін құрастыру (айтылым, жазылым) атты бөлімнің бірінші бөлімшесінде (мәтін бойынша жұмыс бөлігі) 5.3.1.1, 6.3.1.1, 7.3.1.1, 8.3.1.1, 9.3.1.1 кодтарымен берілген оқу мақсаттарында диктант пен мазмұндама жазу қамтылған. Бұл тұсқа диктантты және мазмұндаманы қосудың қажеті жоқ. Әлемдік деңгейде тілді оқыту әдістемесінде диктанттың жазылым емес, тыңдалым дағдысына жататына әбден дәлелденген. Диктанттың 100-ге тарта түрі бар. Оның түрлерін (3,5,7 минуттық түрлерін) мұғалім өз сабағында емін-еркін қолдана беруіне болады. Жазылым дағдысының мәні тек қолға қалам ұстап жазу емес (ескі көзқарас бойынша), ойдың жемісі болуымен маңызды.
Мәтін талдау бөліміне қарасты «мәтін мазмұнын тану» бойынша оқушының тыңдалым дағдысын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған оқу мақсаттарының ішінде жанрлық ерекшелігіне сәйкес дауыстап/үнсіз оқиды деген қисынсыз сөйлемдер кездеседі. Оған қоса, мәтін құрылымын тануда 7.1.2.1. Эссе құрылымын талдап біледі оқу мақсаты қамтылған. Бұл жазылым дағдысының жүгі, бұл тұста тұрмағаны дұрыс.
Жалпы үлгілік оқу бағдарламасында оқу мақсаттары прогрессиямен құрылмаған, шиыршық қағидаты көп тұстарда сақталмаған және тым ауқымды (мысалы, тіл жүйесі бөлігінде 5.2.2.1, 6.2.2.1, 9.2.2.3 кодымен берілген оқу мақсаттары). Бір мақсат көлемінде көптеген әрекеттер қамтылған.
Жанрлар сынып бойында ретсіз ұсынылған.
Оқу мақсаттары Блум бойынша ең төменгі деңгейлерде берілген, «салыстырады», «талдайды», «бағалайды» деген етістіктер алынбаған.
Лексикалық тақырыптың орнына грамматиканың ұсынылуы да тілді оқытудың коммуникативтік тәсілдемесіне қайшы. Жалпы алғанда, оқу бағдарламасында коммуникативтік құдыреттіліктің мәні ашылмаған.
Жұлдыз
Оқушылар үшін пайдалы маңызды деп есептеймін
Жұлдыз
Мен бұл жобаны қолдаймын.Тиімді және түсінікті екен
Құралай
Жақсы тиімді екен, қолдаймын👍
Динара
Қолдаймын, жақсы екен
Гульназ
Өте дұрыс, қолдаймын 👍👍👍
Динара
Оқушылар үшін пайдалы
Шұғыла
Қолдаймын. Бұл жобаның, ең бастысы, грамматикалық тақырыпқа негізделгені, тыңдалым/айтылым, оқылым мәтіндерінің тақырыптары ұлттық рухты күшейтуге бағыттап берілгені барша тіл мамандарын қуантатыны сөзсіз. Тіл заңдылықтары ретімен жүйелі берілген, әйтсе де құрмалас сөйлемнің түрлері 9-сынып оқушыларына арналуы керек. 8-сыныптар үшін күрделі болады. 9-сыныпта лицей сыныптың өзі әрең түсініп жатыр. 8-сыныпқа сөйлем мүшелері мен жәй сөйлемдер түрлері қалғаны дұрыс. Құрмалас сөйлемдер ауыр болады. Стильдерді 10-сынып базасында оқытқан дұрыс. 8-сыныпта 4-тоқсанда тұрған түсініктеме мен өтінішті алып тастап, стилистиканы толықтай 10-сынып тақырыбына қалдырған жөн.
Стильдерді шашпай, 1 ғана 10-сынып базасында оқыту дұрыс деп санаймын. 9-сыныпта сол пунктуацияны жүйесімен, ретімен асықпай оқушы бойына сіңіртуді басты жолға қойып берсеңіздер. Барлық пікірім тәжірибеге сүйеніп жазып отырмын. Енді оқу бағдарламасы ретке келе бастағаны барша мұғалімдерімізді қуантты. Тағы 1 айта кетерім — жазылымда мазмұндама мен эссе сөз санын 20-30 сөзге қысқартсаңыздар. Шығармашылық жұмыста ойланып барып жазу керек екенін ескерсеңіздер, оның бәрі уақытты қажет етеді. 45 минутта жазу үшін сөз саны тым көп. Ал 25 минуттық БЖБ кезінде алынатын жазба жұмысының сөз саны мұғалім құзырына беру керек, себебі өз сыныбының деңгейін мұғалім өзі жақсы біледі. Егер ұсыныстарымыз қабылданса қуанамыз. Бұл пікір лицейдің 21 мұғалімінің пікірі.
Жанар С.
Бағдарламаны оқып шықтым. Қолдаймын!
Саяхат Анеп
Қолдап жатқан әріптестер көп екен, пікір қалдыру үшін толық оқып, зерттеп, содан не үшін қай тиімділігі үшін қолдайтындарыңызды ашып жазып кетсеңіздер. Жалпылама қолдаймын деген пікірлеріңіз зиян тигізіп жатпасын. Мақсаттар бірізді жүйеленгенмен, мәтінге көбірек басымдық берілген.Алайда, мәтін тақырыптары өте ойға қонымды екен.
Данай Д.
Бағдарламамен келісемін. Қазіргі оқу бағдарламасында грамматикалық тақырыптар нақты қамтылғандықтан пәннің деңгейі түсіп қалды. Оқушылардың ойымен айтсақ, ғылыми негізі жоқ, маңызы емес деп санайтын пәндердің қатарына еніп кетті. Сауатты мәтін жаза алмайды, шығарма, эссе жаза алмайды, пунктуациядан хабары жоқ қазіргі оқушылардың. Себебі бұрынғыша диктант жазбайды, грамматиканы түсінбейді. Сондықтан қазақ тілінің грамматикасын қайтарғаны дұрыс.
Сара
Бұлы жобада қате көп, жұмыс аяқталмаған. Диктант берілген, оған көпшілік қуанып отыр екен. Диктантқа сәйкес оқу мақсаты берілмеген, диктант БЖБ, ТЖБ ретінде қолданылса, оған қай оқу мақсаты сәйкес келеді? Жобада «орфоэпиялық, орфографиялық нормаларды түсіну» деп берілген, Блум таксономиясы бойынша қолдану деңгейіне жете алмаса, ол оқу мақсатының, диктанттың сауаттылық үшін пайдасы қандай? Диктант қалай бағаланады? Түсіну — критериалды бағалау бойынша тым жалпылама, «өлшенбейтін» етістік. Жобаны мектеп өмірінен алыс мамандардың құрастырғаны осындай қателерден-ақ тайға таңба басқандай анық көрініп тұр.
Аманкуль
Оқу бағдарламасында берілген оқу мақсаттары шұбалыңқы, күрделі, бір-бірімен қалай байланысатыны анық емес, қалай жүзеге асатыны да түсініксіз. Мысалы, «7.1.1.1сөйлеушінің сөйлеу мәнеріне, тіл байлығына мән беріп, мәтінді тыңдау/ орфоэпиялық нормаға сай оқу/ сұрақтарға нақты мысалдармен жауап беру, проблемалық сұрақтар қою,қосымша дерек келтіреді/ негізгі және қосымша ақпаратты, құндылықтарды анықтау» деген оқу мақсатында оқушылар қандай әрекетті жасап, дағдыны жүзеге асыратыны қисынсыз! Проблемалық сұрақ қою, қосымша дерек табу сияқты дағдылар бар, бірақ олар тым көп, бір-біріне қабаттасып кеткен, сондықтан оқушының жас ерекшелігіне сай келуі күмәнді. Негізгі және қосымша ақпаратты ажырату тапсырмалары берілген, бірақ ол басқа мақсаттармен шатасып тұр, жүйелі емес. Жалпы алғанда, оқу бағдарламасында тапсырмалар саны көп, бірақ мақсат пен күтілетін нәтиже анық емес, оқушылар үшін қиын, күрделі, көбіне шұбалаңқы берілгендіктен, бағдарлама мазмұны жеткілікті деңгейде түсінікті емес.
Даулет Дархан
ОРЫС ТІЛІНІҢ ҚЫСҚАРҒАН 1 САҒАТЫН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ БЕРУ КЕРЕК. Аптасына 3 сағат оқысын бала, кітап оқымайтын ұрпаққа 1 сағаттың өзі кәдімгідей көмек. Сонда қазақ тілі -3 сағат, әдебиет — 3 сағаттан болады. 8 бен 9 сыныптарға тілден 2 сағат аз. 3 сағат қылу керек!!
ДАКИШЕВ ДАНАЙ
“Қазақ тілі” 5-9 сыныптарда 3 сағат;
“Қазақ әдебиеті” 5-9 сыныптарда 4 сағаттан оқытылуы керек!!
10-11 ЖМБ бағыты “Қазақ тілі” пәнін қор қылып 1 сағат етпей, 2 сағаттан оқысын, оның қасында “Орыс тілін” 2 сағаттан оқып отыр, тілдің мәртебесі қайда?
Махаббат
Ұсынылып отырған бағдарламаға толықтай қолдау білдіремін. Соңғы жылдары оқушылардың функционалдық сауаттылыққа басымдық беріп жүріп, грамматикадан әлсіреп қалғаны жасырын емес. Қазақ тіл білімінің салаларын жүйелі оқыту арқылы да оқу сауаттылығын дамытуға болады. Сол себепті артық тақырыптармен оқушыны жүктегеннен гөрі, тілдің грамматикалық негіздерін терең меңгерту қажет.
Жобаның ең құнды тұсы — грамматикалық тақырыптардың ретімен, жүйелі берілуі және тыңдалым, айтылым, оқылым мәтіндерінің ұлттық рухты күшейтуге бағытталуы. Бұл барлық тіл мамандары үшін қуанарлық жағдай деп ойлаймын. Сондықтан грамматикаға қайта бет бұру өте дұрыс деп есептеймін. Диктант, мазмұндама сияқты классикалық әдістерді қайтару да маңызды. Тілді меңгертудің өзегі — грамматика. Егер осы ұсыныстар қабылданса, бұл жоба тілдің құндылығын арттырып, оқушылардың сауаттылығын күшейтетініне сенімдіміз.
Арнур
Ұсынылған бағдарламаға толығымен оң көзқарас танытамын. Соңғы уақытта оқушылар функционалдық сауаттылыққа көбірек мән беріп, грамматикалық білімдерінің әлсіреп кеткені байқалады. Тілді оның негізгі салалары бойынша жүйелі оқыту — оқу сауаттылығын дамытуға да ықпал етеді. Сол себепті оқушыларды қажетсіз мазмұнмен ауыртпай, қазақ тілінің грамматикалық базасын тереңдетіп үйрету әлдеқайда тиімді деп ойлаймын.
Нуржамал Доскулыевна
Ұсынылып отырған бағдарламаны қолдауға толық негіз бар деп есептеймін. Соңғы жылдары функционалдық сауаттылыққа басымдық беру барысында оқушылардың грамматикалық дағдылары әлсіреп қалғаны жасырын емес. Қазақ тілінің негізгі салаларын бірізді, жүйелі түрде оқыту оқу сауаттылығын арттырудың ең тиімді жолдарының бірі. Сондықтан мазмұны ауыр, артық тақырыптарды көбейткеннен гөрі, тілдің грамматикалық қырларын терең меңгертуді бірінші орынға қою қажет.
Жобаның ең құнды қыры — грамматика бөлімдерінің ретімен, сабақтастырып берілуі және тыңдалым, айтылым, оқылым материалдарының ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталуы. Бұл тіл мамандары үшін қуантатын жаңалық. Осы тұрғыдан алғанда, грамматикаға қайта назар аудару дер кезінде жасалған қадам деп ойлаймын. Сонымен қатар диктант, мазмұндама сияқты дәстүрлі әдістердің қайтарылуы да маңызды шешім. Өйткені тіл үйретудің негізінде дәл осы әдістер жатыр.
Жоба жүзеге асса қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, оқушылардың тілдік сауаттылығын күшейтуге үлкен серпін беретініне сенім мол.