ҮОБ Информатика және жасанды интеллект 5-9-сынып

15 комментариев к “ҮОБ Информатика және жасанды интеллект 5-9-сынып”

  1. Жулдыз

    Сәлеметсіздер ме. Жобамен танысып оқып шықтым, 5,6 сыныптағы тақырыптар оның ішінде жасанды интеллектпен ойын құру деген тым күрделі деп ойлаймын. Балалардың деңгейі оған жетпейді. 5,6 сыныпта жалпы Жасанды интеллектіні қолдану түрлерін оңай жолдармен қарастырып көрсеткен дұрыс сияқты. Мысалы промпты қалай дұрыс жазу керек деген сияқты қарапайым түсіндіру мен практикалық жұмыстар болғаны дұрыс сияқты.

  2. Гаухар

    Сәлеметсіздер ме. Жобамен танысып шықтым. 5-6 сынып тақырыптары баланың жас ерекшеліктеріне қарай тым күрделі деп ойлаймын.

  3. Балжан

    Саламатсыздар. Жасанды интеллектіні 9 сыныптан бастаса да болады. Сосын мектептерге ең бірінші материалдық техникалық базаны реттеу керек, интернет тұрақты барлық компьютерге таралатын болу керек. Жасанды интеллекті тек интернетпен ғана жасайды. Жиды тегін ету керек

  4. Шамсияат

    Саламатсыздарма, ия ауыл мектептерінде база жоқ, 2012 ж компьютерлер,интерактивті тақталар мүлдем жоқ бір сынып емес бір мектепте біреуде жоқ. Дұрыс бағдарламалар ЖИ ді қосқаны дұрыс . Бірақ жас ерекшелігіне де қарау қажет

  5. Сакен

    Сәлеметсіздер ме. ЖИ ді пайдалану үшін мектептерде материалдық техникалық базаны (компьютер, интернет, ақысыз ЖИ т.б) дұрыстау керек.

  6. Алтынай

    Саламатсыздар ма әріптестер? Жобаны қарап шықтым, алайда баланың жас ерекшелігіне, ойлау қабілетіне қарай ЖИ- ді қосу керек деп ойлаймын. Жалпы жоғарғы сыныптарға қосып бастаған дұрыс болар еді. Жалпы менің ойым осылай

  7. Жасмурат

    Саламатсыздарма. Аптасына 3 4 сағат болса үйретуге болады

  8. Айнур Аяганова

    «Информатика және жасанды интеллект» пәнінің мазмұнын қайта қарау қажет. Бағдарламада ИИ тек PROMPT жазумен шектелген, бұл жасанды интеллекттің мәнін толық ашпайды және оқушылардың алгоритмдік, сыни ойлау дағдыларын дамытпайды.
    Сонымен қатар курс құрамында машиналық оқыту, нейрондық желілердің негіздері сияқты маңызды компоненттер жоқ. Бұл пән атауына және қазіргі білім стандартына сай келмейді.
    9-сыныпқа MS Access енгізу де қиындық туғызады, себебі ол енді тегін емес және барлық мектептерде қолжетімді емес.
    Осыған байланысты ТУП мазмұнын заман талабына және мектептердің нақты мүмкіндіктеріне сәйкестендіріп қайта қарауды сұраймын.

  9. Серікжан

    5 сыныпта робототехниканы қалдырыңыздаршы өтініш, және 6 сыныптан бастап Python бағдарламалау тілін оқыту бола берсін бұрынғыдай, 9 сыныпқа Access керек емес деп ойлаймын. Және де информатика 5-11 сыныптар үшін аптасына 2 рет өтілсе жақсы болар еді.

  10. Нұрлан

    Сәлеметсіздер ме. ЖИ ді пайдалану үшін мектептерде материалдық техникалық базаны (компьютер, интернет, ақысыз ЖИ т.б) дұрыстау керек және баланың жас ерекшелігіне қарай

  11. Абылай Асылханов

    Апталық сағат жүктемені көбейту керек аптасына 1 рет деген қиын жағдай оқушылар қанша жерден тақырыпты түсінгенімен келесі аптада естен шығып отырады аптасына 3 немесе 4 сағаттан қойса біз информатиктер оқушыларды цифрланлыруға толық жұмыс жасай аламыз

  12. Информатика – тек пән емес, заман талабы.
    Ол оқушыны:
    логикалық ойлауға,
    технологияны қолдануға,
    болашақ мамандыққа бейімделуге,
    мәселені алгоритмдік жолмен шешуге
    үйретеді. Күрделі пән сондықтан сағат саны аптасына 2-3 сағат болуы керек деп ойлаймын.

  13. Чинар Бабатаева

    Істеріңізге сәттілік! «Жасанды интеллект» деп пән атауына қосылмасын, себебі «Информатика» ғылымының өзі ақпараттарды өңдеу ғой.
    Әр сыныптың І — тоқсанда бір тарау ретінде » Ақпараттардың түрлерін өңдеу» деп, толық ЖИ құралдарын практикалық жұмыстарымен қарастырып, қалған информатика тақырыптарында қолдануға ұсыныс жасап, қарастырса тиімді болар еді. Ұсынылған Бағдарламада ЖИ тек PROMPT жазумен шектелген, бұл жасанды интеллекттің мазмұнын толық ашпайды және оқушылардың алгоритмдік ойларын шатастырады, сыни ойлау дағдыларын дамытпайды.
    Сонымен қатар, курс құрамында машиналық оқыту, нейрондық желілердің негіздері сияқты маңызды компоненттер жоқ. Бұл пән атауына және қазіргі білім стандартына сай келмейді. 9-сыныпқа MS Access — барлық мектептерде қолжетімді , тегін емес болғандықтан қиындық туғызады. OpenServer және т.б келесі сыныптарда ары қарай жалғастыратын бағдарлама тізбегі, яғни жеңілден күрделіге қағидатын ескеріп, 10 сыныпта MySql жалғастыру үшін қарастырылсын. Осыған байланысты ТУП мазмұнын заман талабына және мектептердің нақты мүмкіндіктеріне сәйкестендіру. ЖИ практикалық жұмыстарға негізделгендіктен Информатика пәнін 2 сағат ретінде Бағдарламаны қайта құрып, қарауды сұраймын.

  14. Досымхан Сейтхазиев

    Информатика пәнінде бөлім бойынша жиынтық бақылау, тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мәні тек 10-11 сыныптарда ғана байқалады, оның өзі жаратылыстану-математика ба:ытында оқитындар үшін ғана толыққанды. Сондықтан қалған жай сыныптар үшін аптасына екі сағаттан, ал профильдік сыныптарға аптасына үш сағаттан жасаса өте жақсы болар еді. Сағат санын арттырмайынша оның мазмұнын талдаудың еш мәнісі жоқ. Себебі кей сыныптарда(9 сыныпта) Python бағдарламаcы массивтен басталып кеткен. Информатика пәнін ҰБТ да таңдау пәніне енгізу үшін алдымен сағат санынан бастау керек. Бастауыш сынып үшін аптасына бір сағат, ал орта буын үшін екі сағаттан жасаса, ал 10-11 сыныпта үш сағат жасаса, оқушылар ҰБТ ға информатика пәнін мақсатты түрде таңдаған болар еді. …

  15. Абдужамиль

    ЖИ университет қабырғасында оқытылады. Жалпы бастауыш былай тұрсын мектеп қабырғасында ЖИ өтілу күрделі. ЖИ дайын платформаларды пайдалану болса ол басқа мәселе. Ал, ЖИ алгоритмдерін зерттеп талдап, жазу өте қиын мәселе. Өтілсе де 11 сыныптарда жеңіл түрде өтілу қажет. Жалпы оқушылардың деңгейіне қарап іс-әрекет жасау қажет, айналада қандай да бір жаңалық шықса білім саласына тықпалай берген дұрыс емес. Ұсыныс: Информатика пәні заман талабына сай аптасына 2-3 рет болғаны дұрыс, 1 рет аздық етіп жатыр. Өтініш баланың деңгейін ескеріңіздер, онсыз да милары ашып жүр, сабақтан бездіріп жібермейік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх