Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы №399 бұйрығына сәйкес бекітілген «Еңбек» пәнінің оқу бағдарламасы құрылымы жағынан жүйелі болғанымен, оның мазмұны заман талабына, әсіресе креативті индустрия бағытына сай келмейді. Бағдарламада оқушылардың қол еңбегі, тұрмыстық дағдылар, материалдармен жұмыс істеу сияқты базалық қабілеттерін дамыту көзделгенімен, ол XXI ғасырдағы басты құзыреттердің бірі — шығармашылық, цифрлық және дизайндық ойлауды қалыптастыруға нақты жағдай жасамайды.
Бағдарламадағы оқу мақсаттары да ескі идеологиялық ұстанымның жалғасы іспетті. Мысалы, ұлдарға арналған бөлімдерде электр техникасы, ағаш және металл өңдеу, ал қыздарға арналған бөлімдерде гүл шаруашылығы, аспаздық және тігін ісі қарастырылған. Қыздар бесінші сыныптан тоғызыншы сыныпқа дейін тігін машинасының құрылысын, матаны пішуді және киім үлгісін жасауды үйренеді — бұл мазмұн оқушыны болашақ тұрмыстық рөлге дайындауға бағытталған, яғни кеңестік еңбек тәрбиесі жүйесінің қалдығы болып отыр. Ал қазіргі қоғамда білімнің мақсаты — жыныстық рөлдерді емес, шығармашылық қабілеттер мен технологиялық икемділікті дамыту.
Гендерлік ерекшелікке қарай оқыту тәсілі қазіргі заманда тиімсіз, себебі ғылыми зерттеулер (Fine, 2017; Hyde, 2014) көрсеткендей, «ерлердің техникалық», «әйелдердің көркемдік» қабілеттері туралы түсінік – миф, ал креативті ойлаудағы айырмашылықтар әлеуметтік факторларға байланысты. OECD PISA 2021 Creative Thinking Report деректері де қыздардың инженерлік және технологиялық жобаларға қатысқанда креативті нәтижелерінің арта түсетінін дәлелдеді.
Бұған қоса, пәннің аптасына бір сағат қана өткізілуі оқушылардың жобалық, зерттеушілік және шығармашылық ойлау қабілеттерін жүйелі дамытуға мүмкіндік бермейді. OECD (2021) және UNESCO (2023) зерттеулері креативті дағдыларды дамыту үшін оқыту үдерісінің үздіксіз тәжірибеге және пәнаралық байланысқа негізделуі тиіс екенін көрсетеді.
Алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі, әсіресе Финляндияның “Crafts” және “Design Thinking” бағдарламалары, оқушыларға өз жобасын жасау барысында 3D модельдеу, цифрлық графика, экодизайн, кәсіпкерлік сияқты дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің арқасында Финляндия PISA 2022 нәтижесінде креативті ойлау бойынша әлемде алғашқы бестікке еніп, оның 39% оқушылары жоғары деңгейге жеткен. Ал Қазақстан 64 елдің ішінде шамамен 51-орында қалып отыр (орташа балл – 24, OECD орташа – 33).
Сондықтан, қазіргі «Еңбек» пәнін жаңғырту барысында қыздар мен ұлдарға ортақ креативті өнеркәсіп салаларына бағытталған мазмұн енгізу қажет:
дизайн, digital art, медиа және анимация, game development, сценарий жазу, 3D модельдеу және т.б. бағыттар оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.
Қорытындылай айтқанда, пәннің атауының өзі — «Еңбек» — бүгінгі креативті экономика дәуірінде идеологиялық және мазмұндық тұрғыдан ескірген. Қазақстанға креативті қоғам қалыптастыру үшін бұл пәнді “Art & Design” сияқты жаңа форматқа ауыстырып, мазмұнын гендерсіз, жобалық және инновациялық бағытта қайта құру қажет.