Қазақ тілі 1-бөлім 3-сынып оқыту қазақ тілінде емес(AOT0036)

23 комментария к “Қазақ тілі 1-бөлім 3-сынып оқыту қазақ тілінде емес(AOT0036)”

  1. M.Бопанова

    3-сынып қазақ тілі оқулығы өте қызықты және түсінікті жасалған. Жаттығулар мен тапсырмалар балаларға қазақ тілін жақсы меңгеруге көмектеседі.

  2. Бибигуль

    Өте жақсы оқулық:жас ерекшеліктеріне сай безендіріліп,айтылым тапсырмалары түсінікті :аз сөзді түрлендіру арқылы беріпті
    Шолып қарағанда-көңіл толтырарлықтай екен
    Жазылым тапсырмалары қызықты және тиянақты ,дайын ең бастысы

  3. Әр сабақтың оқу мақсаты неге берілмеген екен оқулық бетінде, сабаққа арқау етіп алынған оқу мақсаты не екенін көрмеген соң қиындау екен. Жалпы, оқулық жақсы. Әсіресе кері байланыс алу үшін, оқушының өзін-өзі бағалау үшін арнайы ұсынылған соңғы тетік жақсы екен.

  4. Дархан

    Грамматикалық білім жүйесіз, шашылып ұсынылған екен. Жаңа сөздер сол сабақ шеңберінде қалып қойған, соны реттеп жіберсеңіздер керемет болар еді.

  5. Ақманар

    Оқулықта берілген материалмен бірге оның түсі де, суреттері де маңызды, балаға әсер етеді, баларға қызықты болады. Осы жағынан түстерді өте жақсы үйлестірген, тапсырмалар бір-бірімен байланысты, тіл үйренуге жақсы көмектеседі. Мәтіндер, ертегілер, әндетіп айтуға берілген тақпақ та нәтижеге жетелейді. Оқулықтың бір бөлімін берсе де, жүйелі, ойластырылған оқулық екені көрініп тұр. Баспа мен авторларға сәттілік тілеймін!

  6. Омарова Дина Жусубалиевна

    Орыс сыныптарына арналған 3-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығы оқушылардың тіл үйрену деңгейіне сай құрастырылған. Оқулықтағы материалдар жүйелі, қарапайымнан күрделіге қарай берілген. Тапсырмалар оқушылардың сөздік қорын молайтуға, дұрыс сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
    Мәтіндер оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес таңдалған және күнделікті өмірмен байланысты. Диалогтар мен жаттығулар қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасауға үйретеді. Көрнекі суреттер мен қызықты тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
    Жалпы алғанда, оқулық қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгеруге тиімді құрал болып табылады және оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

  7. Эльмира

    Өте жақсы оқулық, тапсырмалары оқушыдардың жас ерекшеліктеріне арналып жазылған екен

  8. Айсауле

    Балам 2 сынып оқушысы, келесі жылы осы оқулықпен оқыса, жаттығулары мен тапсырмалары ұнап жатыр

  9. Жазира

    Өте жақсы оқулық, тапсырмалары оқушыдардың жас ерекшеліктеріне сай

  10. Бақыт

    1-сыныпта бастаған оқулыққа келеді екен. Қазіргі 3-сыныптың оқулығына қарағанда материал аздау сияқты, бірақ нақты жүйелі. Суреттері сәтті шыққан. Бастысы, өмірде қолданатындай сөздермен, сөйлемдермен тапсырмалары бар. Қазақ тілін өзге тілділерге осылай қиындатпай, өмірде қолданады деген сөздермен келтіргені ұнады👍🏻Сәттілік

  11. Әйнел

    Осы сайтта орыс мектебіне арналған 3-сыныптың Қазақ тілі оқулығының бір бөлімі ұсынылған. Оқулық бағдарламаға сәйкес жазылған, бөлімнің сөздік қоры жан-жақты қолданғаны және қайталанып отырғанын көреміз. Материал жинақы, бір-бірімен байланыста жасалған, оқу, айту, сұраққа жауап беру, жазу т.б. тапсырмалары оқушының қазақ тілін меңгеруіне көмектеседі. Бөлімнің басында берілген кіріспеде бөлімнің басты құндылығы мен осы бөлімде оқушылардың жетуі керек оқу мақсаттары оқушыға да ата-анаға да жақсы бағдар болады. Әсіресе “Шығарма туралы айтып үйренейік” пирамидасы оқушыларды сөйлеуге шығарады, бұл тілді үйренудің ең басты мақсаты. Одан басқа айтуға, сөйлеуге шығаратын тапсырмалар көп, мысалы тірек сұрақтарға жауап беріп, тақырып бойынша айту, жеке пікірін айту, ойын дәлелдеу. Осының бәрі оқулықтың тиімді екенін әрі нәтижеге жетелейтінін көрсетеді.

  12. Айжан Ауғанбаева

    Суреттері де, тапсырмалары да, мәтіндері де 3-сынып оқушысына қызықты, тартымды. Қазақ тілінің функционалды грамматикасын осылай, жеңілдетіп, өмірмен байланыстырып беру керек. Оқулық ұнады. Әр сабақта нені қалай үйрету керегі тайға таңба басқандай анық көрініп тұр. Осындай оқулықтар керек біздің мектептерге. Авторларға мың алғыс!

  13. Zina Aitbayeva

    3-сынып оқулығының 1-бөлімін толық қарап шықтым. Оқулық тіл үйренуге өте қолайлы жазылған! Оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым толық 4 дағды өте жақсы қарастырылған! Оқушылардың, яғни 3-сыныптың оқушыларына бейімделіп жазылған екен! Келесі оқу жылында осы оқулықпен жұмыс жасаймын деген ойдамын, себебі, 15 жыл осы бастауыш сыныптарда сабақ беріп келемін. Біздің балаларға осындай жақсы бейімделіп жазылған оқулық на керек-ақ!

  14. Алтынай

    Оқулықты толық қарап шықтым. Оқулық өте жүйелі, бір ізділік сақтала отырып жазылған екен. Сөздерді жалғаулармен түрлендіріп, қайталап беріп отырған, ол оқушының сөзді толық меңгеруіне мүмкіндік береді. Оқулық балалардың жас ерекшеліктеріне сай келеді. Алынған мысалдары күнделікті өмірде кездесетін жағдайлармен сәйкес алынған екен. Жалпы тапсырмалары балаларды оқытуға өте ыңғайлы. Өзім оқып отырып біраз тапсырмаларын жасап та үлгердім. Тапсырмалары қызықты және адамды ойландырады.

  15. Базархан

    Базархан
    Оқулық мазмұнды,сауатты, түсінікті жазылған. Әрбір мәтін, тапсырма арнайы көркем суреттермен безендірілген. Оқушылардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған сапалы оқу құралы болып табылады. Оқулық мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай құрастырылып, тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыруға негізделген.
    Оқулық құрылымы жүйелі әрі түсінікті. Әр бөлімде жаңа сөздер, тілдік үлгілер мен грамматикалық тақырыптар қарапайымнан күрделіге қарай бірізділікпен берілген. Тапсырмалар оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын кешенді дамытуға бағытталған. Әсіресе, диалогтік жаттығулар мен жағдаяттық тапсырмалар тілдік қарым-қатынасқа еркін түсуге мүмкіндік береді.
    Оқулықтың тілі жеңіл, сауатты әрі түсінікті. Ережелер нақты мысалдармен бекітіліп, жаттығулар арқылы пысықтауға жағдай жасалған. Бұл өзге тілді оқушылар үшін қазақ тілін меңгеруді жеңілдетеді.
    Сонымен қатар, оқулық түрлі-түсті суреттермен көркемделген. Иллюстрациялар мәтін мазмұнын толықтырып, баланың қабылдауын жеңілдетеді және қызығушылығын арттырады. Көрнекілік материалының сапалы берілуі – оқулықтың маңызды артықшылықтарының бірі.

  16. Ботагөз

    Оқулықты қарап шықтым, маған ұнады. Оқушы 1-2-сыныпта үйренгенін 3-сыныпта толықтыра түседі. Сондықтан берілген мәтін, диалог, ертегілер т.б. оқушының білімін жетілдіре түседі. Әсіресе маған “Бұл ертегі ме? Бұл жұмбақ па? Бұл тақпақ па? Бұл мақал ма? Бұл ән бе?” деп сұрақ қойып, соған жауап беруге үйрететін тапсырмалар ұнады. Әрі бұл тапсырманы орындағанда осы сөздерді тек қайталамайды, оған қоса ажырата алуға үйренеді, неге екенін түсіндіреді. Одан да басқа ерекше тапсырмалар бар. Күнде орындаса, қазақ тілін оқушылар қызыға орындайды және үйреніп алады деп ойлаймын.

  17. Мөлдір

    Оқулық жүйелі әрі түсінікті жазылған екен. Суреттер мен түстердің үйлесімділігі балаларды бірден баурап алары анық. Менің ойымша, оқулықтағы баланың жас ерекшелігі (8 жастағы бала), тілді үйрену деңгейі ескеріле отырып ұсынылған тапсырмалар мұғалімнің әр сабақты қызықты әрі тиімді етіп ұйымдастыруына көмек болары анық. Маған «Ой қозғау» тапсырмалары, «Ұлттық құндылық» деген айдары, сондай-ақ кез келген шығарма туралы айта алуға үйрететін құрылым ерекше ұнады. Ұсынылған оқулық мұғалім үшін де, оқушы үшін де өте жүйелі жазылған деп ойлаймын. Мазмұнынан тыс сурет, дизайн жағының өзі де ерекше, бұл оқушының жұмыс істеуіне тиімді болары анық. Авторларға сәттілік тілейміз!

  18. Aigerim Nazar

    Мен оқулықты қарап шықтым. Оқулық өте жүйелі жазылған. Әр тақырыптың жүйелі басталуы, аяқталуы бар. Тақырып тапсырмалары бірізді, өзара байланысты жасалған.Сұрақ қоя отырып жауап беру жақсы қамтылған. Оқушылардың өз ойын айтуға тапсырмалар жақсы жинақталған. Сонымен бірге мұғалімге көп көмектесетін дайын жүйелі оқулық екен. Әр тапсырманың үлкен ыждаһатпен таңдалғаны көрініп тұр. Келесі оқу жылынан бастап осы оқулықпен оқытамыз деген үміттемін.

  19. Мерует

    Мен оқулықты мұқият қарап шықтым. Маған ұнады, балалардың қазақ тілін үйренуіне жақсы мүмкіндік береді деп ойлаймын. Менің екі ұлым да мектепте оқиды, бастауыштың оқулықтарымен оқимыз. Ал бұл оқулықтағы тапсырмалар жүйелі, тақырыптары қызық, балалардың жасы мен қызығушылығын ескеріп жасалған. Әсіресе мәтінмен жұмыс жақсы ұйымдастырылған. Мысалы, алдымен мәтінді шолып оқиды, сонан соң мәтіннің бөлігіне сәйкес келетін сурет табады, мәтінде кездескен жаңа сөздермен жұмыс жүргізіледі, мәтінді тағы бір рет оқып, дұрыс не бұрыс берілген сөйлемдерді белгілейді, тағы бір тапсырмада толықтырып оқиды, толықтырып айтады, сұрақтарға жауап береді, ал соңында тірек сұрақтардың көмегімен өзіне ұнайтын жәндік не басқа жануар туралы айтып береді. Осындай жан-жақты жүйелі жүргізген жұмыс жаңа сөздерді меңгеріп, сөйлем құрап, сөйлеуге шығарады. Бөлім соңындағы Менің ойымша, Кел, қайталайық! Өзіңді тексер сабақтары өте жақсы жасалған, үйренгенін жинақтап, қайталауға, ойын арқылы бекітуге болады. Оқулық авторларына шығармашылық табыс тілеймін!

  20. Айсәуле

    мына оқулықта Көкжиек-Горизонт баспасының оқулықтарындағы «Жаңа сөздер», «Есте сақта!» » «Назар аудар» деген рубрикалары жүр. Басқа баспаның оқулықтарынан неге ұрлап алады? Бұл — плагиат қой!?

  21. Айсәуле

    мына оқулықта Көкжиек-Горизонт баспасының оқулықтарындағы «Жаңа сөздер», «Есте сақта!» » «Назар аудар» деген рубрикалары жүр. Басқа баспаның оқулықтарынан неге ұрлап алады? Бұл плагиат! Авторлардың өз концепциясы болуы керек.

  22. Айсәуле

    Тапсырыспен пікір жаздыруды доғару керек. Сонымен қатар, білікті мамандардың пікіріне құлақ түру керек деп ойлаймын

  23. Мария

    «Жаңа сөздер», «Есте сақта», «Назар аудар» айдарларының «Көкжиек» баспасының оқулығынан алынды» деген пікірмен келіспейміз. Өйткені бұл айдарлар – тек «Көкжиек» баспасының оқулығында ғана емес, жалпы оқулықтарда жиі кездесетін дәстүрлі элементтер. Аталған айдарлар оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру мақсатында кеңінен қолданылатын стандартты тәсілдер саналады. Жаңа сөздер, есте сақтау және назар аудару сынды маңызды аспектілер басқа да пән оқулықтарында кездеседі.
    Осы пікірді оқығаннан кейін мен оқулықтың редакторы ретінде «Көкжиек» баспасының «Қазақ тілі» оқулығын арнайы қарап шықтым. Екі оқулықтың концепциялары бір-біріне мүлдем ұқсамайды екен. Екі оқулықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу материалдарын меңгертуге арналған тапсырмалар, сұрақтар, мәтіндер, сюжетті суреттер мен жеке суреттердің қайталануы байқалмады. Сонымен қатар екі оқулықтың мазмұн құрылымы мен ұсыну әдістері бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленіп тұр, бұл оқулықтардың әртүрлі екенін көрсетеді. Мәселен, нақты осы оқулық авторларының бұған дейін жарық көрген оқулықтарында да бұл айдарлар қолданылып келді (2011, 2016, 2021 жылы жарық көрген), сондықтан «плагиат» деп негізсіз айыптаудан аулақ болып, оқулықтар мазмұнын жақсартуға, жетілдіруге көмек болатын сын-пікір білдергеніміз абзал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх