Ғажап! Оқулықтың ашылу беті қандай десеңізші! Маған оқулық ұнады. Неге екенін түсіндіріп жазайын. Алдымен әр сабақтың оқу мақсаты анық, түсінікті, оқушы тілімен берілген. Екінші, оқушының алдыңғы сыныптан білетін білімін жаңғырту, еске түсірту үнемі ескерілген, ол үшін бірінші сабақтың өзінде ойын беріліпті, жаңа білім оқушының бұрыннан бар біліміне сәл үстемеленіп отырған, жаңа лексиканы меңгертуде анық байқалып тұр. Тақырып нақты, үйреніп шығуы тиіс білім аясы нақты. Грамматикасы да жүйелі ұсынылыпты, алдымен заттың атауына қатысты кім? не? сұрағына жауап беретін сөздер меңгертіледі, содан соң сол сөздерге көптік жалғау берілген. Келесі сабақта ілік септігі алынған. Одан кейінгі сабақта жатыс септігі бағдарға алынады. Бұл тұста маған ұнағаны грамматикалық білімді қолданыстық тұрғыда меңгерту көзделген. Ерекше көзге түскені — сөздердің айтылуына үнемі мән берулері авторлар тарапынан дұрыс болыпты. Тілді меңгертуге қатысты бір бөлім ішінде қанша ойын ұсынылған, бұл керемет қой. Балалардың жас ерекшелігіне сай өлеңдер мен тақпақтар да жазылыпты және ол тақпатар ішінде жаңа сөздер кірігіпті. нағыз шығармашылық көрініп тұр. Шынайы өмірмен байланыс бар. Тек ұнамағаны — орыс ертегісін алмасақ болмас па еді. Оқушыны қызықтыратын, көңілденіп отырып оқитын оқулық деп бағалап отырмын. авторлық құрамға табыс тіледім.
Айнур
Ата-ана ретінде қарасам, оқулық тым жақсы екен. Аударма берілмесе де балама жеңіл болады деп ойлаймын
Алия
Оқулық өте жүйелі жазылған. Жаңа сабақтың оқу мақсаты түсінікті. Жаңа сөздер анық көрсетілген. Ол сөздер лексика-грамматикалық минимумнан алынған. Тарау бойынба барлық меңгертілуі тиіс сөздер әр сабаққа телініп сабақтың лексикалық тақырыбына сай мақсатты бөлінген. Жаңа сөздерді санада бекіту үшін жаттығу жұмысы арнайы қарастырылған. Бір сабақ бойында орындалатын тапсырмалар өзара керемет үйлесім тапқан, алдыңғы тапсырма келесі тапсырманы орындауға мұрындық болып тұр. Оқушы алдағы тапсырманы қиындықсыз орындауы үшін барлық қолдаулар рет-ретімен қамтылған. Ең бастысы, оқушыға берілетін сөздік қор мен грамматика қолданыстық деңгейде меңгертіледі, тіпті ол үшін ойын ұсынылады. 3-сынып оқушылары үшін алған білімді әлсін-әлсін бекітіп тұру өте маңызды. Осы тұрғыда оқулық авторлары әр 6 сабақ сайын қайталау, білімді бекітуді назарға алғандары өте орынды болған. Оқулықта еш сурет жай берілмеген, барлығы жұмыс істеп тұр. Шығармашылық тапсырмалар, айтылым дағдысын қалыптастыратын тапсырмалар жете ұсынылған. Ата-ана және мұғалім ретінде осы оқулықтың жаппай қолданысқа берілуін қолдаймын.
Айсәуле
мына оқулықта Көкжиек-Горизонт баспасының оқулықтарындағы «Жаңа сөздер», «Есте сақта!» » «Назар аудар» деген рубрикалары жүр. Басқа баспаның оқулықтарынан неге ұрлап алады? Бұл — плагиат қой!?
Жанибек Кошкинбаев
Бірақ бір маңызды тепе-теңдік бар Мәселе «басқа ұлт ертегісін тыйым салу» емес.Мәселе – балансты ұлттық негізге бұру.
Әлемдік фольклор – мәдени байлық.Бірақ негізгі ядро – ұлттық болуы тиіс.
Мысалы:
70% қазақ ертегісі
20% түркі әлемі
10% әлемдік ертегі
Міне, бұл – ұлттық иммунитет.
Ұлттық тәрбие теориясында 3 маңызды ұғым бар:
Мәдени код
Символдық жады
Ертегі арқылы идентификация
Бала:
кімнің батырын тыңдаса – соған ұқсайды
кімнің ертегісімен өссе – соның дүниетанымын қабылдайды
Тәрбие – тал бесіктен.
Ал ертегі – сол бесіктің алғашқы үні.
Бала 3–7 жас аралығында естіген ертегісі арқылы:
жақсы мен жаманды ажыратады
кейіпкерге еліктейді
ұлттық мінез қалыптастырады
тілдік ойлау жүйесі бекітіледі
тарихи сана негізі қаланады
Егер бала санасының 50–60%-ы сырт елдің фольклорымен толса, оның символдық ойлау жүйесі де сол мәдени кодқа бейімделеді.
Мәселенің түбірі
Кеңес дәуірінде:
ұлттық ертегілер шектеулі форматта берілді
орыс фольклоры «ортақ мәдени мұра» ретінде үстем болды мультфильм индустриясы Мәскеуде шоғырланды
Тәуелсіздік алғанымызға 35 жыл өтсе де:
дайын өнімді (мультфильм, кітап) импорттау оңай өзіміздің анимация индустриясы әлсіз
ғылыми қауым ұлттық контентті жүйелі идеологияға айналдыра алмады
Нәтижесінде:
«Шалқан», «Алтын балық», «Колобок» (Бауырсақтың орысша нұсқасы) әлі де үстем
Ал «Ер Төстік», «Алпамыс», «Керқұла атты Кендебай», «Желаяқ», «Таусоғар», «Саққұлақ» жүйелі түрде жаңғыртылмай отыр
Айгерім
Қазақ ертегілері оқулықтың бөлімдерінде молынан қамтылған болар-ау сірә. Енді, орыс аудиториясына (өзге ұлттарға) арналған оқулық болған соң түрлі ұлт ертегілергін қосқан да жөн болар. Бұл өрескел қате емес қой.
Bek Akbergenov
Аталған оқулық мазмұндық және әдістемелік тұрғыдан жүйелі құрылған, бастауыш білім беру талаптарына толық сәйкес келетін сапалы оқу құралы екен. Оқулықта тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым әрекеттері өзара кіріктіріліп берілген, бұл коммуникативтік бағыттың сақталғанын көрсетеді. Спиральді қағида арқылы бұрын меңгерілген білім жаңа тақырыптармен байланыстырылып, оқушылардың тілдік дағдылары біртіндеп тереңдетіледі, бұл Т2 аудиториясы үшін аса маңызды. Лексикалық материал мазмұнға сай іріктелген, жаңа сөздер көбіне контекст арқылы ұсынылады, мәтіндер көлемі жағынан ықшам әрі түсінікті, тәрбиелік және ұлттық құндылықтық мазмұны айқын. Тапсырмалар жүйесі негізінен білу, түсіну және қолдану деңгейлерін қамтиды, сөйлем құрастыру, диалог жүргізу, мәтін бойынша жұмыс жасау дағдыларын дамытады. Коммуникативтік әрекетке арналған жағдаяттық тапсырмалар бар, бұл оқушылардың ауызша тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Жас ерекшелікке сәйкестік сақталған, материалдың күрделілігі біртіндеп өседі, иллюстрациялар мәтінді түсінуге қолдау көрсетеді. Менің ойымша, оқулық құрылымды, тәрбиелік әлеуеті жоғары, әдістемелік негізі мықты, ал тілдік тіректер мен визуалды қолдауды жүйелі пайдалану оның Т2 сыныптарындағы тиімділігін одан әрі арттыра түседі.