Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес). 3-сынып(STX0061)

3 комментария к “Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес). 3-сынып(STX0061)”

  1. Сапура

    Жақсы көреді қазақ тілі пәнін. Өте түсінікті мағыналы.

  2. 9-сыныпқа арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығы мазмұны жағынан өте жүйелі, түсінікті әрі оқушының жас ерекшелігіне сай құрастырылған. Оқулықтағы мәтіндер қызықты, тәрбиелік мәні жоғары және тілдік материалдар бірізділікпен берілген. Теориялық мәліметтер қарапайым тілмен түсіндіріліп, мысалдар арқылы нақты көрсетілгендіктен, оқушылар оны жеңіл қабылдайды.

    Оқулықта функционалдық сауаттылықты дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Берілген тапсырмалар оқушыларды тек жаттауға емес, ойланып жауап беруге, өз ойын еркін жеткізуге, пікірін дәлелдеуге және өмірмен байланыстыра отырып талдауға үйретеді. Мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау және шығармашылық тапсырмалар оқушылардың сөйлеу дағдысын, жазу мәдениетін және сыни ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.

    Жалпы алғанда, бұл оқулық оқушылардың қазақ тілін терең меңгеруіне, әдеби шығармаларды түсініп оқуға және өз ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік береді. Тілі жеңіл, тапсырмалары қызықты болғандықтан, оқу үдерісінде өте тиімді деп есептеймін.

    Құрметпен,
    Абдуллаева Диана

  3. Дархан

    Еңбектеріңіз жансын. Бұл оқулық авторлары оқу бағдарламасында арнайы ұсынылған лексикалық қорды мүлде назардан тыс қалдырған ба, оқушыға тізімдемеде жоқ сөздерді тым артық бере берген секілді. Қосымша алу керек, бірақ бір сабақта 7-8 жаңа сөз ғана алынады. Сөздер тізімі көп болса оқушы оны меңгермей қалады емес пе? Әсіресе, 8,9 сабақтардағы оқушы үшін таныс болмауы мүмкін сөз сандарын көріңіздерші. Грамматикалық қоржын неге жабық болды екен, грамматикаға қатысты мазмұн оқулық бетінен көп орын алады деп ашып жазылмады ма екен? Не себепті мұғалім еншісіне қалдырылды, Оқушы үшін сүйенетін кесте, қысқа ақпарат берілгені жөн еді, қап. Жалпы оқулық жақсы. Авторлар ағылшын тілі оқулықтарын көбірек қараса, ғажап автор болғалы тұр екен. Табысты болыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх