9-сыныптың 4-тоқсанындағы Қажығали Мұхамбетқалиевтың «Тар кезең» романы алып тасталсын, күрделі шығарма. Қазақ әдебиеті қорында оқушының ұғынуына жеңіл шығармалар көп емес па ?!
Фарида
7-сынып оқушылары үшін Ерлан Жүністің «Менің атым –Тәуелсіздік» өлеңі ауыр.
Гульнат
Бір тоқсан тек тіл тақырыбы. Мақсаттар ұзыннан ұзақ шұбалаңқы. Қарсымыз!
Дүйсенова Гүлзағира Қазтайқызы
8-сыныптың 1-тоқсаны күрделеніп кеткен, ал 9-сыныптың 1-тоқсаны баланың жас ерекшелігіне қарай жеңіл. Сондықтан 8-сынып пнн 9-сыныптың 1-тоқсанындағы материалдарды толық бір-бірімен ауыстыру керек. Салыстыру мен бағалау бөліміндегі сыни пікір деген бөлімше бар. Сол жерде бала 5-сыныптан бастап сыни пікір жаза алмайды. Сыни пікірді жазуды 7-сыныптан бастау керек деп санаймын. Осы ескертулерді ескерерсіздер.
Ақсұлу Ш
Оқу мақсаттары жақсы құрылған, бағдарлама құрылымы сақталған. Шығармалар тақырыпқа сай іріктелген. Авторлар тобының жемісті жұмыс жасағаны байқалып тұр.
Меруерт
Жалпы қазақ әдебиеті бағдарламасына шетел әдебиетінің шығармаларын енгізгенге қарсымын. Барлық сыныптарға бір шығармадан енгізіпті. Керек емес. Фантастикалық әңгімелерге оқушылар қызықпайды. Тілі күрделі, оғаш. Мүлде алып тастау керек. Әр сыныпта әр тоқсанда оқитын шығармалар саны өте аз. Шағын әңгімелер мен повестерді неге енгізбеске? 8-9-сыныптарда әдебиет 3 сағаттан, ал оқитын көркем шығарма жыл бойына 2-3-еу ғана. Бұл 5-6-7-сыныптарға да қатысты. Жылына 68 сағат бөлінген сабақта небәрі 15 тақырып. М.Әуезовтың, О.Бөкейдің, М.Мағауиннің, Д.Исабековтің, Ғ.Мүсіреповтің шағын әңгімелері көп емес пе? Ә.Кекілбаевтің де шығармалары бар. Неге соларды молынан енгізбеске? Жалпы бағдарламаға көңілім толмайды? Өзгеріс жоқ!!!
Салтанат
Әдебиетте шығармалар саны аз. Балалар әдебиеті саласында атақты қазақ жазушылар мен атақты шетел жазушыларының шығармалары енгізілу керек. Өйткені қазіргі 8-10-сыныптар шетелдің әдебиеттеріне қызығады.
Қазіргі балаларға арнап жазып жатқан қазақ жазушыларының шығармаларын да енгізу керек. Мысалы: «Болмаған балалық шақ»
Эля
2сағатта оқып, жан-жақты талдауға болатын шағын әңгімелер , баланың жаттау дағдысын дамытатын өлеңдер санын көбейтсе. Бір тақырыпты 4-5 сағат бойы ар-бері төңкеріп, қайталай беруден оқушы да ,өзіміз де жалығып кетеміз. Баланың қызығушылығын қалай арттырамыз? Бұл жолы фантастикалық шығармаларды көбейтіп жіберіпті, тілі күрделі шығарманы түсіну қиынға түседі, соны да ескерсе.
Анар
Фантастикалық шығармаларға оқушылар қызықпайды. «Тар кезең» тарихи романын алып тастау керек. 9-сынып оқушысының жас ерекшелігіне өте күрделі шығарма. 5-8 сынып оқушыларына көбірек қысқа әрі тәрбиелік мәні мен тілі көркем шығармаларды қосу керек. 9-11 сыныпқа қызықты повестер мен романдар берілгені дұрыс.
Айгерім
1. ЖИ-ді оқу мақсатына енгізудің қажеті жоқ, әр мұғалім өзінің әдіс-тәсіліне қарай қолданса жетеді, оған материалдық база жетіспейді.
2. Романдардан үзінді берудің орнына қысқа әрі жеңіл оқушылардың жас ерекшелігіне сай әңгіме, новелла, поэмаларды қосса дұрыс болар еді
Ботагөз
«Тар кезең» повесі мен Е.Жүністің «Менің атым — Тәуелсіздік» өлеңі күрделі әрі бала қызықпайды. Бір тақырыпты 4-5сағатқа созу жалықтырады. Жалпы оқу мақсаттары жеңілдетіліпті.
Айгул
Е.Жүністің «Менің атым-Тәуелсіздік» өлеңін мүлдем алып тастау керек, өлең құрылысы сақталмаған, балаларға түсініксіз шығарма. «Тар кезең» де күрделі. Жалпы шығарма саны аз, қазақ әдебиеті қысқа қызыкты өлең, әңгімелерге бай емес пе? Бір шығарманы 5-6 сағатка созғанша, балалар көбірек туынды оқып шыққаны дұрыс деп ойлаймын.
Саяхат Анеп
Мақсаттары ойға қонымды жасалған. Бірақ енгізілген әдебиеттер аздау. Шетел әдебиеті үлгілерінен қосылса, қазақ әдебиетінің сарыны қазіргі балалардың талабын қанағаттандырмайды, қызығушылық таныту қиын. Джек Лондон шығармалары жоқ,Тар кезең сияқты романдарлды меңгерту қиын
Жазира
5 сыныптың оқу бағдарламасы көңілден шықты. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жасалған. Әр мақсаты мен тақырыбы жақсы құрылған.
Riza Almukhan
«Қазақ әдебиеті» 7-сынып бойынша Қабдеш Жұмаділовтiң «Қозыкүрең» әңгімесі деп жазылған. Бағдарлама -құжат, сондықтан шығарманың атауы дұрыс көрсетілуі тиіс. Қабдеш Жұмаділовтiң»Қозыкүрең » деген атаумен әңгімесі жоқ!
Қозыкүрең деген жылқы туралы оның»Сәйгүліктер » деген хикаятының (повесть) VII бөлігінде баяндалады. Сондықтан Қабдеш Жұмаділов. «Сәйгүліктер» хикаятындағы VII бөлігі деп нақты жазу керек.
Гүлжаһан
5-сынып:
Доспамбет жыраудың «Қоғалы көлдер, қом сулар» өлеңі бұл жастағы оқушы үшін ауыр. Осы жыраудың немесе басқа жыраудың жеңілдеу, түсінікті өлеңдерін қарастыру керек.
М.Әуезовтің «Көксерек» шығармасын «Әңгіме» деп беріпті. Негізінде ол – «Повесть».
Б.Сүлейменовтің шығармасын «Ханшатырындағы кездесу» деп қана берген жөн
А.Аманкелді деген авторды да, оның мына «Қаладан келген қағілез» шығармасының да қандай екендігін білмеймін. Көп жыл бұрын театрларда «Қаладан келген қылжақпас» деген қойылым көрсетілетін. Көшірме емес пе? Ең бастысы – көркемдік-эстетикалық деңгейі талапқа сай ма? Анықтап алған дұрыс.
6-сынып:
С.Мұратбековтің «Жусан иісі» повесть емес әңгіме.
8-сынып:
«Күлегін» жыры мен Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауы шәкірттердің қабылдауына ауыр тиіп жүруі мүмкін.
М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын басқа шығармасымен ауыстыру керек. Екі себептен. Біріншіден, мұнда Баянның батырлығы көрсетілмейді. Есесіне қалмақ қызы үшін туған інісін атып өлтіреді. Тәрбиелік жағы, моральдық ұстанымы дұрыс емес. Екіншіден, шәкірттерге кісі өлімі бар шығармаларды тықпалай беруден сақтанған абзал. Моральдық-психологиялық тұрғыдан.
Әйтеке бидің «Қасқакөл дауын» басқа шешендік нұсқасымен ауыстыру керек. Өйткені мұнда қазақтың жүзге бөлушілік нышаны бар әрі ондағы айтылатын шешімнің өзі оқырманның көңілінде екіұдай әсер қалдырады. Есесіне Әйтеке бидің «Ат тепкен баланың дауын шешуі» жөніндегі сюжетті берген жөн.
9-сынып:
Қ.Мұхамбетқалиевтің «Тар кезең» романының мазмұны мұғалімдер арасында әртүрлі пікірлер бар. Романның түсінікті жерінен алып беру керек емес, Сырым батыр туралы басқа авторлардың жазғандарын қараса да болады
Жалпы әдебиет оқулықтарына С.Бегалин, Қ.Жұмағалиев, М.Қаназов, Ө.Ақыпбекұлы, Б.Қошым-ноғай тәрізді қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің жақсы шығармаларын кіргізу керек.

Филология ғылымдарының докторы, жазушы Н.Ақыш