ҮОБ Жаратылыстану 5-6-сынып

146 комментариев к “ҮОБ Жаратылыстану 5-6-сынып”

  1. Серик Ниязов

    Жаратылыстану 5-6 сыныпта 4 пәннің бастамасы ретінде берілген, сол себепті сағат саны 2 сағаттан қалу қажет, қамтылған бағдарламаны игеру үшін. Жаратылыстану пәні бойынша алғашқы географиялық ұғымдар толық игеруге берілген мақсат саны аз
    Негіздеме: Тақырып оқу мақсаттарына сәйкес келмейді.
    2.4.Жер бетін бейнелеу тәсілдері бөлімінің 5 сынып курсында карта, шартты белгі, азимут, масштабтармен оқу мақсаттары ұсынылмаған және спиральді қағидат негізінде 6-шы сыныптағы оқу мақсаттарының меңгерілуі алдыңғы білімге негізделу керек. Сол себепте картамен жұмыс жасау дағдыларын еңгізуді жөн көріп отырмын:
    5.2.2.1 — жерді жоспарда, картада және глобуста бейнелеу тәсілдерін анықтаңыз;
    5.2.2.2 — план мен карталардың шартты белгілері мен масштабтарын ажырату;
    5.2.2.3 – азимуттарды анықтап, жергілікті жерде бағдар жасау;
    5.2.2.4 — шартты белгілер мен масштабты қолдана отырып, жергілікті жердің жоспарын оқыңыз;
    5.2.2.5 — карталар мен глобуста градустық торды көрсету;
    5.2.2.6 – географиялық объектілердің координаттарын анықтау

    6.2.2.1 — глобус пен карталарда (топографиялық, жарты шарлар мен Қазақстан) жерді бейнелеу тәсілдерін ажырату;
    6.2.2.2 — шартты белгілерді пайдаланып географиялық карталарды оқу;
    6.2.2.3 – жергілікті жерді планға түсіру кезінде азимуттарды қолдану;
    6.2.2.4 — жоспар құру үшін азимуттарды, шартты белгілерді және масштабты қолдану (түсірілім түрлері);
    6.2.2.5 — әр түрлі проекциялық карталардағы градус торын ажырату;
    6.2.2.6 — объектілерді координаттар бойынша анықтау
    Мақсаттары енгізілсе.

  2. Серик Ниязов

    . География бөлімінде картамен жұмыс істеудің алғашқы дағдылары салынуы керек, бұны бағдарлама ұсынбайды. Келесі география курсы жаратылыстану курсында алған білімдері мен дағдыларына негізделген. Егер 5-6 сыныпта картография негіздері қаланбаса, онда оқушылар география сабақтарында карталармен жұмыс жасауда үлкен қиындықтарға тап болады. Бұл курста география бойынша алғашқы білім өзекті емес. Логикалық тұрғыдан География мен жердің пайда болуы алдымен зерттелуі керек болғандықтан, география ғылымы үшін сағаттар жеткіліксіз деп есептеледі, өйткені бірінші тоқсанның алты сағаты «Ғылым әлемі» бөліміне бөлінген. «Ғылым әлемі» бөлімі географиялық дағдылармен кіріктірілуі керек. Зерттеу негіздерін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес географиялық контекстте ұсынуға кеңес береміз. Бағдарламаның мақсаттары осы жас санаты үшін күрделі және дерексіз (абстрактілі). Кейбір оқу мақсаттары функционалдық сауаттылықты дамытуға сәйкес келмейді. Білім беру мақсаттары оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келуі керек және қоғамдағы өмірге сәтті бейімделу үшін қандай білім, білік пен дағдыларды игеру керектігін анықтауы керек.

  3. АКЕРКЕ СИРГЕБАЕВА

    Дұрыс айтасыз қолдаймын.

  4. Айнұр

    Неге қысқартуға ұшырап жатыр келешек ұрпаққа обал емес паең болмаса ұстаздар пікірімен келіссөздер екен
    Келіспеймін сағатты қысқартуға

  5. Самархан Маржан

    Жаратылыстану пәнін 51 сағат жасау, оқушылардың тақырыптары түсінуі өте қиын, сол үшін қысқартуға жол берілгенін қаламаймыз!!!

  6. Гульдариха Шыганбаева

    Жаратылыстану бағдарламасын игерту қиын. 68 сағатта қалу керек

  7. Умиржан Агинов

    Жаратылыстану негізгі мектептің төрт пәнді оқытудың алғы шарттары, оны қысқартып онсыз да дұрыс түсінбей жүрген оқушыларға жасап жатқан қысымның түрі емес пе, не үшін қысқартылу керек, шетелге еліктеп шаршамаймыз ба, қысқартпау керек, қайта сағат қосыңдар, бір сағат болып тұрған география пәніне.

  8. Умиржан Агинов

    Жаратылыстану негізгі мектептің төрт пәнді оқытудың алғы шарттары, оны қысқартып онсыз да дұрыс түсінбей жүрген оқушыларға жасап жатқан қысымның түрі емес пе, не үшін қысқартылу керек, шетелге еліктеп шаршамаймыз ба, қысқартпау керек, қайта сағат қосыңдар, бір сағат болып тұрған география пәніне.

  9. Жангабыл

    5,6-сыныптардағы жаратылыстану пәні негізгі пән. Өйткені бұл пәнде география, химия, биология, физика т.б пәндердің негізі қаланады. 7-сыныпқа жаратылыстану пәндерінен дайындықпен барады. Сол себепті 1,5 сағат емес 2,5 сағатқа көбейткен жөн болар еді. Болашақ ұрпаққа қиянат жасамайық.

  10. Гульзира

    «Жаратылыстану» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі:
    1) 5-сыныпта –аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағатты;
    2) 6-сыныпта –аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағатты жобаға қарсымын.

    Бір ғана пәннің ішінде төрт ірі ғылым саласын қамту үшін 1,5 сағат жеткіліксіз.
    Сағат саны азайған жағдайда:

    оқу материалы үстірт қаралады,

    негізгі ғылыми ұғымдар толық меңгерілмейді,

    практикалық жұмыстар мен зертханалық тапсырмалар қысқарады.

    Бұл өз кезегінде 7–9 сыныптағы жеке пәндерді меңгеруді қиындатады.
    5–6 сынып география бойынша алғашқы базалық дағдыларды қалыптастыру кезеңі болып табылады.
    Алайда аптасына 1,5 сағат бұл міндетті орындауға мүмкіндік бермейді.

    Зардаптары:

    картамен жұмыс дағдылары қалыптаспайды,

    жергілікті және ғаламдық кеңістікті бағдарлау әлсіз болады,

    кеңістіктік ойлау дамымайды,

    орта буындағы география курсына бейімделу қиындайды.

  11. Алибек

    Жаратылыстану пәнін қысқартқанға келіспеймін, 4 саланы қамтыған пән болғандықтан балалардың игеруі қиын. Менің ұсынысым 3 сағатқа көтерсе.

  12. Гульнур

    Жылына 1,5 сағат жеткіліксіз. Алдағы төрт пәннің бастамасы ғой.

  13. Сауле

    Әріптестермен нкелісемін сағат саны қысқарды деген ол дұрыс емес.Мұғалім үшінде әже оқушы үшінде екі сағаттың өзінде үлгермей жатамыз тақырыптарды толыққанды зерттеп ал қысқарса мүлде кітап ашылмай кетедігой….сонда не үйретеміз балалага

  14. Жүнісбай Жанар Бақтиярқызы

    География пәнінің оқу сағатын қысқарту – болашақ ұрпақтың кеңістік пен табиғат заңдылықтарын терең түсінуіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл пән – тек карта мен таулы аймақтар туралы емес, ол – дүниетанымды кеңейтетін, туған жерге, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыратын маңызды ғылым. Сағат саны азайса, оқушылардың тақырыпты толық меңгеруі, логикалық байланыстарды құра білуі қиындайды. Сондықтан да, бұл пәнге деген көзқарас пен сағат көлемі сақталуы аса маңызды деп есептейміз.

  15. Багила

    Жаратылыстану пәні ең қызықты, әрі күрделі тақырыптардан құралған.Неге қысқартылуы керек?! 51 сағатқа қарсымыз. 68 сағаттың өзі жетпейді. 3 сағатқа көтерсе деген ұсыныс тастаймын

  16. Махмутдин

    Жаратылыстану пәні қысқармау керек, өйткені оқушығы жан жақты мәлімет беріледі

  17. Махмутдин

    Жаратылыстану пәні қысқармау керек өйткені оқушығы жан жақты мәлімет беріледі

  18. Асанова Гаухар Садриддиновна

    Жаратылыстану пәнінің сағатын 68-ден 51-ге дейін қысқарту – оқушылардың ғылыми сауаттылығына кері әсерін тигізеді. Бұл пән биология, география, физика және химияның бастапқы негіздерін қалыптастырады.
    Болашақта жаратылыстану бағытында маман болуды көздейтін балалар дайындықсыз қалады.
    Керісінше жаратылыстану пәнін күшейту қажет. Сондықтан бұл пәнді қысқартпай, толық 68 сағат қалдыру керек– сапалы білім үшін

  19. Айгүл

    Мынау сұмдыққой енді. 5-6 сынып жаратылыстануды 1,5 сағатқа қысқарту тіпті ойға сыймайтын нәрсе. Ол өзі бірнеше пәнді құрап тұр. Қайта
    6-сыныпқа Физикалық географияны
    2 сағат оқытуды қолға алсаңыздар дұрыс болар еді.

  20. Дилорам

    Биология, химия, физика, география сияқты пәндерге негіз болатын жаратылыстану аз оқытылса, оқушылар бұл салаларды таңдаудан бас тартуы
    Қоршаған орта, табиғи құбылыстар, денсаулық пен қауіпсіздік жайлы базалық түсінік жеткіліксіз болады.
    Жаратылыстанудан білім негізі әлсіз болса, кейінгі сыныптардағы профильдік пәндерді игеру де қиын болады.

  21. Дилорам

    Биология, химия, физика, география сияқты пәндерге негіз болатын жаратылыстану аз оқытылса, оқушылар бұл салаларды таңдаудан бас тартуы
    Қоршаған орта, табиғи құбылыстар, денсаулық пен қауіпсіздік жайлы базалық түсінік жеткіліксіз болады.
    Жаратылыстанудан білім негізі әлсіз болса, кейінгі сыныптардағы профильдік пәндерді игеру де қиын болады. Сағат қысқаруына қарсымын

  22. Құрметті ұстаздар отырып отырып ойына келгенді жаза салатын не заман не қоғам бұл ? Білім құрдымға кетіп барады… жаратылыстану ең керек білім ғылым бола тұра неге қысқарту жасалмақ. География адамның ой-санасын өсіреді, зияткерлігін ашады, табиғатты терең түсінуге, болашағымызды құруға тәрбиелейтін пән екенін біле тұра қысқартып жатырсыздар.
    Болашағымыз не болмақ???
    География мен жаратылыстану пәндері қысқаруына қарсымыз…..

  23. Айдос

    51сағат пәнді меңгертуге жеткіліксіз. Қарсымын 68 сағат пен қалсын. Жаратылыстану пәндері біріктіріліп оқытылып жатыр онсызда

  24. Айдана

    5–6 сынып оқушыларына арналған оқу бағдарламасындағы сағат санының қысқартылуы — оқушылардың білім сапасына, ғылыми дүниетанымының қалыптасуына кері әсер етуі мүмкін. Бұл жастағы балалардың қызығушылығы жоғары, жаңа ақпаратты оңай қабылдайды. Әсіресе, география, жаратылыстану секілді пәндер кеңейтілген түсінік пен тәжірибені талап етеді.
    Сағат санын кемітпей, керісінше сапалы өткізуге жағдай жасалуы керек. Бұл — болашақ ұрпақтың ғылыми сауатты, ойы жүйрік, сыни көзқарасты тұлға болып өсуінің алғышарты.

  25. Калима

    Қысқаруға қарсымын география 7,8,9 сыныптарда оларда төмендетілген масқарағой мынау аптасына 1ақ рет өтіледі келсі апта сұрасаң тақырыпты дым білмей отырады

  26. Ементай

    Жаратылыстану жаратылыстану математика бағытынвң пәндердің бірі онда физика химия география пәндерімен байланысты оқыту білім беру үрдісінде жаратылыстану ғылыми сауаттылықтың қалыптасуына негіз жасайды.Сондықтан сағат қысқартуға қарсымын. Жаратылыстану қоршаған орта табиғат құбылыстарын заңдылықтарды оқытады және оқушының профильдік таңдау пәндерді үйренуге негіз болады .

  27. Балжан

    Жаратылыстану пәнінің өзі айтып тұр емес пе, оқушылардың білімдері мен дағдылары қалыптасатын кезде қысқартпау керек деп ойлаймын.
    Мұғалімдер мүлдем келіспейді деп ойлаймын.
    Жаратылыстану пәні 68 сағатта қалдырылсын

  28. Айгерим

    Неге жаратылыстану пәнін кыскартуымыз керек екен. Мулдем келіспейміз. География бөлімінің өзі жарытып каралмаганда гой. Мен карсымын. Географиялық карталармен жумыс жасаудың негізін коссын кайта. Соны уйрете алмай бас каткан кезде, айтып отыргандарын. Қарсымыз. Пікірлер каралып, талкылауга туссе екен

  29. Жаратылыстану,География пәндерінің қысқаруы дұрыс емес қайта сағат санын көбейту керек .
    Жаратылыстану пәні Жаратылыстану пәндерінің бастамасы қысқарғанын қолдамаймыз.

  30. Тимур

    Жаратылыстану деген пәннің қысқартылуы дұрыс емес
    Негізгі бұл пәнді
    Географтарға беріп жатқан жоқ
    Жаратылыстану пәннің қысқартылғанын қолдамаймыз
    Бұрынғы 6- сыныптың Физикалық география қайтарылсын
    Себебі Тмд елдерінде оқытылып жатыр

  31. Багира

    51 сағатқа қарсымыз. Қысқартылмасын , қайта сағат санын көбейту керек.

  32. Фарида

    Жаратылыстану пәні бірнеше пәннің жиынтығының бастамасы болуына байланысты ауыр жазылған. Егер де бұл пән қысқартуға ілінсе оқушылар пәнді игеое алмайды

  33. Гульсим

    Сағаттың қысқартылуы дұрыс емес.2-сағаттың өзі аз.Географияның бастамасы жаратылыстану да.5-сынып үшін саяхатшылар өте көп берілген.Оны толық қамтымасақ жоғары сыныпта айтылмайды,ал 6-сыныптағы масштабта есеп шығаруды толық меңгерген тағы негізі қаланбайды.Сондықтан сағат саны қысқартылмауы керек.Бұрынғы 6-сыныптың географиясын қайтара алмадық.Әттең,бәрі жүйелі еді.Экологиялық жағынан планетамызға қауіп төніп тұрғандай,жас ұрпақ санасына жаратылыс негіздерін оқыту ауадай қажет.

  34. Фархадбек

    Қысқарту дұрыс емес, біз қарсымыз

  35. Гулнур

    Жаратылыстану пәні білім алушыны функционалдық сауаттылыққа үйретеді.Күнделікті өмірге бейім пән.Қысқаруды қолдамаймын.

  36. Сандуғаш

    География, жаратылыстану пәндерінің қысқаруына қарсымын, онсызда аз сағат
    Мектеп қысқарып жұмыссыз жүрген жайым бар, артық сағаттар жоқ онсыз да

  37. Балауса

    «Жаратылыстану» пәнін оқу:
    Қоршаған әлемнің көп қырлылығын, табиғи құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын және себептерін;
    Көптүрлі табиғат құбылыстары мен нысандарын жүйелеу принциптерін түсінуге мүмкіндік береді.
    «Жаратылыстану» пәнінен оқу бағдарламасы негізгі мектепте зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған:
    Гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперименттер арқылы алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасау;
    Зерттеу мәселелерін дұрыс алу, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылаулар мен эксперименттер нәтижелерін бағалау және сипаттау, қорытынды шығару;
    Бұқаралық ақпараттық құралдары хабарламаларындағы, интернет желісі ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі жаратылыстану бағытындағы ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін анықтау және ақпараттың растығын бағалау;
    Зерттеу қорытындыларын түрлі формада ұсыну;
    Жаратылыстану ғылымы бағытындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.
    «Жаратылыстану» пәні негізгі мектептегі «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін зерделеу, негізін қалауға бағытталған кіріктірілген курс болып табылады.
    Ал енді осыны айта мен 5-6 сыныптағы жаратылыстану пәнінің 68 сағатты , 51 сағатқа қысқартқанын құптамаймын. Мұнда білім алушылар география пәнінің басты курсын толық меңгеруі қажет деп ойлаймын.

  38. Нагима

    Жаратылыстану пәні 4 негізгі пәннің бастауы ретінде құрастырылған, аптасына 2 сағат жылына 68 сағат қалуы қажет, Себебі бастауыштан енді өткен сыныпқа ауырлық қылады, тақырыптар ауқымды, игеруі қиын

  39. Жулдыз

    Құрметті әріптестер! Жаңа бағдарламадағы тақырыптарды ашып, оқушыларға сапалы деңгейде оқытып, түсіндіру үшін 1,5 сағаттық оқыту дұрыс емес шешім деп есептеймін!!!! Жаратылыстану ғылымы (география, химия, биология, физика) ғылымдарының негізі, бастамасы деп қарастыратын болсақ , онда география бөліміне бөлінген бөлім, уақыт тым аз деп есептеймін! География тілі-карта. Картамен жасалынатын жұмыстар болса деп ойлаймын.

  40. Маржан

    Неге,не үшін 5 сыныптың жаратылыстану пәнінің сағатын қысқартпақшы? Осы география сағаттарын қысқарту дегенді кім шығарып жатыр? Сол адамның көзін құрту керек! Ол Қазақстанның жауы! Өз елінің тарихы мен географиясын білмеген ұрпақтан не күтеміз? 7 сыныптың да тақырыптарын сыйғыза алмай жатырмыз 1 сағатқа. Обал болды балдарға! Тимеңдерш география сағаттарына. Қайта көбейтіңдер! Себебі география ауқымды ғылым!

  41. Гүлназ

    Қысқартуға қарсымын.68сағат болып қалуы тиіс.51сағатта тақырыптар дұрыс меңгерілмейді

  42. Жулдыз

    Олимпиада сұрақтарында бұрынғы 6 сыныпта оқыған Физикалық география бөлімдерінен сұрақтар көп кездеседі. Сондықтан да 6 сыныптың “Физикалық география” пәнін қайтарса екен деген тілек те бар

  43. Эльмира

    Жаратылыстану пәнін қысқаруына менде қарсымын керісінше сағат санын көбейтіңіздер

  44. Гүлим

    Қысқартуға қарсымын. Сондай күрделі 4пән негіздемесі бар. Қарсымыз.

  45. Жадра

    Жаратылыстану пәнін қысқарту дұрыс емес, қайта сағат санын көбейту керек

  46. Тагайбекова Гулназ

    Құрметті әріптестер, неге келешек ұрпаққа жандарыңыз ашымайды, онсызда төрт пәннің негізін қарауға бағытталған курс болғандықтан пән оқушыларға күрделі , сондықтан 5-6 сыныптың сағат саны 68 сағ күйінде қалдырылсын, төрт пәннің басты курсы,
    Жаратылыстануда сондықтан тура көз қарас пен қараңыз дар.

  47. Жадыра

    Жаратылыстану пәнін қысқарту дұрыс емес, 68 сағат санымен қалсын.

  48. Бауыржан

    Жаратылыстану пәні жаратылыстану ғылымының негізін қалайтын пән.
    Сондықтан қысқартуға қарсымын!

  49. Сания Пазылбеккызы

    Жаратылыстану пәнінің сағат саны қысқаруына түбегейлі қарсымын. Бұл география , биология, физика, химия ғылымдарының бастамасы ғой? Қалай ең қиын пәндерге аз сағат береді екен ? Жаратылыстану, география пәндерінің сағат санын қысқартпай қайта қосудың орнына қысқарту деген не сұмдық болды бұл өзі?

  50. Асылзат

    Жаратылыстану пәні қысқармауы керек 4 ғылымның бастамасы ең қызықты сабақ балалар үшін. Қысқартылмасын

  51. Гульнар

    Сағат саны қысқарған сайын баланың білімді түсінуі ауырлап кетеді,Қысқартылмаған.ы дұрыс

  52. Гульнар

    Сағат саны қысқарған сайын баланың білімді меңгеруі ауырлап кетеді қысқартылмағаны дұрыс

  53. Саухимова Турсынай Батырбековна

    6 сыныпқа биолог ендірілсін. Балдардың обалына қалмаңыздар. Өте ауыр пән Жаратылыстану 4 пәннің бірігуі. Қысқаруына қарсымын

  54. Нургуль

    Сәлеметсіздер 5 сыныпта 2 сағат жаоатылыстану ,ал 6 сыныпта бұрынгы физикалық география 2 сағат болсын ,солай дұрыс деп санаймын ,ары қарай 7 сыныпта материктер мен мұхиттар географиясы ,8 сынып Қазақстанның физикалық географиясын,9;сыныпта Қазақстанның экономикалық географиясы болып бұрынғыдай оқытылған дұрыс .6 жаратылыстану да әйтпесе географияның бастамасын оқытуға уакыт мүлде аз бөлінген бала толық білім алмайды ,4 пән біріктірмей жеке -жеке бұрынгы 6 сынып физикалық география болса

  55. Нургуль

    Сәлеметсіздер 5 сыныпта 2 сағат жаратылыстану ,ал 6 сыныпта бұрынгы физикалық география 2 сағат болсын ,солай дұрыс деп санаймын ,ары қарай 7 сыныпта материктер мен мұхиттар географиясы ,8 сынып Қазақстанның физикалық географиясын,9;сыныпта Қазақстанның экономикалық географиясы болып бұрынғыдай оқытылған дұрыс .6 жаратылыстану да әйтпесе географияның бастамасын оқытуға уакыт мүлде аз бөлінген бала толық білім алмайды ,4 пән біріктірмей жеке -жеке бұрынгы 6 сынып физикалық география болса .Сағат санының қысқаруына қарсымын

  56. Шолпан

    Неге қысқартылып жатыр қарсымыз балаларға обал емеспе. Бұл төрт пәннің бірігуі қысқаруына қарсымын.

  57. Сакен

    Жаратылыстану пәні толық 2 сағат өтілу керек. Себебі 1,5 сағтта біз Дүниежүзі Қазақстан оқып біту мүмкүн емес.

  58. Аяулым

    Қысқарту болмасын, олай дұрыс емес, балалар түсінбей қалады

  59. Гулназ

    6 сыныптағы жаратылыстану пәніндегі 2 сағат қалдырылса деп санаймыз.
    Неліктен бұл маңызды:
    Уақыт аздығынан оқушылар тақырыпты үстірт түсініп, зертханалық жұмыстарға уақыт жетпей қалады.
    — *Тәжірибелік жұмысқа мүмкіндік туады.* 2 сағат болса, бақылау, тәжірибе, топтық жұмыс, зерттеу сынды белсенді әдістерге кең орын беріледі.
    — *Оқушы қызығушылығын оятады.* Әр түрлі тақырыптармен тереңірек танысуға мүмкіндік бар.
    — *Пәнге деген мотивация төмендемейді.* Бір сағаттық қысым оқушыны жалықтыруы мүмкін.
    Сондықтан, *жаратылыстану пәні аптасына 2 сағат көлемінде сақталуы тиіс.* Бұл – болашақ ғалымдардың негізін қалайды. Сағат саны қысқаруына қарсылық білдіреміз

  60. Гулназ

    6-сыныптағы жаратылыстану пәнін қысқартпау – өте орынды шешім болар еді. Себебі:

    *1. Ғылыми сауаттылықтың негізі қаланады.* Бұл жаста оқушылар табиғат құбылыстары, Жер мен Ғарыш, тірі ағзалар туралы алғашқы жүйелі білімді меңгереді.

    *2. Пәнаралық байланысты дамытады.* Жаратылыстану – физика, биология, география мен химияға кіріспе. Пән қысқарса, бұл бағыттарға қызығушылық төмендеуі мүмкін.

    *3. Зияткерлік қабілетті дамытуға ықпал етеді.* Байқау, зерттеу, қорытынды жасау, тәжірибе жасау дағдылары қалыптасады.

    *4. «Табиғатты қорғау» мен экологиялық сананы тәрбиелейді.* Қазіргі заманда бұл – өте маңызды.

    2 сағат сақталсын

  61. Индира

    51 сағат дегенге қарсымын. Қайта сағат қосып берсін

  62. 51 сағатқа қарсымын. Керсінше сағат қосу керек.

  63. Жаратылыстану пәні негізгі төрт пәннің,атап айтқанда биология, география,физика, химия пәндерінің бастамасы.Сондықтан аптасына екі сағат қалғаны дұрыс.Қысқартуға қарсымын.

  64. Сәлеметсіздер 5 сыныпта 2 сағат жаратылыстану ,ал 6 сыныпта бұрынгы физикалық география 2 сағат болсын ,солай дұрыс деп санаймын ,ары қарай 7 сыныпта материктер мен мұхиттар географиясы ,8 сынып Қазақстанның физикалық географиясын,9;сыныпта Қазақстанның экономикалық географиясы болып бұрынғыдай оқытылған дұрыс .6 жаратылыстану да әйтпесе географияның бастамасын оқытуға уакыт мүлде аз бөлінген бала толық білім алмайды ,4 пән біріктірмей жеке -жеке бұрынгы 6 сынып физикалық география болса .Сағат санының қысқаруына қарсымын

  65. Мейраш Айгул

    Жаратылыстану пәні негізгі төрт пәннің,атап айтқанда биология, география,физика, химия пәндерінің бастамасы.Сондықтан аптасына 2 сағат қалғаны дұрыс.Қысқартуға қарсымын.

  66. Гаухар

    Сағат санын керісінше қосу керек

  67. Бану Бишеева

    Қысқартпақ түшілі, бір сағат қосып, аптасына үш сағаттан ету қажет. Ауқымды дүниені қалайша қысқартып өтуді ұсынады?!

  68. Гаухар

    Жаратылыстану пәні негізгі төрт пәннің,атап айтқанда биология, география,физика, химия пәндерінің бастамасы.Сондықтан аптасына 2 сағат қалғаны дұрыс.Қысқартуға қарсымын.

  69. Сәбит Тоғызбай

    Тақырыптар көп сағат саны жетіспейді көбейту керек .

  70. Айдана

    Қазіргі таңда жаратылыстану пәні 68 сағаттық жүктемемен оқытылып келеді. Бұл сағат саны оқушылардың күрделі тақырыптарды терең меңгеруі үшін жеткілікті. Алайда жаңа жобада бұл пәнді 51 сағатпен оқыту ұсынылуда.

    Бұл өзгеріс оқушылардың оқу материалын толық және сапалы игеруіне кері әсер етуі мүмкін. Себебі пән мазмұны ғылыми ұғымдарға, логикалық тұжырымдарға, диаграмма, кесте, тәжірибеге негізделген. Сағат саны қысқарса, тақырыптарды үстірт түсіндіруге, зертханалық және практикалық жұмыстарды қысқартуға тура келеді.

    Сондықтан да жаратылыстану пәні күрделі және ауқымды болғандықтан, қазіргі 68 сағаттық көлемде қалдыру – білім сапасын сақтаудың тиімді жолы деп есептеймін.

  71. Балнұр

    Жаратылыстану – болашақта жеке пәндер ретінде бөлінетін физика, химия, биология, география сияқты күрделі әрі маңызды ғылымдардың негізін қалайды. Сондықтан бұл пәнге аптасына 3 сағат бөлінсе, нұр үстіне нұр болар еді.
    Балалардың терең білім алуына, дүниетанымының кеңеюіне жағдай жасайық десек, ең алдымен сағат санын қысқартуды емес, керісінше көбейтуді ойлауымыз керек. Бюджет немесе қаражат шығынын есептегеннен бұрын, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы басты назарда болуы тиіс. Бүгінгі білім — ертеңгі елдің тірегі. Сондықтан Жаратылыстану пәніне керісінше 3 сағат бөлінуін қолдаймын.

  72. Agnur Zhusipova

    Сәлеметсіздер ме. Жаратылыстану пәнін 3 сағатқа көбейтсе екен

  73. Айжан Әмірсеит

    [14:32, 19.11.2025] Айжан Амирсейт: 5–6 сыныптағы жаратылыстану пәнінің маңызы өте жоғары, себебі бұл кезең – оқушының табиғат туралы негізгі түсініктері қалыптасатын уақыт. Төменде қысқа әрі мазмұнды етіп берілген маңыздары:

    Жаратылыстану пәнінің маңызы (5–6 сынып)

    1. Табиғат туралы алғашқы ғылыми көзқарасты қалыптастырады
    Оқушылар Жер, ауа, су, тірі ағзалар, энергия, экожүйе сияқты негізгі ұғымдарды меңгереді. Бұл – болашақ биология, география, физика, химия сияқты пәндерге негіз болады.

    2. Қоршаған ортаны қорғау мәдениетін тәрбиелейді
    Оқушылар табиғатқа ұқыпты қарау, су мен ауа тазалығын сақтау, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

    3. Зерттеу дағдыларын дамытады
    Тәжірибе жасау, бақылау жүргізу, қорытынды шығару – ғылымға тән әдістерді үйрену арқ…
    [14:33, 19.11.2025] Айжан Амирсейт: 5–6 сыныптағы жаратылыстану пәнінің маңызы өте жоғары, себебі бұл кезең – оқушының табиғат туралы негізгі түсініктері қалыптасатын уақыт.
    Жаратылыстану пәнінің маңызы (5–6 сынып)

    1. Табиғат туралы алғашқы ғылыми көзқарасты қалыптастырады
    Оқушылар Жер, ауа, су, тірі ағзалар, энергия, экожүйе сияқты негізгі ұғымдарды меңгереді. Бұл – болашақ биология, география, физика, химия сияқты пәндерге негіз болады.

    2. Қоршаған ортаны қорғау мәдениетін тәрбиелейді
    Оқушылар табиғатқа ұқыпты қарау, су мен ауа тазалығын сақтау, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

    3. Зерттеу дағдыларын дамытады
    Тәжірибе жасау, бақылау жүргізу, қорытынды шығару – ғылымға тән әдістерді үйрену арқылы оқушылардың логикалық, сыни ойлау қабілеті дамиды.

    4. Өзін қоршаған әлемді түсінуге көмектеседі
    Күнделікті өмірде кездесетін құбылыстардың (жыл мезгілдері, ауа райы, жарық, дыбыс, араласу, күш, энергия) себебін түсінеді.

    5. Болашақ мамандық таңдауға әсер етеді
    Бұл пән оқушылардың ғылымға, техникаға, экологияға деген қызығушылығын арттырып, болашақта инженер, эколог, биолог, географ, дәрігер сияқты салаларға бағыт береді.

    6. Қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырады
    Табиғи құбылыстар, төтенше жағдайлар, тұрмыстық қауіпсіздік, денсаулықты сақтау туралы білім береді.
    Сондықтан бұл пәннің қысқартылуына түбегейлі қарсымыз

  74. Лаззат жанабеогенова

    51сагатка карсымын

  75. Лаззат жанабеогенова

    Мен 51сагат.болгагына.келіспеймін

  76. Гулзипаш

    Жаратылыстану пәнін қысқартпау керек. 68 сағатымын қалсын.

  77. Елекенов Ержан

    Дұрыс айтасыз. Толығымен қолдаймын.

  78. Елекенов Ержан

    Толығымен қолдаймын. Дұрыс айтасыз.

  79. Алия Абылайкызы

    Жаратылыстану пәнін қысқартқанға келіспеймін, 4 саланы қамтыған пән болғандықтан балалардың игеруі қиын. Менің ұсынысым 3 сағатқа көтерсе.

  80. Дархан

    Жаратылыстану бағыты пәндері негізгі күрделі ғылыми пәндердің жиынтығы.
    Не үшін мұндай қадамға барып жатырмыз.
    Шәкірттерге білім беру, емес керісінше білімсіздікке, қараңғылыққа алып барамыз.
    Ұстаз бен шәкіртке деген үлкен қиянат жасалуда.
    6.2.5.3. масштабты пайдаланып арақашықтықты есептеу;
    6.2.5.4. географиялық координаттарды анықтау;
    6.2.5.5. сағаттық белдеулер картасын пайдаланып, уақытты анықтау
    6.2.6.1. материктер мен олардың физикалық -географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау
    Тақырыптарының күрделілігі онан әрі қиындық тудыратыны сөзсіз.

  81. Қысқартуға болмайды, география бастамалары осы пәнде. Қарсымын!

  82. Аякоз

    Жаратылыстану пәнін қысқартқанға келіспеймін, 4 саланы қамтыған пән болғандықтан балалардың игеруіне де қиын, сағат қосқан дұрыс

  83. Нұрбек

    Толық қолдаймын, келісемін, дұрыс айтасыз

  84. Назира

    Жаратылыстану, география пәндерінен сағат қоспаса,алып тастауға қарсымыз.

  85. Бибигуль

    Жаратылыстану пәні 5-6 кластарда 2 сағаттан кем болуы үлкен қателік,әлемдік білімді бағалау жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда жаратылыстану бағытындағы білімдерімен бағаланбайды ма?!География пәнінен де 1 сағат ішінде көп мәліметтерді меңгеруге үлгермей жатырған жайымыз бар,сондықтан жаратылыстану пәнінен де,география пәнінен 2 сағаттан кем болмауы керек деп ойлаймыз!

  86. Әмірхан

    Керісінше қысқартудың орнына сағат қосу керек сонда ғана оқушылар жақсы игереді деген ойдамын.

  87. Гульмира

    Қосыламын сағат қысқармауы керек

  88. 5-6 сынып жаратылыстану пәнінің сағат қысқаруына қарсымын оқушыларға ауыр жаратылыстану физика,химия,астрономия,биология, география пәндері кіріктірілген сағат қысқарса қай тақырып қайда қалады осы 68 сағаттың өзі аз

  89. АКЕРКЕ СИРГЕБАЕВА

    Жаратылыстану пәні санаттары қысқаруына қарсымын.Ғылымға ненізделген пәндердің бастауы.Сағат саның аптасына 3 реттен қойыңыздар.География,Химия,биология,физика пәндерінің бастауы бұлағы десек болады.
    Болашақ ғалымдардың қызығушылығын жойып алмайық.Өзімізге өсіп келе жатқан келесі буынға қиянат болып саналады.!!!!

  90. Несібелі

    Серік Ниязов мырза 100% қосыламын.
    Қарсымыз қысқаруға

  91. Сарагүл

    Жаратылыстану пәнінің сағаттарының қысқартылуына карсымын. 4пәннің қосындысы . Сағат санын қысқарту келешек ұрпақты сауатсыздандыру деп түсінемін.

  92. ЖАННА

    5-6 сынып жаратылыстану пәнінің сағаттарын қысқартуға болмайды керісінше бір сыныптың өзіне аптасына 3-4 сағат қылып қосу керек. Себебі жаратылыстану бірнеше пәнді қамтиды. Тіпті балалар осы пәнді үлкен қызығушылықпен оқиды, қысқартуға қарсымын.

  93. Ғалия

    Жаратылыстану пәніне көп тақырып қамтылған, қысқарса оқушылар тақырыпты меңгеріп үлгермейді. 2 сағаттың өзі аз. Аптасына 3 сағат болсын оқушының білім деңгейіне шын жанашыр болсаңыздар!

  94. Жанат

    5-6-7-8-9-10-11 сыныптарға жаратылыстану, география пәндерін қосымша қосу керек, себебі жаратылыстану пәндері бірнеше пәнді қамтығандықтан аздық етеді,10-11 сыныптарға аптасына 3- сағат қылу керек, жаратылыстану таңдап отырған оқушылар қиналып қалмас үшін

  95. Саламатсыздар ма!? Ия, жаратылыстану пәні қысқартылмауы керек. Қарсымыз. Игеруде қиындық туындайды.

  96. Даметкен

    Жаратылыстану пәнінің қысқартылуына қарсымын. Онсызда сағат аз. Тақырып күрделі

  97. Назира

    Жаратылыстану пәні қысқартылмауы керек, қарсымыз, тақырып күрделі, тақырыпты меңгеру қиындық туғызады ғой қысқарса

  98. Шолпан

    Шынымен,болсада географияны 1 сағатқа қысқартты ,енді жаратылыстану қысқарып біздің күніміз не болмақ

  99. «Жаратылыстану – баланың ғылыми ойлауын, табиғатты тану қабілетін дамытатын негізгі пән. Бұл пәнді қысқарту – болашақтың ғылымнан алыстауына жол ашу. Бүгінгі білім – ертеңгі ұлт тағдыры. Қысқартуға қарсымыз».

  100. Айгерим Жузжасароава

    «Жаратылыстану пәні қысқармасын! Бұл пән балалардың логикасын, ойлау қабілетін дамытып, болашақ мамандықтарына негіз қалайды. Ғылымсыз — даму жоқ. Сондықтан жаратылыстану пәнін толық көлемде сақтап қалу қажет!»

  101. Зулпия

    51 сағат болуына үзілді кесілді қарсы мын

  102. Максат

    Білімнің негізін, география пәнінің бастапқы қадамы — Жаратылыстану пәндері. Онда биология, химия және география сынды пәндердің бастамасы емес пе. Балаларға бастауыштан кейінгі пән ашу кітаптарына шектеу қойылып жатқанына түбейгейлі қарсымын. Заңды шешім шығарударыңызға, қайта қарап шығуларыңызды сұраймын. Демократиялық ел сөз бостандығына шек қоймауы керек деп ойлаймын. Балалардың болашағына назар салып, халықтың мұң зарын тыңдап, әділ шешім шығаруларыңызға тілектеспін.

  103. Жаратылыстану пәндеріндегі координата, картамен жұмысқа керісінше сағат қосу керек, 51 сағатқа қысқартылғанға қарсымын, 7,8,9 сыныптағы төмендетілген оқу бағдарламасына да қарсымын!

  104. Сиздикова Балжан

    Жаратылыстану пәні маңызды әрі қажетті пәндердің бірі болып табылады. Төрт негізгі пәннің жиынтығы ғой. Ол қысқармауы керек, себебі балаларға табиғатты, қоршаған орта мен ғылымды түсінуге, зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл пән адамның өмір сүруі үшін қажетті ғылымдардың негізін қалайды.

  105. Жанар

    Қарсымыз, әрине!
    Жаратылыстану пәні жаратылыстану бағытындағы пәндердің бастамасы. Онсызда бастауышта да бұл пән басты назарға алынбайды, қазақ тілі мен математикаға көп назарларын бұрады. Мектептер аттестациядан өтетін кезінде 4-сыныптар жаратылыстанудан міндетті түрде тест тапсырады.
    Биыл, біздің облыста бақылау департаментінен алынған нөлдік срезде де 5-6 сыныптарда жаратылыстану пәні міндетті пән болып, тест алынды. Аптасына 2 сағаттың өзі бағдарламаны толық меңгеруге аздық етіп жатыр. Керісінше, 3 сағатқа көтеруін ұсынамын.

  106. Айгүл

    Мен де жаратылыстану пәнінің қысқартылуына қарсымын өйткені төрт пән біріктірілген мен география пәніне басымда келеді жаратылыстану пәні бойынша білім алушылар қоршаған ортаны қорғауды үйренеді жаратылыстану пәнін қысқартқанша сол пәнге сағат қосып беріңіздер 2сағатты 4сағат етіп

  107. Айгүл

    Мен де жаратылыстану пәнінің қысқартылуына қарсымын өйткені төрт пән біріктірілген мен география пәніне басымда келеді жаратылыстану пәні бойынша білім алушылар қоршаған ортаны қорғауды үйренеді жаратылыстану пәнін қысқартқанша сол пәнге сағат қосып беріңіздер 2сағатты 4сағат етіп

  108. Гүлім

    Саламатсыздар ма! Мен де қарсымын. Жаратылыстану қысқармасын, керісінше сағат қосып беріңіздер! Күрделі пән, 1 емес 4 пәннің қосындысы

  109. Жанаргул

    5 сыныпта сағат санын керісінше 3 сағатқа көбейту керек. Себебі тақырыптарды толық меңгертуге сағат саны жеткіліксіз. Ал 6 сыныптарда бұрынғыдай физикалық география орнына келіп 2 сағаттан оқытылсын! Себебі география пәнінің сағаттары жыл сайын қысқартылуда! 7 сыныпта материктер мен мұхиттар географиясы ,8 сынып Қазақстанның физикалық географиясын,9 сыныпта Қазақстанның экономикалық географиясы болып бұрынғыдай оқытылғаны дұрыс! Сағат санының қысқартылуына қарсымыз!!!

  110. Кунсулу

    Менде келіспеймін, сол бұрынғы сағатта қалсын.Керісінше тағы сағат қоссын

  111. Асель

    Жаратылыстану пәні бойынша 5 інші 6 сыныптардағы сағатты қысқарту өте дұрыс емес .Тақырыпты түсінбейтін болады.Ең маңызы бар пәндердің бірі .ҰБТ да таңдалатын.

  112. Онсызда 7- сыныптан бастап төмендетілген оқу бағдарламасына өткенбіз.5-6 сыныптарды қысқартса не болады?

  113. Baxtbek Yusupov

    Жаратылыстану қысқарту балаларға өкінішті бюджет ұнемдейміз деп балалар сауатсыз болып қалады не үшін қысқарту керек кімге керек онсызда аз ғой сабағы.

  114. Оралай Садыбаева

    Жаратылыстану пәнінің қысқартылуына қарсымын. Бұндай қысқартулар болса болашақ ұрпақтың тағдыры не болмақ.
    Керісінше аптасына 3-4 сағаттан етіп берілсе екен…..

  115. Сауле

    Құрметті білім беру ұйымының өкілдері!

    Мен келесі оқу жылында жаратылыстану пәнінің оқу жүктемесін 2 сағаттан 1.5 сағатқа қысқарту туралы ұсынысқа өз қарсылығымды білдіргім келеді. Жаратылыстану – оқушылардың ғылыми ойлауын, бақылау дағдыларын, талдау қабілетін қалыптастыратын, табиғат құбылыстарын түсінуге мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі. Сағат санын қысқарту пән мазмұнын толық меңгеруге кедергі келтіріп, оқу сапасына теріс әсер етуі мүмкін.

    Оқушылардың тәжірибелік жұмыстары, зертханалық бақылаулары және тақырыптарды терең түсінуі үшін жеткілікті уақыт қажет. 1.5 сағат бұл талаптарды толық орындай алмайды. Сондықтан жаратылыстану пәнінің қазіргі көлемін сақтап қалу немесе қажет болған жағдайда оны арттыру дұрыс шешім болар еді.

  116. Әділет

    Жаратылыстану пәні болашақ география, биолгия , физика, химия пәндерінің бастамасы емеспе. Сол себепті де қысқартылуына қарсымын …

  117. Шолпан

    Жаратылыстану пәні қысқарса біздің күніміз не болмақ, онсызда география пәнінен бір сағатқа қысқартты ғой,енді не істемек

  118. Маржан

    68 сағатта қалуы керек! Тіпті сол 68 сағатта жетпей қалады шынын айтқанда келіспеймін қысқартпасын

  119. ГУЛЬШАТ

    68сағаттық сабақ қалуы керек, жаратылыстану негізгі білімдердің бастамасы. Сол себепті қалуы керек деп санаймыз! Қысқартылған жобаға қарсымыз!

  120. ЕРГАЛИ ТУРДАЛИЕВ

    Жаратылыстану пәні негізі білімдердің бастамасы, сол себептіде 68 сағ өзгеріссіз қалу қажет деп есептеймін

  121. Сарсенкул

    Сағат қысқартылуына қарсымын!Жоғарыда жазған әріптестердің пікірлерін толықтай қолдаймын!

  122. ҚалкөзоваГүлзира

    Жаратылыстану пәні 4 ғылымның бастамасы.География пәнінде 1 сағатқа қысқарды.Сонда не болмақ.Мен бұндай жобаға қарсымын.

  123. Майра

    Жаратылыстану негізгі пәндердің бастамасы. 5-6 сыныпта химия, география, биология, физика пәндерінің негізі жаратылыстану арқылы қаланады. География бөліміне негізі қолданыстағы бағдарламаның өзінде аз сағат бөлінген. Оны тағы қысқартар болса мүлдем келешек ұрпақ не біліп шығады. Фундаменті қисық үй ұзақ тұрмайтыны сияқты, балаларда негіз дұрыс қаланбаса маңызды, әрі күрделі пәндерді түсіну қиындайды. Жаңартылған бағдарлама енгелі мысалы, географияда картамен жұмыс сабақтары қысқарды. Қазіргі жастарда картамен жұмыс дағдысы қалыптаспаған, маңызды емес, телефон бар дейді жақтаушылар. Картада бағдары болмаса телефонмен цифрлық картамен де жұмыс жасай алмайды. Білім саласындағы бітпейтін реформалар азаймай, білім сапасы болмайды. Негізгі пәндерді қысқарту орнына жаһандық құзіреттілік, орыс тілі, музыка сынды пәндерді неге қысқартпасқа.

  124. Марзия Ахметовна

    Жаратылыстану пәнінің қысқартылуына қарсымын

  125. Эльвира

    Жаратылыстану — (география, биология, химия, физика) бірнеше пәндердің алғышарты болғандықтан күрделі пән. Сағат санының қысқаруына қарсымын. Керісінше жаһандық құзыреттілік сынды қажет емес пәндерді қысқарту керек. 6-сыныпқа география пәні қайта енгізілсе….

  126. Сейлбек

    Жаратылыстану пәні күрделі пән география пәнінің бастамасы. Сағат санын қысқарту орынсыз. 68 сағат болғаны дұрыс.

  127. Сейлбек

    Жараталыстану пәні күрделі пән. Сағат саны қысқармауы керек.

  128. Ақбаян

    Мұғалімдермен келісемін. Жаратылыстану пәні күрделі пән. Сағат санының қысқартылуына қарсымын.

  129. Мейрамкуль

    Жаратылыстану пәні бірнеше пән бастамасы, сағат саны қысқарту орынсыз, аптасына 2 сағат болса дурыс

  130. MARAL BAITUGANOVA

    Жаратылыстану пәнің қысқартуға болмайды, өзіде шамалы сағат беріледі, төрт пәннің негізі, оны қамтамасыз ету, аз сағат көлемінде мүмкін емес
    Қысқартуға қарсымын

  131. Айжан

    сағаты аз пәндер қысқармасын, соның ішінде жаратылыстану мен география пәндері

  132. Еркинай

    Жаратылыстану пәні бірнеше пәннің фундаменті, әсіресе географияның алғышарты жаратылыстануда, онсыз да сағат саны жеткіліксіз берілген. Жаратыдыстанудың да, географияның да қысқаруына қарсымын.

  133. Жазира

    Мен, жаратылыстану пәнінен беремін. Бұл пәнді қысқарту мүмкін емес. Өзі 4 пәнді қарастырамыз. Балаларға ауыр болады. Қысқартуға келмейді.

  134. Сапар

    Жаратылыстану 68сағат бұрынғы физикалық география орнына берілген ғой,сағаттарды 51ге түсіру ақымақтық болмаса жағдай өте қиын жағдай, қысқарса баланың біліміне дүниетанымына әсер етеді

  135. Сапар

    Сабақты қысқарткға қарсымын, мүлдем талапқа сәйкес емес. 68сағат болғаны жақсы

  136. Калдыкул

    Көптеген елдерде жаратылыстану пәні күшейтіліп жатыр. Бізде қысқаруы білім сапасының басекеге қабілеттілігіне әсер етеді. Бұл пән география, химия, биология, физика сияқты ғылымдардың бастамасы болып табылады. Оқушылардың ғылыми дүниетанымы мен табиғат құбылыстарын түсінуіне кері әсер етеді, сондықтан пәннің қысқаруына қарсымын

  137. 5–6 сыныптардағы «Жаратылыстану» пәнінің жалпы оқу жүктемесінің 51 сағатқа дейін қысқаруы білім сапасына тікелей әсер ететін елеулі мәселе болып отыр. Бұл пән – биология, география, физика мен химияның бастапқы негіздерін қалыптастыратын, оқушылардың ғылыми ойлауын, зерттеу дағдыларын дамытатын маңызды интегративті курс.
    Біріншіден, қысқарған сағаттар оқушылардың жаратылыстану ғылымдарының базалық ұғымдарын жүйелі меңгеруін шектейді. 5–6 сыныптарда табиғат құбылыстары, энергия түрлері, экожүйелер, карта және кеңістік ұғымдары, заттардың қасиеттері сияқты негізгі түсініктер қалыптаспаса, келесі биология, география, физика және химия пәндерін игеру деңгейі біршама төмендейді.
    Екіншіден, оқу бағдарламасы оқушының зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталғанымен, сағат санының азаюы зерттеу жұмыстарын, тәжірибелерді, жобалық тапсырмаларды толық орындауға мүмкіндік бермейді. Бұл функционалдық сауаттылықтың даму қарқынын бәсеңдетеді.
    Үшіншіден, «Ғылым әлемі», Адам.Жер.Ғалам сияқты абстрактілі бөлімдерге бөлінген сағаттар пәннің мазмұнынан алынса, негізгі жаратылыстану түсініктерін терең меңгеру қиындайды. Бұл бөлім міндетті түрде пәндік дағдылармен кіріктірілуді талап етеді, алайда қысқартылған уақытта бұл интеграция тиімді жүзеге аспайды.
    Төртіншіден, жаратылыстану – баланың ғылыми әлемге қызығушылығын оятатын алғашқы пән. Сағат санының азаюы оқушылардың зерттеуге деген ынтасын төмендетіп, ғылым мен технология бағыттарын таңдауына кері әсер етуі мүмкін.
    Осы себептерге байланысты 5–6 сыныптардағы жаратылыстану пәнінің сағат санын қысқартпау, керісінше пән мазмұнын толық қамту үшін жеткілікті көлемде сақтау қажет деп есептейміз.
    Бұл шешім оқушылардың ғылыми сауаттылығының, зерттеушілік мәдениетінің және табиғат құбылыстарын түсіну қабілетінің сапалы қалыптасуын қамтамасыз етеді.

  138. Жобадағы өзгерістерге сәйкес, жаратылыстану пәні 51 сағат көлемінде ғана оқытылмақ.Әсіресе география бағыты бойынша бірқатар маңызды мәселелер туындайды.
    Біріншіден, географияға қатысты картамен жұмыс істеудің алғашқы дағдылары дәл осы 5–6 сыныптарда қалыптасуы тиіс, алайда қысқартылған оқу жүктемесінде бұл дағдыларды толық меңгертуге мүмкіндік болмайды. Жаратылыстану пәнінде карта, масштаб, шартты белгілер, бағыттарды анықтау сияқты базалық картографиялық ұғымдар жүйелі түрде берілмесе, кейінгі 7–9 сынып географиясы кезінде оқушылар елеулі қиындықтарға тап болады.
    Екіншіден, оқу бағдарламасы бойынша келесі география курсы жаратылыстану пәнінде алынған бастапқы дағдыларға сүйенеді, яғни бұл іргетастың беріктігі өте маңызды. Егер 5–6 сыныпта картография мен алғашқы географиялық түсініктер өз деңгейінде қалыптаспаса, орта буын географиясында оқушылардың функционалдық сауаттылығы төмендейді.
    Үшіншіден, бірінші тоқсандағы «Ғылым әлемі», «Адам Жер.Ғалам»бөлімдеріне бөлінген сағаттар жаратылыстану мен география мазмұнынaн алынып отыр. Бұл бөлімдер мазмұны географиялық дағдылармен кіріктірілуі тиіс болғанымен, қысқарған сағат саны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай зерттеу дағдыларын толық қамтуға мүмкіндік бермейді.
    Төртіншіден, білім беру мақсаттары оқушылардың қоғамда табысты бейімделуіне қажетті нақты білім мен дағдыларды анықтауы тиіс. Ал картамен жұмыс, кеңістіктік ойлау, табиғи құбылыстарды географиялық тұрғыдан талдау – осы құзыреттердің өзегі. Бұл базалық дағдыларды қысқартылған сағаттарда толық меңгерту мүмкін емес.
    Осыған байланысты 5–6 сыныптағы жаратылыстану пәні бойынша оқу жүктемесін қысқартпау және сағат санын қайта қарау қажет деп есептейміз.
    Бұл Қазақстанның географиялық білім сапасына, оқушылардың функционалдық сауаттылығына және болашақта жаратылыстану-ғылыми бағыттарды таңдауға тікелей әсер ететін маңызды мәселе болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх