ҮОБ Биология 7-9-сынып

10 комментариев к “ҮОБ Биология 7-9-сынып”

  1. Мейірлан

    Биология пәні бойынша оқу бағдарламасы жоғары деңгейде құрастырылған. Тақырыптардың өзектілігі, маңыздылығы, жас ерекшеліктеріде еске алынған. Тақырыптардың реттілігі, мазмұны жүйеленген. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар дұрыс құрастырылған.
    Ұсыныс: Жалпы ҮОЖ-дағы орфографиялық-семантикалық қателер өте көп екен. Мысалы: 9-сыныпқа арналған биология пәнінің базалық білім мазмұнының 9 тарауында: Гендік инжерения сөз тіркесі — Гендік инжинерия деп жазылған, ал 10 тараудағы қарым-қатынас сөз тіркесі қарымқатынас деп дефиссіз жазылған. Қателерді түзетіп, сауатты ақпаратты ұсынайық.
    Бағдарлама жалпы орта білім беру мекемелеріне ұсынуға лайықты.

  2. Турышова Асел Муратбекқызы

    Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-сыныптарына арналған «Биология» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын толық оқып, талдап шықтым.
    Жалпы бағдарламаға талдау нәтижесінде төмендегідей қорытындылар жасалды:
    -Таксономияның мазмұндық көлемі қысқарған, енді тек жалпы түсінік деңгейінде беріледі.
    -Экожүйе және экологиялық факторлар тақырыбы бірінші тоқсанға ауыстырылған.
    -Жасуша тақырыптары кеңейтілген – оған су, химиялық элементтер мен органикалық заттардың рөлі қосылған.
    -Физиологиялық тақырыптар (қоректену, тыныс алу, тасымалдау) біріктіріліп, өзара байланыста қарастырылған.
    -Жүйке жүйесі мен координация тақырыптары алғаш рет енгізілген (бұрын бұл мазмұн 8-сыныпқа тиесілі болған).
    -Көбею, өсу және даму тақырыптары 9-сынып бағдарламасына ауыстырылған.

    Қорыта келгенде:
    Бұрынғы бағдарлама – дәстүрлі сипатта, ағзалар жүйесін толық қамтыған және мазмұны кең болған.
    Жаңа бағдарлама – функционалдық және экологиялық бағытта, зертханалық және тәжірибелік жұмыстарға көбірек негізделген.
    Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушыны «жаттап білуден» «зерттеп, салыстыра білуге» көшіру болып табылады.

    Бағдарламаға ұсыныстар:
    Таксономиялық әртүрлілікті сақтау қажет.
    Қазіргі бағдарламада бактериялар мен протистер тақырыптары қысқартылған.
    Ұсыныс: қосымша зертханалық жұмыс немесе бейнематериал арқылы бактерия мен протист құрылысын таныстыру (мысалы, эвглена мен амебаның микропрепараттарын бақылау).

    Экожүйе және жүйелеу бөлімдерінің арасындағы байланысты күшейту қажет.
    Ұсыныс: «Экожүйедегі әртүрлі ағзалардың өзара байланысы және олардың жүйедегі орны» атты пәнаралық жобаны енгізу.

    Жасушалық биология бөлімінде практикалық компонентті арттыру керек.
    Ұсыныс: микроскоп арқылы өсімдік және жануар жасушаларын салыстыруға арналған 2–3 зертханалық жұмыс енгізу.

    Физиологиялық процестердің (фотосинтез, тыныс алу, тасымал) логикалық сабақтастығын сақтау қажет.
    Ұсыныс: бұл тақырыптарды «Ағзадағы зат және энергия айналымы» атты бір бөлімге біріктіру.

    Адам биологиясы бөлімі кеңейтілгені орынды.
    Ұсыныс: жүйке жүйесі, ұйқы және күйзеліс тақырыптарын өмірмен байланыстыратын жобалық жұмыс немесе рефлексиялық күнделік арқылы толықтыру.

    Экологиялық тәрбие мазмұнын күшейту қажет.
    Ұсыныс: мектеп ауласында «Кіші-қорық» ұйымдастыру немесе «Биоалуантүрлілік картасын» жасау жобасын енгізу.

    Генетика және тұқымқуалаушылық бөлімін нақты мысалдармен толықтыру.
    Ұсыныс: адамда кездесетін тұқымқуалайтын белгілер мен отбасылық шежіре негізінде интерактивті сабақ өткізу.

    Жалпы қорытынды:
    Жаңа үлгілік оқу бағдарламасы заманауи талаптарға сай, оқушының зерттеу, талдау және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған.
    Дегенмен, мазмұндық тепе-теңдікті сақтау үшін таксономия, жасуша биологиясы және экологиялық бағыттағы тақырыптарды практикалық жұмыстармен толықтыру қажет деп санаймын.

  3. Турышова Асел Муратбекқызы

    Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-сыныптарына арналған«Биология»оқу пәнібойыншаүлгілік оқу бағдарламасы.

    Жаңа және ескі бағдарламаларды салыстырғанда, бірнеше маңызды құрылымдық өзгерістер анық байқалады.
    Біріншіден, бөлім атаулары бұрынғыдай «Жасушалық биология», «Қоректену», «Заттардың тасымалдануы», «Координация және реттелу» сияқты негізгі бағыттарды қамтығанымен, жаңа бағдарламада олардың реті мен мазмұны нақтырақ жүйеленген. Бұл өзгеріс оқу процесін бірізді етуге, тақырыптардың өзара байланысын күшейтуге және білімнің сатылы дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дегенмен, сабақ барысында бөлімдер арасындағы логикалық байланыстар мен тақырыптардың бір-бірімен сабақтастығын айқын көрсету маңызды деп есептеймін.

    Екіншіден, оқу мақсаттарының мазмұны мен құрылымында айтарлықтай өзгерістер бар. Бұрынғы бағдарламада мақсаттар жалпы сипатта берілсе, жаңа бағдарламада әрбір мақсат әрекеттік етістік арқылы (мысалы, сипаттау, зерттеу, салыстыру) нақтыланған. Бұл тәсіл SMART қағидасына толық сәйкес келеді және оқушылардың оқу әрекетін нақты нәтижеге бағыттайды. Сонымен бірге, мұғалімдерге оқу мақсаттарын жоспарлау кезінде олардың өзара ұқсастығы мен қайталануына жол бермеу, сондай-ақ бір оқу мақсатын бірнеше сабақта тиімді қолдану мүмкіндігін ескеру қажет.

    Үшіншіден, зертханалық жұмыстардың саны көбейіп, мазмұны байытылған. Бұл — оқушылардың практикалық дағдыларын дамытуға және теориялық білімін тәжірибе арқылы бекітуге бағытталған оң өзгеріс. Дегенмен, кейбір мектептерде құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі мәселесі бар екенін ескере отырып, зертханалық жұмыстарды онлайн-платформалар немесе цифрлық модельдеу әдістері арқылы орындау тиімді шешім болар еді деп ойлаймын.

  4. Куралай

    Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған «Биология» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы, негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқушылардың жас ерекшеліктеріне және танымдық мүмкіндіктеріне сай құрастырылған.Бағдарламада биология ғылымының негізгі салалары-экология, цитология, генетика, биотехнология бағыттары қамтылып, білім алушылардың ғылыми дүниетанымын ұалыптастыруға бағытталған.Бағдарлама оқушыларды биология пәніне қызықтырып, өмірмен байланыстырып оқытуға бағытталған.Жалпы алғанда , оқу бағдарламасы мазмұндық және әдістемелік тұрғыдан үйлесімді, құрылымы нақты және қазіргі білім беру стандарттарының талаптарына толық. сәйкес келеді.

  5. Ләмбек Айгүл Аятбекқызы

    Негізгі орта білім беру деңгейіне арналған «Биология» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы жаратылыстану-ғылыми бағыттағы білім берудің мазмұнын жүйелі түрде ұйымдастыруға және оқушылардың тірі табиғат туралы ғылыми көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама мазмұны биологиялық ұғымдар мен заңдылықтарды меңгерту, тірі ағзалардың құрылымы мен қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру, экологиялық және эволюциялық процестердің мәнін ашу арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға негізделген.
    Бағдарлама құрылымы спиральдік ұстанымға сүйенеді, яғни оқу материалының мазмұны сыныптан сыныпқа өткен сайын күрделеніп, оқушылардың жас ерекшелігі мен танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес тереңдетіледі. 7-сыныпта оқушылар жасуша деңгейіндегі тіршілік құрылымын, өсімдіктердің морфологиясы мен физиологиясын меңгереді.
    үлгілік оқу бағдарламасында оқыту процесін белсенді әдістер арқылы ұйымдастыруға, яғни зертханалық жұмыстар, бақылаулар, жобалық және зерттеу қызметі арқылы оқушылардың ғылыми таным дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінген.
    «Биология» пәнінің үлгілік бағдарламасы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, табиғат пен қоғамның өзара байланысын түсінуді, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде оқушылар биологиялық білімді өмірлік жағдайларда қолдануға, ғылыми тұрғыдан негізделген шешім қабылдауға және тұрақты даму идеяларын қолдауға бағытталған құзыреттерді игереді.

  6. Ләмбек Айгүл Аятбекқызы

    Үлгілік оқу бағдарламасы қазіргі білім беру талаптарына толық сәйкес құрастырылған және оқушылардың жас ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктері жан-жақты ескерілген. Бағдарламаның басты ұтымдылығы – оқу мазмұнының жүйелілігі мен сабақтастығының сақталуы. Биологиялық білім спиральдік қағидатқа негізделе отырып, біртіндеп күрделеніп, әр сынып деңгейінде оқушылардың қабылдау деңгейіне сай тереңдетіліп беріледі.
    Бағдарлама құрылымында ғылыми мазмұн мен тәрбиелік бағыт өзара үйлесім тапқан. Әр тақырыптың мазмұны оқушылардың тәжірибелік-шығармашылық әрекетін дамытуға, зерттеу дағдыларын қалыптастыруға және экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған. Оқу процесінде қолдануға ұсынылған әдістер (зертханалық тәжірибелер, жобалық жұмыстар, бақылаулар және пәнаралық байланыстар) оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін қамтамасыз етеді.
    Сонымен қатар, бағдарламада білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес биологиялық ұғымдарды қабылдау, логикалық ойлау және талдау қабілеттерін дамыту тетіктері тиімді қарастырылған.

  7. Жиембекова Нагима

    Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған «Биология» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы, негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқушылардың жас ерекшеліктеріне және танымдық мүмкіндіктеріне сай құрастырылған.Бағдарламада биология ғылымының негізгі салалары-экология, цитология, генетика, биотехнология бағыттары қамтылып, білім алушылардың ғылыми дүниетанымын ұалыптастыруға бағытталған.Бағдарлама оқушыларды биология пәніне қызықтырып, өмірмен байланыстырып оқытуға бағытталған.Жалпы алғанда , оқу бағдарламасы мазмұндық және әдістемелік тұрғыдан үйлесімді, құрылымы нақты және қазіргі білім беру стандарттарының талаптарына толық. сәйкес келеді.

  8. Байділдаева Сәуле Нұрсұлтанқызы

    Бағдарламаның негізгі ерекшелігі – оқу мазмұнының жүйелілігі мен сабақтастығының сақталуы. Биологиялық білім беру үдерісі спиральдік қағидатқа сүйене отырып құрылып, оқу материалы біртіндеп күрделенеді және әр сынып деңгейінде оқушылардың танымдық қабілетіне сай тереңдетіледі. Бағдарлама мазмұнында ғылыми білім мен тәрбиелік құндылықтар өзара үйлесім тапқан. Әр тақырыптың мазмұны оқушылардың тәжірибелік және шығармашылық іс-әрекетін жетілдіруге, зерттеу дағдыларын қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған. Үлгілік оқу бағдарламасы қазіргі заманғы білім беру талаптарына толық сәйкес дайындалған және онда оқушылардың жас ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктері жан-жақты ескерілген. Оқу процесінде қолдануға ұсынылған әдістер (зертханалық тәжірибелер, жобалық жұмыстар, бақылаулар, пәнаралық байланыстар) оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ынталандырады. Сонымен қатар, бағдарламада білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай биологиялық ұғымдарды меңгеруін, логикалық ойлау мен талдау қабілеттерін дамыту жолдары тиімді қамтылған.

  9. Кереева Гүлбаршын

    Бағдарламада биология ғылымының негізгі салалары – экология, цитология, генетика және биотехнология бағыттары қамтылып, білім алушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бағдарлама биология пәнін өмірмен ұштастыра отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Жалпы, оқу бағдарламасы мазмұндық және әдістемелік жағынан үйлесімді, құрылымы нақты және қазіргі білім беру стандарттарының талаптарына толықтай сай келеді.

  10. Айнұр Қыдырмолдина

    «Биология» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны негізгі орта білім беру бағдарламасын аяқтаған білім алушының бойында тұлғаның өзін-өзі жетілдіру, тілдік және коммуникативтік, мәдени-әлеуметтік, еңбек, оқу-танымдық, зерттеушілік, ақпараттық-технологиялық түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
    Оқу пәнінің мазмұны бойынша 4 бөлім:
    1) тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;
    2) көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. эволюциялық даму;
    3) ағза мен қоршаған орта;
    4) қолданбалы кіріктірілген ғылымдар қамтылған.
    Бағдарлама биологиялық білімнің толық қалыптасуына, негізгі түсініктер мен үғымдарды түсінуге, ұғынуға және оны тәжірибе қолдануға мүмкіндік береді. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға септігін тигізері сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх