ҮОБ Әліппе 1-сынып

10 комментариев к “ҮОБ Әліппе 1-сынып”

  1. Исенбаева Н.О

    Әліппе оқулығын қайта қарап қайтадан берілсе. У дыбысы оқулықтың ортарағында берілсе себебі білім алушыға қиындық туындатып отыр, Бала жасына сай болса қарап оқып отырмын күрделі 6 жастағы ойын баласына . Жұмабаева деген автордың әліппесі емес басқа автордың оқулығы бала мен жұмыс жасап етене араласып практикада болған авторлар болса диалекті көп мәтіндер күрделі жеңіл тақырыптар қамтылса. Кейбір бөлім, бөлімшелер мен сабақ мақсаты күрделі .

  2. Айдар

    Ата-ана ретінде авторларға ұсыныс, әріптерді үйреткенде оларға мысал ретінде берілетін сөздерді таңдауда мұқият болыңыздаршы!!!
    Негізгі суреттер қала және ауыл баласына таныс, түсінікті болса, мысалы, «О» әріпінде ошақ суреті бар, қала баласы көрмеген нәрсесін қайдан біледі?
    Сосын «Р» әріпін үйретуді кейінге қалдыру, себебі қазіргі кезде көптеген балаларда р әріпін айтуда қиындықтар бар, ал бала айта алмайды, мұғалім талап етеді, достары күледі, сосын балада стресс, оқығым келмейді деген нәрселер басталады.

  3. Кулшат

    Бағдарлама құрылымы жүйелі, пәнді оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар нақтыланған. Коммуникативтілікке негізделген тілдік дағдыларды оқушының жас ерекшелігін ескере жүзеге асыру қарастырылған.
    Бағдарламаны оқу үдерісін жүргізуде басшылыққа алуға болады.

  4. Әліппе кезеңінде а дыбысы мен әрпінен кейін р, л дыбыстары берілген. Қазақ тілінде р, л дыбыстарынан басталатын зат есім сөздер аз. Р, л дыбыстары көбінесе сөздің ортасында, соңында кездеседі, Ал әліппеде дыбыстарды үйрену үшін сол дыбыстан басталатын сөздер болса, бала дыбысты тез әрі оңай үйренеді. Алдыңғы әліппеге қарасақ, а дыбысынан кейін т дыбысы тұрады, сонда бала алғаш ата сөзін үйренеді, яғни күнделікті қолданып жүрген сөзі, айтылуы жеңіл. Қазақ тілінде т әрпінен басталатын зат есім сөздер өте көп, балаға мысал келтіріп, суретімен көрсетуге.

  5. Маханбетова З., Сыланова Д.

    «Әліппе»оқулығы бойынша бағдарламаның оқу мақсаттары олардың жас ерекшелігіне толық сай. Балалардың қол моторикасының дамып келе жатқан кезеңіне байланысты дұрыс құрастылыған. Бас әріппен пен тыныс белгісі сияқты қарапайым пунктуациялық элементтер лайық деңгейде қарастырылған. Сурет, белгі, қарапайым сызбалар балалардың визуалды ойлау қабілетін, логикалық дамуын қолдайды.

  6. Маханбетова З., Сыланова Д.

    «Әліппе»оқулығы бойынша бағдарламаның оқу мақсаттары олардың жас ерекшелігіне толық сай. Мысалы, каллиграфиялық нормаларды сақтау балалардың қол моторикасының дамып келе жатқан кезеңіне байланысты дұрыс құрастырылған. Бас әріп пен тыныс белгісі сияқты қарапайым пунктуациялық элементтер лайық деңгейде қарастырылған. Сурет, белгі, қарапайым сызбалар балалардың визуалды ойлау қабілетін, логикалық дамуын қолдайды.

  7. Орманова З.

    «Әліппе» оқулығы бойынша бағдарлама мазмұны жүйелі құрылған. Оқу материалы оқушылардың жас ерекшелігіне сай берілген, әрі жазуға дайындық кезеңінің қадамдары нақты сипатталған. Бағдарламада жұмыстың негізгі бағыттары — тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым әрекеттері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылатыны нақты көрсетілген.

  8. Кажигалиева Жанат Башариновна

    Көпшілік әріптестер өте маңызды ескертулер жасаған. «Р, л» дыбыстарын а дыбысынан кейін қою қате.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх