ҮОБ Қазақ тілі мен әдебиеті Т2

67 комментариев к “ҮОБ Қазақ тілі мен әдебиеті Т2”

  1. Асия Райбаева

    оку багдарлама жүйеге сай жасалган

  2. Зинаида

    Оқу бағдарламасы жақсы, заман талабына сай құрастырылған.
    Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес құрастырылған. Рахмет

  3. Алтынай

    Бұл бағдарлама “Қазақ тілі Т2” пәнінің логикалық жалғасы ретінде жасалған: яғни бастауыштағы тілдік негізді нығайтып, орта буында (5–9 сыныптар) функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған

  4. Нұргүл

    Оқу бағдарламасы өте жоғары деңгейде жасалған, нақты, түсінікті, қолдаймын.

  5. Айдар

    Тым жақсы бағдарлама, мазмұны, мақсаты анық, жас ерекшелігіне сай жасауға тырысқан. Алайда бағдармала мазмұны мен мақсаттарында «күнделікті сөйлеу» деген ұғым болу керек, себебі біз маман емес, тілді өмірде қолданатын тұлғаға бағыт беруіміз керек.

    Негізгі мәселе жоспарда берілген шығармалар:
    — әр сынып үшін 8 шығарма, ал оның:
    — ішіндегі мазмұн лексикалық тақырыпқа сай ма? Мысалы, «Мойнақ» әңгімесінің мазмұны мен «ОТБАСЫНДАҒЫ МЕНІҢ МІНДЕТТЕРІМ» тарауына қаншалықты сай?
    — көлемі, «Сурет салғым келмейді? » сөз саны 11 мыңнан асып жығылады, 5-сынып оқушысы үшін көп емес пе?
    — берілуі, толық немесе үзінді немесе нақты тарау? Мысалы, «З.Наурызбаева, Л.Калаус Алтын тостағанды іздеу: Бату мен оның достарының бастанкешкендері» толық кітап

    Ұсыныс, берілген шығармаларды:
    — уақытқа сай, сөз көлеміне сай беру;
    — жас ерекшелігін ескеру;
    — нақты бөлім немесе тарауды белгілеу
    Автор өзі таңдап береді деген ойды алып тастау керек

  6. Алмагуль Саркытовна Макишова

    Профориентация жұмысы аясында өткізілген ойын оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына себеп болды. Ойын кезінде балалар түрлі мамандықтармен танысып қана қоймай, өз қабілеттерін, бейімдерін анықтауға мүмкіндік алды. Командалық жұмыс, логикалық ойлау мен жылдам шешім қабылдау дағдылары дамыды. Осындай форматтағы іс-шаралар оқушылардың болашақ кәсібін саналы түрде таңдауға ықпал етеді.

  7. Болатова Қ.

    Бағдарлама өте күрделі. Қазақша сөйлей алмай отырған балаларға күрделі грамматика беру дұрыс емес. Деңгейлік ұстаным сақталмаған.Қолдамаймын!

  8. Гүлбаршын

    Бағдарлама грамматикасы қазақ тілін деңгейден бастап үйретуге бағытталған екен. Жүйелі берілген

  9. Аружан С

    Бағдарлама мазмұны оқу мақсаттарына сай құрылып, сабақтардың бірізділігі сақталған. Саралау мен бағалау жүйесі нақты көрініс тапқан. Білім алушылардың жас ерекшеліктері ескерілген.Автордың тәжірибесі мен шығармашылығы байқалады.

  10. Жансая

    Бағдарламаның мақсаты, мазмұны жүйелі құрылған. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жасалған.

  11. Әмина

    Бағдарламада тілдік дағдылар толығымен қамтылып жазылған. Құрылымы түсінікті, әрі жүйелі. Оқу мақсаттары айқын берілген. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген.

  12. Динара

    Бағдарлама жүйелі, бірізді құрылған. Оқу мақсаттары, құрылымы стандартқа сай жасалған. Тілдік дағдылар қамтылған. Оқушы жас ерекшелігіне сай жасалған.

  13. Акерке Маликова

    Бағдарламаны оқи отырып, маңызды мәселелерді қамтығанын байқадым. Яғни, бағдарлама оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес , сынып — сыныпқа бөліп қарастырылған. Бағдарламаның мазмұны өте түсінікті . Сонымен қатар, негізгі ерекшеліктерінің бірі- 4 дағдыны толық қамтып, тілдік бағдарғада тоқталып өткен . Тағы бір атап өтер мәселе- оқу бағбарламасын деңгей бойынша қарастырған. Жалпы, оқу бағдарламасының жүйелі, бірізді , тиянақты жазылғаны көрініп тұр. Жарайсыз! Жұмысыңызға тек сәттілік тілеймін!

  14. Peruza Myanova

    Бағдарламаның мазмұны жүйелі,құрылымы түсінікті,білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай жасалған.

  15. Салтанат

    Бағдарламаның мазмұны сапалы. Бағдарламаға енгізілген әдеби шығармалар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай келеді.

  16. Жансая

    Бағдарламаның мазмұны ашық, анық айтылған. Талапқа сай. Тиянақты жазылған.

  17. Арайлым

    Оқу бағдарламасы өте жоғары деңгейде жасалған, өте түсінікті

  18. Лаззат

    Бағдарламаның мазмұны кең. Оқушылардың жас ерекшеліктері қамтылғаны ұнады. Деңгейлік тапсырмалар да қарастырылған

  19. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің бағдарламасы оқушылардың тілдік дағдыларын жүйелі дамытуға бағытталған. Бағдарлама тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым әрекеттерін бірлікте қолданып, оқушының сөздік қорын байытуға мүмкіндік береді. Жалпы, бағдарлама оқушының тілдік және шығармашылық қабілетін жан-жақты дамытуға негізделген.

  20. Шәрбат

    Бағдарлама жан-жақты қарастырылып жасалыпты. Авторлар мүмкіндігінше жеңіл қабылданып, оңай меңгерілуіне, ақпараттылығына мән берген екен. Қазақ тілін оқытуда тиімділігін көрсетеді деген ойдамын.

  21. Ғайни

    Бағдарлама оқушылардың тілдік және шығармашылық дағдыларын кезең-кезеңімен дамытуға бағытталған. Мазмұны оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым әрекеттерін үйлестіре отырып, білім алушының ойлау қабілетін арттыруға мүмкіншілік береді. Көркем мәтіндермен жұмыс жасау арқылы ұлттық құндылықтарды құрметтеу мен эстетикалық талғамды қалыптастыру көзделген. Жалпы, бағдарлама оқушының жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

  22. Айшолпан

    Бағдарламада оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілген. Оқу мақсаттары нақты, қол жетімді. Бағдарламада тілдік және әдеби білім бірлікте қарастырылып, оқушылардың коммуникативтік, сыни ойлау, шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын дамытуға ерекше мән берілген.Бағдарламаның құрылымы жүйелі, мәтіндер мен тапсырмалар өмірмен байланысты, функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған.

  23. Наркыз Кушекбай

    Бағдарлама талапқа сай, кең ауқымда жасалынған. Мазмұнды, жүйелі түсінікті. Және жас ерекшелікке сай.

  24. Оқу бағдарламасы өте ұтымды құрылған. Құжат түсінікті, құрылымы жүйелі, мұғалімге де, оқушыға да қолайлы. Жалпы, қазіргі заман талабына сай сапалы бағдарлама деп айтар едім.

  25. Самал Дюсеновна

    5-9 сыныптарға арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәннің үлгілік оқу бағдарламасы өте жақсы құрастырылған. Мақсаттары жеңіл, түсінікті. Шығармалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай берілген. Грамматика жүйелі, бір-бірімен байланысты. Тапсырмалар арасында сабақтастық бар. Тақырыптардың жүйесі сақталған. Құрылымы түсінікті.

  26. Манатова Айжанат

    Бағдарламаның оқу мақсаттары нақты және білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған.
    Әрбір мақсат оқу процесін жүйелі ұйымдастыруға және нәтижеге жетуге бағытталған.
    Алдағы уақытта еңбегіңізге зор табыс пен сәттілік тілеймін!

  27. Құндыз

    Бағдарламаның құрылымы жүйелі. Баланың жас ерекшелігіне сай жасалған.
    Өте жақсы бағдарлама.

  28. Замира Ғалымжанқызы Тоқшылықова

    Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы бойында құзыреттіліктерді қалыптастырып, мәдени және ұлттық құндылықтарды дарытуға бағдарланғаны айқын көрініс тапқан. Оқу мақсаттары жеңілден күрделіге қарай берілген.

  29. Ақжүніс Жалғасбекқызы

    Бағдарламаның құрылымы түсінікті, оқу үдерісін кезең-кезеңімен ұйымдастыруға қолайлы, пән мазмұнының тереңдігі мен қолжетімділігі арасында тиімді үйлесім сақталған. Қазақ тілі мен әдебиеті мазмұны өзара кіріктіріліп, оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін және ең бастысы тілдік нормаларды саналы қолдану қабілетін дамытуға басымдық берілген бұл- ең үлкен артықшылығы деп білемін.

  30. Нургуль

    Бағдарлама мазмұны жеңілдетілген, жас ерекшелігіне сай жасалған. Әсіресе, әдеби шығармалар. Қуаныштымыз.

  31. Рахманбердиева Айзат

    Бағдарлама мазмұны жағынан заман талабына сай, жақсы жасалған екен. Мазмұнды, мәнді, жүйелі әрі білім алушының жас ерекшелігіне сай жасалған.

  32. Каракат Нарикбаева

    Ұсынылған бағдарлама оқу үдерісінің мақсаттары мен міндеттеріне сай мазмұнмен толықтырылған. Сабақтардың құрылымы жүйелі жоспарланып, әр бөлімнің өзара байланысы сақталған. Оқыту барысында білім алушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер тиімді қолданылған.
    Бағалау мен кері байланыс жүйесі нақты көрініс тауып, оқушылардың жетістіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Саралау элементтері сабақтың барлық кезеңінде орынды пайдаланылған.
    Мазмұнды құрастыруда білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктері назарға алынған. Жұмыстан автордың педагогикалық шеберлігі, тәжірибесі мен жаңашылдыққа ұмтылысы анық байқалады.

  33. Жаннат

    Ұсынылған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы қазіргі білім беру талаптарына сай әзірленгенін байқауға болады. Бағдарлама Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына негізделіп, оқыту мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып жасалған. Мұнда басты назар оқушының тұлғалық дамуына, оның дүниетанымын кеңейтіп, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.

    Бағдарлама мазмұны базалық құндылықтар мен ұлттық рухани негіздерді тоғыстыра отырып, білім алушылардың тілдік және әдеби құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол тіл арқылы ойлауды, мәдениетті түсінуді және өз ойын сауатты жеткізе білуді қалыптастыруға бағытталған.

    Жалпы алғанда, бұл үлгілік оқу бағдарламасы – оқушының тілдік, мәдени және тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін мазмұндық әрі әдістемелік тұрғыдан маңызды құжат.

  34. Қымбат Өтебек

    Бағдарлама мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін, тілдік және әдеби білімді біртіндеп қалыптастыру қағидатын ескеріп жасалған. Оқу мақсаттары тілдік дағдыларды (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) кешенді түрде дамытуға бағытталғаны қуантады. Әдебиет бөлімі ұлттық құндылықтарға, қазақ қаламгерлерінің шығармаларын танытуға және оқушылардың рухани дамуына зор үлес қосады.

  35. 5-9 сыныпқа арналған оқу бағдарламасы жүйелі жасалған. Құрылымы дұрыс. Грамматика дұрыс берілген. Мақсаты нақты ,мазмұны анық.Тілдік дағдылар толық қамтылған.Әдеби шығармалар мен лексикалық минимум білім алушылардың жас ерекшелігіне сай.

  36. Набат

    Бағдарлама білім алушылардың жазылым, айтылым, оқылым, тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Тіл арқылы әдеби құзіреттіліктерін дамытуға мүмкіндік береді

  37. Махамбетжан Қ

    Бағдарламаның оқу мақсаттары айқын жасалып,тақырыптары балалардың жас ерекшеліктеріне сай түсінікті берілген.Сабақтардың құрылымы жүйелі түрде жоспарланып,әр бөлімнің өзара байланысы сақталған.Қазақ тілі мен әдебиетімазмұны өзара кіріктіріліп,оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін және тілдік нормаларын дамытуға басымдық берілген.Жалпы,бұл бағдарламаоқушының тілдік және шығармашылық қабілетін жан-жақты дамытуға негізделгені көрініп тұр.

  38. Бибітова Қамарсұлу

    Бағдарлама құрылымы дұрыс әрі нақты. Тілдік және әдеби білімді қалыптастырған. Оқушылардың дамуына дүниетанымын кеңейтуге,адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған. Және де мәдениетті түсінуге,өз ойын нақты әрі сауатты жеткізуге бағыт жасаған. Тапсырмалар арасында жүйелілік,бірізділік дәл көрсетілген. Алдағы уақытта жұмыстарыңызға сәттілік пен табыс!

  39. Ақсұлу Шынболатқызы

    Бағдарлама өте жақсы дайындалған. Алдыңғы бағдарлама шынымен осы жолы толық жетілген. Лексика грамматикалық минимум, ұстаздар қалаған грамматикалық үлгі мысалдар берілген. Оқу мақсаттары жетіліп, оқушыға түсінікті тілде жазылған т

  40. Гүлжан Садық

    Бағдарламамен таныса отырып, оның маңызды мәселелерді толық қамтығанын байқадым. Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай сыныптар бойынша жүйелі түрде бөлінген. Мазмұны түсінікті әрі нақты берілген. Сондай-ақ, оқу мазмұны деңгей бойынша реттеліп, бірізділік сақталған. Жалпы, бағдарлама құрылымы жүйелі, мазмұны тиянақты және мақсатқа сай жасалған.

  41. Сәуле

    Оқу бағдарламасының мазмұны жүйелі, оқушылардың жас ерекшелігіне сай жасалынған.
    Еңбегіңіз табысты, жемісті болсын!
    Сәттілік! Қолдаймыз!

  42. Айкөркем Нұржаубай

    Бағдарлама мазмұны өте ұтымды құрылған. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескерілгені, тілдік және әдеби білімнің бірізді қалыптасуына мүмкіндік беретіні қуантады. Тілдік дағдыларды – тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды – кешенді түрде дамытуға бағытталуы қазіргі білім беру талаптарына сай келеді. Әдебиет бөлімінде ұлттық құндылықтардың, қазақ қаламгерлерінің шығармаларының кеңінен қамтылуы оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, елжандылық сезімін қалыптастыруға зор әсер етеді. Жалпы, бағдарлама мазмұны заман талабына сай, білім алушылардың тілдік құзыреттілігін дамытуға бағытталған маңызды деп бағалаймын.

  43. Назерке Таубайқызы

    Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған. Бағдарламада тілдің құрылымдық жүйесін меңгертумен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін тапсырмалар қамтылған. Әдеби шығармаларды оқыту арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, туған тілі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігі қалыптасады.

  44. Оқу бағдарламасы талапқа сай жасалған, оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамытуға бағытталған.

  45. Табылғанова Айымжан

    Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылған. Ондағы оқу мақсаттары нақты әрі қолжетімді түрде анықталған. Бағдарламада тілдік және әдеби білім өзара үйлесімде беріліп, оқушылардың коммуникативтік қабілетін, сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылады. Бағдарламаның құрылымы жүйелі ұйымдастырылған, ал мәтіндер мен тапсырмалар өмірмен тығыз байланысып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

  46. Акжунис Шакизада

    Ұсынылған сабақ мазмұны қазіргі білім беру талаптарына сай құрылып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Сабақ барысында оқушылардың ойлау қабілеті дамып, тілдік және шығармашылық дағдылары жетілдіріледі.

  47. Кереева Сәуле Әбуқызы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері

    Негізгі орта білім беру деңгейінің 5–9-сыныптарына арналған
    «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына
    (оқыту қазақ тілінде емес)
    ПІКІР

    Ұсынылған үлгілік оқу бағдарламасы қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуды жүйелі ұйымдастыруға бағытталған және негізгі орта буын оқушыларының коммуникативтік, тілдік және әдеби-эстетикалық құзыреттіліктерін қалыптастыруды көздейді.
    Күтілетін нәтижелер әр сынып бойынша жас ерекшелігіне сай жоспарланған.
    Бағдарлама 5–9-сынып кезеңінде тілдік білімді кеңейту, мәтінмен жұмыс дағдыларын тереңдету және әдебиет арқылы ұлттық мәдениетті түсінуді күшейтуге нақты негіз қалайды.

    Кереева Сәуле Әбуқызы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері.

  48. Жанар АА

    Үлгілік оқу бағдарламасының негізгі ерекшелігі – қазақ тілін оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту тұрғысынан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға негізделген:1) тыңдалым және айтылым; 2) оқылым;3) жазылым;4) әдеби тіл нормаларын сақтау.Оқу бағдарламасында коммуникативтік әрекеттер мен дағдыларды жүзеге асыратын оқу мақсаттары айқын әрі түсінікті ұсынылған. Оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалған. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай лексикалық тақырыптар ұсынылған. Бағдарлама оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, проблемалық сұрақ қою, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

  49. Гаухар Жумабековна

    Үлгілік оқу бағдарламасында спиральді қағида сақталған: білім мазмұны сыныптан сыныпқа қарай күрделеніп, тереңдетіле түседі. Бағалау жүйесі критериалды бағалау принциптеріне негізделіп, оқушының жеке даму траекториясын айқындауға мүмкіндік береді.

  50. Бактылы Тулеповна

    Бағдарламада тілдік білім мазмұны коммуникативтік бағытта құрылып, оқушының төрт тілдік дағдысын – тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылымды – біртұтас дамыту көзделген. Әдебиет бөлімі ұлттық құндылықтарды, мәдени мұраларды дәріптеуге және оқушылардың көркем шығармаларды талдау, өз көзқарасын білдіру қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған.
    Үлгілік оқу бағдарламасы заман талабына сай жаңартылған мазмұнды қамтып, оқушыларды өз ойын еркін жеткізе алатын, мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған.

  51. Әмірбекова Гулбану

    Жаңа бағдарлама өте жоғары деңгейде ұссынылған,әсіресе оқушының жас ерекшелігіне сай деңгейлік тапсырмаларды жүйелі түрде бере білген.Тілдік құрылым және әдеби шығармалардың мазмұнына да баса назар аударылғаны оқушылардың қабілетін жан-жақты дамытуға үлкен септігін тигізер бағдарлама екендігімен де ерекшеленеді.Бағдарлама көптің ойынан шығатын лайықты бағдарлама болатынына сенімдеміз.

  52. Құралай Оралбекқызы

    қолдаймын! Орыс мектептеріндегі ҚТӘ өте күрделі, деңгейлік оқыту ұстанымына қайшы болып тұр.

  53. Шахризада Фазылқызы

    «Грамматикалық жүйені кешенді оқыту» арқылы оқушының тілдік санасын қалыптастыруды, мәтін тілін талдату арқылы тіл дамытуға бағытталған бұл бағдарлама – қазіргі білім беру үдерісіндегі өте орынды, заманауи қадам деп есептеймін.
    Бағдарлама грамматиканы оқшау емес, тұтас мәтін аясында меңгертуді көздей отырып, оқушының ойлау, талдау және тілдік норманы саналы қолдану қабілеттерін дамытады. Осындай тәсіл арқылы оқушы тілді жүйелі түсініп, өз ойын сауатты жеткізе алатын тұлға болып қалыптасады.
    Сондықтан мен бұл жаңа бағытты толық қолдаймын. Бұл – тілді оқытудың мазмұнын тереңдетіп, ұлттық дүниетаным мен тілдік мәдениетті ұштастыратын тиімді бағдарлама деп білемін.

  54. Нағима Қалдыбекқызы

    Қолдамаймын. Қазақ тілін оқыту бағдарламасы күрделі әрі оқушылардың тілдік деңгейіне сай келмейді. Бағдарлама мазмұны тілді енді оқып жатқан оқушылар үшін ауыр. Сол себепті оқу мазмұнын жеңілдетіп, коммуникативтік бағытта, күнделікті өмірде қолдануға ыңғайлы тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған материалдармен толықтыру қажет.

  55. қолдаймын! Орыс мектептеріндегі ҚТӘ өте күрделі, деңгейлік оқыту ұстанымына қайшы болып тұр.

  56. Сәния

    Мұғалім ретінде Бағдарламаны қолдамаймын! Грамматика тым күрделі, жүйе жоқ. Деңгейлік ұстаным қайда қалған?

  57. Марфуға

    Мен — көп жылдық тәжірибесі бар зерттеуші мұғаліммін. Бағдарлама түзеле ме, оқулық түзеле ме деп күткен едік. Өкінішке орай олай болмай тұр. Мемлекеттік тілдің беделінің көтерілмеуіне осындай сауатсыз дүние кінәлі болады. Оқушының жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін бұл Бағдарламаны қолдамаймын.

  58. Назгүл

    Берілген тапсырмалар жас ерекшелігіне сай жасалса екен,өйткені баланың меңгеруі өте қиын, түсініксіз сұрақтар өте көп.
    Дәстүрлі сабағымыз келсе екен.

  59. Бағдарламада барлық аспектілер мен критерийлер ескерілген деп түсінемін.

  60. Бақыт О.

    Оқыту бағдарламасы күрделі әрі оқушылардың тілдік деңгейіне сай келмейді. Қолдамаймын!

  61. Зәуреш

    Деңгейлік тапсырмалар болуы керек. Қолдай алмаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх