ҮОБ Химия 7-9-сынып

1 комментарий к “ҮОБ Химия 7-9-сынып”

  1. Бағдарлама жобасын талқылау жөнінде өте кеш (11.11.25 ж. кешкі сағат 17.00-де) естіп отырмын. Сонда да 48 жыл еңбек өтілі бар химия пәні маманы ретінде аз болса да пікір білдіруді жөн көрдім. Бағдарлама мазмұнында, материалдардың берілу ретінде өзгерістер бар екен: 9-сыныптағы пән мазмұнынан реакция жылдамдығы, химиялық тепе-теңдік, тотығу-тотықсыздану процестері жөніндегі материалдар алынып тасталған. Бұл өзгерісті қолдаймын. Кейбір материалдар орны ауысқан. Мысалы, «Көміртек» тақырыбы 8-сыныптан 9-сыныпқа көшіріліпті. Бейметалдар бірге болғаны жөн деп оны да қолдаймын. Бірақ кейбір тақырыптар өз орнында тұрған жоқ. Бұл — жеке пікірім. Мысалы:
    • 7-сыныптағы «7.1.2.8. оксидтер мысалында бинарлы қосылыстардың
    құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу» деген мақсатты 7.3.1.4 кейбір металдар мен бейметалдардың жанғанда оксидтер түзілетіндігін түсіндіру» деген мақсаттан кейін қойса, өйткені оқушы әлі оксид деген не екенін білмейді;
    • «Жер химиясы» тарауының ең соңында тұрған «Бинарлы қосылыстардың жануы. №6 көрсетілім «Бинарлы қосылыстардың жануы». Табиғатта кездесетін «Оксидтер» тақырыбын (мақсаттары: 7.4.1.4 және 7.4.1.5) «Ауа. Оттегі. Жану.» тақырыбында қарастырса, тақырыбы да айтып тұр;
    • Бейметалдар тарауында «16 (VIА) топ элементтері» деп бір топты ғана көрсеткен. Егер шолу жасау қажет болса, 17-ші топтан бастап, 14-ші топқа дейін біркелкі қарастыру және жазу керек деп ойлаймын. Мысалы: «14 (IVА) топ элементтері. Көміртек» деген сияқты. Осы жерде көміртек пен кремний жөніндегі материалдарды араластырмай жеке-жеке «Көміртек және оның қосылыстары», «Кремний және оның қосылыстары» деп, мақсаттарын да осы ретпен жөндесе. Бұл оқушының қабылдауына, материалдарды баяндауға жеңілдік болар еді;
    • 8-сыныптағы «Химиялық байланыстың» орны периодтық жүйе жөніндегі тақырыптан кейін болғаны жөн деп ойлаймын;
    • 8-сыныптағы «Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері» және «Заттардың физикалық өлшемдері. Стехиометриялық заңдар» деген тақырыптарды қайтадан талдау қажет деп ойлаймын, себебі химиялық формулалар бойынша есептеуді 7-сыныпта өтті, орындады, ал 8-сыныпта химиялық теңдеулер бойынша есептеулерде әрі қарай дамытылады, сондықтан жеке мақсат қою артық, сондай-ақ «стехиометриялық заңдар» емес, «стехиометриялық есептеулер» десе дұрыс сияқты, себебі стехиометриялық заңдармен олар 7-сыныптан бастап таныса бастады.
    • Карбонилді қосылыстар көп қой, 9-сынып оқушысына тек «Альдегидтер» жөнінде қысқаша түсінік берілсе, жеткілікті деп ойлаймын. Онда тақырыпты «Карбонилді қосылыстар. Альдегидтер» деп атау керек.
    Осы айтылғандардан басқа химиялық түсініктер мен терминдердің айтылуы мен жазылуына байланысты байқағаным:
    • Барлық жерде Оттегі – оттек, Сутегі – сутек, Көміртегі – көміртек болып жазылуы сақталсыншы, себебі Жобада әр жерде әртүрлі жазылған;
    • 8.1.3.3 атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын деген сөз тіркестерін атомдар электрондарды қосып алатынын немесе беріп жіберетінін деп жазу дұрыс па деп ойлаймын;
    • 8.3.4.4 қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін қолданылуын түсіндіру; 8.3.4.5. қышқылдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру деген екі мақсатты біріктіріп: 8.3.4.4 қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін қолданылуын түсіндіру және қышқылдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру; ал 8.3.4.5. мақсатты қышқылдардың металдармен әрекеттесу ерекшеліктерін біліп, металдардың белсенділік қатарының мәнін түсіну деп толықтырса, себебі белсенділік қатарын білмесе, реакция теңдеулерін құрастыра алмайды. Жобада белсенділік қатары жөнінде тұздар тақырыбында берілген екен.
    Тұтасынан алғанда химия — іргелі ғылым, сондықтан негізгі мектепте берілетін білім мазмұны сақталған. Жобаның алдыңғы бағдарламалардан айта қоярлықтай айырмашылықтары болмауы заңды. Оқулық авторы ретінде Жобаның «2-параграф. Оқу пәнінің мазмұны» бөлімінде әр тақырып аясында берілетін түсініктер мейлінше толық жазылса екен деймін. Ол өте маңызды.
    Талқылауға ұсынылған Химия пәнінің 7-9 сыныпқа арналған ҮОБ түзету-толықтыруларымен оқу процесінде қолдануға ұсынамын.
    Құрметпен: Жұмаділова Роза Нұрмұхамбетқызы, п.ғ.к., «Шебер-педагог», «Химия» оқулықтары мен ОӘК авторы, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Аға мұғалім», Ы.Алтынсарин және «Еңбек ардагері» медальдері иегері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх